ҚЫЗДАРДЫ ОҢ БОСАСАҒАҒА ОТЫРҒЫЗУ
Е
желгі салт бойынша, қыз бала он екіге толғанда үйдің оң бо са-
ға сы нан орын беріп, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығы мен жа-
тын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тəрбиелеген. Бұл
«қызды оң босағаға отырғызу» деп аталған. Ал, оны бүр кеп, кө ле гей-
леп тұрған үлкен перде – «шымылдық», шымылдық ішін де гі қыз дың
орны «көсеге» делінген.
Қыз бойжетіп ұзатылғанда, көсегесін жасаумен бірге алып ке те ді.
Халықтық бата-тілектерде айтылатын «көсегең көгерсін» деген сөз
содан шыққан.
Қазақ халқының қыздарды жастайынан оң босағаға отыр ғы зуы-
ның үлкен ғылыми негізі бар. Ол қыздардың дербес өмір сүру қа бі-
ле тін жоғарылатады. Болашақ отауды қалай ұстап, қалай бас қа ру ды,
шаруашылық істерін реттеп, жөнге салуды үйретеді. Ең бек шіл дік ке,
іс кер лік ке тəрбиелеп, ана, отау иесі болуға бейімдейді. Сон дай-ақ,
бо ла шақ отбасы мен ұрпағы алдындағы жауапкерлік сезімін артты-
рады.
ҚЫЗДАРҒА АЙТЫС, КӨРІС, ЖОҚТАУ ҮЙРЕТУ
Қ
ыздарды оң босағаға отырғызған соң, оларға отбасын қа лай
басқарып, жөнге салу жөнінде тəрбие жүргізумен қоса, қазақ салт-
дəстүрлері мен айтыс, көріс, жоқтау өнері баса үйретіледі. Мұн да
білікті аналар ертелі-кеш оң босағада отырған қызына айтыс, кө ріс,
жоқ тау лар дың сан алуан халықтық үлгілерін айтып үйретеді. Ал, оны
өзі үйрету мүмкіндігі болмаса, айтыс, жоқтау, көріс өнеріне жүй рік
адамдарды шақырып, соларға үйреткізеді. Онан соң, қыздарын тор қа-
лы той, топырақты өлімдерге ертіп барып, айтыс, көріс, жоқтау өне рі-
377
377
не машықтандырады.
Бұл өнер қыздарды психикалық жақтан қайғы келсе жасымайтын,
бақыт қонса тасымайтын, орнықты, байсалды болып, өмірге ой кө зі-
мен қарайтын, поэзия мен тіл өнеріне майталман, өнер сүйгіш, жаны
жай саң, мінезі биязы болып шығуға тəрбиелейді.
ҚЫЗДАРДЫ ОТАУЛАУ
Қ
алыптасқан салт бойынша, бойжеткен қыздар ұзатылуға тая-
ған да шарт-жағдайы бар адамдар қыздарына арнаулы жеке отау ті гіп,
бір жеңгесін қосып, бөлек шығарып қояды. Қазан-ошағын, ыдыс-ая-
ғын толықтап, жетерлік азық-түлігін əзірлеп береді. Міне, бұл «қыз ды
отаулау» деп аталады.
Бөлек отауға шыққан қыз күнде ерте тұрып, кеш жатып, өз алды-
на дербес қазан-ошақ ұстап, қонақ қабылдап, болашақ отаудың түр лі
жұмыстарының қыр-сырымен алдын ала танысып, анасынан үй рен ген
жəне көрген-білген үлгі-өнегесін пысықтап, отбасына қа жет ті кем-ке-
ті гін толықтайды.
Қызды отаулау ата-ана тəрбиесін тəжірибеден өткізіп, қыздардың
дербес өмір сүру қабілеті мен болашақ отаудың қандай шаруасы бол-
сын қымсынбай, қиналмай істеп кетуіне мүмкіндік жасайды. Қыз дар-
дың еңбекшілдік, іскерлік қабілетін жоғарылатады. Болашақта үл гі лі,
өнегелі, іскер де ісшең ана болуына тамаша негіз қалайды.
ҚЫЗ СЫНЫ
Ақылды, білімді қыз
« А
қылды, білімді қыз» деп жақсы-жаман істердің бар лы ғын
ақыл-біліммен жөнге салып, айбарлы жау, күрделі дауларды, дү лей
күштерді ақылмен ауыздықтап, біліммен бұғаулап, ақыл-парасаты
мен білімін жалпақ жұртқа танытып, өз қадір-қасиеті мен ар-на мы-
сын еш кім ге таптатпайтын, ана тілін ардақтап, салт-дəстүрін қас тер-
лей тін, береке-бірліктің ұйтқысы, ауыл-аймақтың көркі, ел-жұрт тың
378
378
мақ та ны шы болатын қыздарды айтады. Мұндай қыз дар дан бо ла шақ-
та тəр бие лі аналар, тəлімгер даналар, жезтаңдай шешендер мен бақ
қон са тасымайтын, тайса саспайтын, жалпақ ел-жұртты би лей тін кө-
сем дер шығады. Тарихта қазақтың ақылды, білімді қыз да ры іші нен
Тұ мар патшайым сияқты көсемдер, Домалақ ана, Қы зай ана, Аяқ, Мұ-
рын, Темір сияқты елге əйгілі көптеген əулие, данышпан аналар шық-
қан. Ондай қыздарға ауылдағы барша қыз еліктеп, «шіркін, пə лен қыз
сияқты біз де ақылды, білімді қыз атансақ» деп, олардан үлгі-өне ге
алуға талпынады. Ата-аналары да ақылды, білімді етіп тəр бие леу ге
күш салады.
Əдепті, арлы қыз
« Ә
деп пен ар-ұят – қыз көркі», «арлы қыз əдемі көрінеді», «ұят-
сыз қыздан ит те қорқады» деп, ар-ұят пен əдеп-ибаны бəрінен жо ға-
ры бағалайтын қазақ халқы, «əдепті, арлы қыз» деп – қандай жерде
болсын адамгершіліктен аттамайтын, ар-ұят, əдеп-ибаны көз қа ра шы-
ғын дай қастерлеп, арына дақ, атына кір келтірмейтін, қасиетті ана тілі
мен салт-дəстүрін асылға балап ардақтап, адамгершілікке жат жаман
қылықтардан бойын аулақ ұстап, суық жүріс пен сумақы қы лық қа
бас пайтын, сыпсың сөзге ермейтін, жамандыққа ырық бер мей тін, ата-
анасы мен ел-жұрт, бауыр-туыстарын құрметтеп, іні-сің лі ле рін ая-
лайтын, бұзақылықтан, нəпсіқұмарлықтан, обырлықтан, қыз ған шақ-
тық тан, көрсеқызарлықтан, өзімшілдіктен, күншілдіктен, өсек-аяң нан
аулақ, пəк, опалы, уəде-сертке берік, аузынан гүл, жүзінен нұр тө гі ліп
тұратын адал қыздарды айтады.
Əдепті, арлы қыздар адамгершілік пен ар-ұятты бəрінен жо ға ры
қояды. Жеке өз басынан бастап, ата-анасының, ел-жұртының, тіп ті,
туған халқы мен Отанының бет-беделі мен атақ-абыройына кір кел-
тір мей ді. Ұятқа қалдырмайды, жерге қаратпайды. Қашанда «шір кін,
пəленнің қызы-ай» дегізіп, ел-жұртының құрметі мен үлгі-өне ге сі-
не айналады. Əке-шешесінің қызығы, ел-жұртының мақтанышы бо-
лады. Мұндай қыздардан болашақта өнер-білімді, үлгі-та ғы лым ды,
халқы қадірлеп, ел-жұрты сыйлайтын абзал аналар шығады. Сондай-
379
379
ақ, ағайын, бауыр-туыс, құда-жегжат, ел-жұрт арасына та ту лық пен
береке-бірліктің дəнекері болады. Қазақ жігіттері көбінде осындай
əдеп ті, арлы, ақылды, білімді қыздарға үйленуге құлшынады.
Іскер қыз
Қ
андайда қиын істің қисынын табатын тəтті сөз, тəрбиелі қы-
лы ғы мен ағайын-туыстың береке-бірлігіне, татулығына дəнекер бо-
латын, ауыл-аймақ арасындағы түрлі өкпе-ренішті жуып-шайып, ел-
жұр тын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға жетелейтін, алыс-
беріс, барыс-келіс істерін шеберлікпен жөнге салып, ағайын-туыс ара-
сында «сенікі, менікі» дейтін пенделік ұсақ есеп-қисапқа жі бер мей тін,
қолынан да, тілінен де іс келетін тəрбиелі қыздарды «іскер қыз» деп
атайды.
Тарихта мұндай қыздардан батыл да батыр, ержүрек аналар көп
шыққан. Ел басына күн туғанда баданасын киіп, бар қай ра тын жиып
алып, елі мен жерін қорғаған.
Ісмер қыз
Б
армағынан бал тамып, саусағынан гүл төгілген, кілем то қып,
сырмақ сырып, киіз басып, кесте тігіп, шілтер тоқып, үй ішін гүл
жайнататын, тон пішіп, киім тігіп, қой-сиыр, түйе-бие сауып, ірім шік
қай на тып, іркіт пісіп, құрт жасап, май алып, отбасына молшылық ор-
нататын, ыдыс-аяқ, көрпе-жастығын таза ұстап, шай қайнатып, та мақ
жасап, қонақ күте білетін қыздарды «ісмер қыз» деп атап, қыз із де ген
бозбалалар ең болмағанда осындай іскер, ісмер қыз дар мен бас құ рап,
бо ла шақ отауының түтіні түзу ұшып, шаруашылығын шал қы ту ға күш
салады.
Ақылсыз, білімсіз қыз
« А
қылсыз, білімсіз қыз» деп адамгершілік пен əдеп-иба де-
ген нің не екенін ұқпайтын, үлкенді үлкен, кішіні кіші демейтін, ау-
380
380
зын шеше, аяғын етік қыспаған тектеусіз, көргенсіз, ойына кел ген ді
іс теп, аузына келгенді сөйлейтін бейбас, өзімшіл, обыр, қыз ған шақ,
то йым сыз, мақтаншақ қыздарды айтады. Ондай қыздардан бо ла шақ-
та аузына сөз, ішіне сыр сақтамайтын бейпіл ауыз, бейберекет жү ріс-
ті өсек ші, өтірікші, ұрысқақ, тырысқақ, дүниеқор əйелдер көп шы ға-
ды. Ондай əйелдер екі үйді бір жерге қондырмайды, ағайын-туыс тың
ішін ала тайдай бүлдіріп, бүкіл ауылды алты бақан-алауыз етеді деп,
жі гіт тер ондай ақылсыз, білімсіз жаман қыздардан ат бойларын ау-
лақ салады.
Жалқау, олақ қыз
« Ж
алқау, олақ қыз» деп еңбек етуге ерінетін, түске де йін
ұйық тап керілетін, шаруаға қолы бармайтын, салған оты жан бай тын,
шайы шапшаң қайнамайтын, тамағы піспейтін, піссе де тез түс пей тін,
өнер-білімге талпынбайтын, үйренуге ұмтылмайтын, ша руа ға қыры,
іске ебі жоқ, қолынан түк келмейтін жаман қыздарды айтады. Ондай
қыз дар дан болашақта отбасы жиылмайтын, ыдыс-аяғы жуыл май тын,
киген киім, ішкен тамағында тазалық, үйінде береке жоқ са лақ, лас
əйел дер шығады деп қарап, ондай жалқау, олақ, салақ қыз дар дан ауыл
жі гіт те рі ат бойларын аулаққа салады.
ҚЫЗДАРДЫ АНАСЫНА ҚАРАП СЫНАУ
« А
насына қарап қызын ал, аяғын көріп асын іш» дейтін ха лық
даналығын берік ұстанған қазақ жігіттері, қыздардың сыртқы кес кін-
келбетіне, ақыл-біліміне қарап сынаудан сырт, туған аналарына қа рап
та сынайды. Онда өзі сөйлеспекші болған қыз анасының адам гер ші лі-
гі не, ақыл-біліміне, қимыл-қылығына, қонақ қабылдап, үй ұс та уы на
қа рап, ақылды, білімді, көргенді, тəрбиелі болса, онда «ата көр ген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» деп қарап, болашақта үл кен-кі ші ге
ме йір лі, жан жарына адал дос, отбасына тірек болады деп көр се те ді
де, ресми сөз салу қамына кірісіп кетеді.
381
381
ҚЫЗДЫ АУЫЛЫНА ҚАРАП СЫНАУ
« Т
екті ауылдың қыздары текті болады», «тəрбиелі ауыл дың
қыздарынан тəлімгер ана шығады» деп, ақылды, білімді жі гіт тер,
сырт қы келбеті мен жүріс-тұрысын ұнатқан, бірақ тəрбиелілігі мен
адам гер ші лі гі беймəлім қыздардың ауылына барып сынайды. Онда
олар сол ауылға белгілі бір сылтаумен барып, олардың аман-сə ле мі,
кі сі лі гі, қонақ қабылдауы, сый-құрметі, ішіп-жеуі, тіпті, жеке бас тың
та за лы ғы мен үй тазалығына дейін мұқият қарап, қандай ауыл, қан дай
адамдар екендігіне баға береді.
Тəрбиесіз, көргенсіз ауыл болса, онда ат бойларын аулақ салады.
Ал, тəрбиелі, адамгершілігі жоғары болса, онда текті ауылдың қызда-
ры да тəрбиелі, адамгершілікті болады; елін, ерін, ата-анасын жерге
қаратпайды; отбасына құт-береке əке ліп, үй іші нің мерейін тасытып,
абыройын асырады деп қарап, екі лен бей сөз са лу ға бекінеді.
ҚЫЗДЫ КӨШКЕН ЖҰРТЫНА
ҚАРАП СЫНАУ
« Ж
ақсылардың жүрген жері де, тұрған жері де өнеге» деп біл-
ген аңғарлы да ақылды қазақ жігіттері ең соңында қыздардың жү-
ріп-тұрған, көшіп-қонған жерлеріне қарап сынайды, яғни, қыз дар дың
көш кен жұртына барып қарап, олардың болашақта қандай адам бо ла-
тын ды ғы на баға беріп, сын, мін тағып отырған. Мысалы, қыз із де ген
жігіт өз көңіліне сыртқы кескін-келбеті ұнаған, бі рақ, адам гер ші лі гі
мен тəрбиелілігі беймəлім əлгі қыз ауылының көш кен жұр ты на ба-
рып, болжайлап қарайды. Егер көшкен жұрты жау шапқандай ша-
шы лып, бықсып жатса, онда ол үйдің əйелдері мен қыздары жалқау,
са лақ, тазалыққа мəн бермейтін, тəрбиесі нашар екендігін; ал, кө сеу-
ле рі нің екі жағымен бірдей от көсеген болса, онда ол үйдің əйел де рі
мен қыздары парықсыз, тəртіп-тəрбие көрмегендігін аңғарады да, ат
басын кері бұрады. Ал, көшкен жұрттары мұнтаздай тап-таза болып
сы пы ры лып, жер ошағы мен көң-қоқыры көмулі жатса, онда ол ауыл-
382
382
дың аналары мен қыздары текті, тəрбиелі, еңбекшіл, іскер екендігін
бі ле ді де, сол ауылдың қыздарымен үйленетіндігін білдіріп, дереу
жау шы жі бе ру бекіміне келеді.
«Көріспесең – таныспайсың, сынаспасаң – түсінбейсің» деп біл-
ген қазақ қыз-жігіттерінің бір-бірін сынау, өзара түсінісу барысы өте
мұқият, жан-жақты жүргізіледі. Онда бас құрау ниетіне келген қыз
бен жігіт бір-біріне сақина, жүзік, қолжаулық сияқты заттар ұсы-
ны сып, хат алып, хат берісіп, оңаша тілдесіп, сырласып, бір-бі рі нің
өмір ге, дүниеге, қоғамға, адамдарға деген көзқарастарын бай қа са ды.
Жұм бақ шешісіп, сұрау тастасып, адамгершілік пен ақиқатқа саятын
сал мақ ты мəселелер жөнінде емеурін тартып сынасу арқылы қар сы
жақ та ры ның адамгершілігі мен зейін-зердесін, ақ-қара, обал-сауапты
па рық тау қабілетін шамалайды. Ата-ана, аға-бауыр, үлкен-кіші, дос-
жаранмен болған қарым-қатынасына, үлкен-кіші мен қонаққа жа са ған
мəмілесіне қарап, болашақ серіктерінің ақыл-парасаттарын таразы-
лайды. Істеген істеріне, сөйлеген сөздеріне, жүріс-тұ рыс та ры мен киі-
ніп, жасануына қарап, қандай адам екендіктеріне шынайы көз жет кі зе-
ді де, бір-бірімен үйлену-үйленбеу туралы шешім жасайды.
Жоғарыдағылардан тыс, қазақ салтында білімді, тəжірибелі ата-
аналар ұл-қыздарына болашақ жарды өздері сынап, көңілдеріне тол-
ған да рын айттырып алып беру, сондай-ақ, «теңін тапса – тегін бер»
деп, қызын қияға, ұлын ұяға қондыратын да дағды бар. Мысалы, бір
күн Бердіке би атқосшысын шақырып алып:
– Алдағы сəрсенбінің сəтіне өзің бас құда болып Есен бидің ауы-
лы на құдалыққа барасың, – депті. Бидің бұл кесіміне таңғалған ат қос-
шы сы:
– Биеке, ол баланың сізге қай жері ұнады? – деп сұрапты. Сонда
Бер ді ке би күліп:
– Болашақ келіннен əйел затында болуға тиісті төрт үлкен қа сиет-
ті байқадым. Бірінші байқағаным – бұл баланың шашы ұзын, бұ ры-
мы толық екен. Нағыз қарақат көз, қолаң шаштың өзі. Мұндай ару-
дың махаббаты таза болады. Ерін ерекше сыйлайды. Күйеуінің алды-
на түсіп, билік жарыстырмайды. Екінші байқағаным – бұл ба ла ның
бөксесі толық, кең мықынды екен. Мұндай адамның құрсағы жай-
383
383
лы келеді, бойына біткен бала қысылмай еркін өседі, толғағы же ңіл
болады. Үшінші байқағаным – жүрісі өте сəнді екен. Аяқ дыбысын
шығармай, өкшесін жерге тигізбей, аяғының ұшымен жұмсақ жү ре-
ді екен. Мұндай жанның ұяңдығы – ибалылығы, адамгершілік пен
əдеп ті лік жолды берік ұстанғандығы. Өзіңе аян, ит мінезді, көр ген сіз
əйел дер дің жүрісі тайдың тұяғындай жерді қажап, дүрсілдетіп жү ре ді.
Долы, бейшара қатындар жүрісі мен қимылынан байқалады емес пе.
Төртінші байқағаным – бұл бала бөгде адамның бетіне бе ді ре йіп тіке
қарамайды екен. Демек, бұл қыз иман жүзді, ұяты мол, арлы, əдеп ті,
білімі терең, ақыл-парасатты əрі сабырлы болғаны. Құ да йым бұ йыр са,
осы келінім мен ұлымнан бір жақсы ұрпақ қалар, – дейді.
Айтқандай-ақ, Бердіке би өзі ұнатқан Есеттің қызына құда тү се-
ді. Есет ұлан-асыр той жасап, қызын Бердіке ауылына аттандырады.
Аттанарда қыз: «Атағым шықпайтын жерге бара жатырмын» деп
сыңсып жылап, ел-жұртымен қоштасады. Мұны естіген Бер ді ке нің
атқосшысы қатты ашуланады, бірақ той шырқы бұзылмасын деп, тіс
жармайды. Сөйтіп, Бердіке би ұлына қызды өзі сынап алып береді.
Бір күні би қасына атқосшысын шақырып алып:
– Шыныңды айтшы, біздің келін əке босағасынан аттанарында не
деп жылады? – деп сұрайды. Сонда атқосшысы:
– Əй, биеке! Сіз қанша мақтасаңыз да бұл келін менің кө ңі лі ме тол-
мады. Əке босағасынан аттанарда ұялмай-қызармай: «Атым шық пай-
тын жерге кетіп барамын» дегенін қайтерсіз, – деп күйіп-піседі. Мұны
естіген Бердіке рақаттана күліп:
– Шүкір, тіл-көзім тасқа! Бұл келінім асқан ақылды, би келін бо-
лады екен. Бірақ атағы өзі айтқандай шықпайды. Себебі «Бердіке би,
Бердіке бидің ауылы» деген сөз мəңгі өзгермейді. Тіпті мен өлген соң
да келіннің аты аталмай, «Бердікенің би келіні» дей салады. Көр дің
бе, ол кезде де келінімнің алдында асқар таудай болып тағы да мен
тұрамын. Ақылды келін соны əке босағасында жүргенде-ақ білген. Ол
қанша дана болса да «Бердіке» деген бір ауыз сөзден аса алмайтынын
аңғарғандықтан солай деп жылаған. Айналайынның айтқаны қан дай
орынды, – деп атқосшысын сабасына түсіреді.
…Қызығы мен шыжығы мол көп замандар өтеді. Дана би өмір-
384
384
ден озады. Бірақ оның айтқандары айнымай келіп: сол келіннің азан
шақырып қойған «Маржан» аты да аталмай, «Бердікенің би ке лі ні»
атанып кетеді.
ҚЫЗДАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ ЖƏНЕ
ОЛАРДЫ АЯЛАУ САЛТЫ
Қ
азақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі, береке-
бірлік пен татулықтың ұйтқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, өз де рі
кимесе де, ішпесе де, ең алдымен қыздарын киіндіріп, қыздарына қам-
қор лық жасайды. Өздері қаншама қиыншылық тартса да, қыз да ры на
қиындық көрсетпейді. Киімнің торқасын кидіріп, аттың жорғасын
мін гі зіп, маңдайларынан қақпай еркелетіп өсіреді. Қыздарының өз да-
рыны мен қабілеттерін көрсетуіне, жар таңдап, талап, тілек қою ла ры-
на, тіп ті билік ұстап, ел билеулеріне де қарсы болмайды.
Қыздарын ерекше құрметтеп, аялап, əйелдерін ардақтаудай тама-
ша салт-дəстүрдің арқасында, қазақ халқында ақыл-парасатымен ел
билеп, ру-тайпа басқарған көсем, шешен, би, өнерпаз қыздар, аттары
аңызға айналған, тіпті аттары ру-тайпа аты болып қалыптасқан батыр,
əулие аналар, ел-жұрты аттарын ардақ тұтқан қасиетті, киелі əже лер
өте көп болған. Мысалы, Айша бибі, Баба əже, Белең ана, До ма лақ
ана, Қызай ана, Абақ, Мұрын аналар…
Ертедегі қазақ заңдары мен салт-дəстүрінде əйелдерді құр мет -
теу, əйелдерді аяқ асты еткендерді жазалау, жүкті аналарды қыл мыс-
тан босату туралы арнаулы тармақтар болған. Мысалы, Жеті жар ғы
заңында: «əйелді зорлау кісі өлтіргенмен бірдей ауыр қылмыс есеп-
те ле ді», «əйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы қажет, егер ке-
ші рім сұрамаса, арсыздығы үшін айып алынады», «ерін өлтірген əйел
өлім жазасына кесіледі. Алайда, ол жүкті болса, өлім жазасынан боса-
тылады» деген сияқты əйелдердің құқық-мүддесін қорғайтын тар мақ-
та ры болған.
ҚЫЗДАРДЫҢ ЖАР ТАҢДАУЫ
Қ
азақ салтында жігіттердің қалыңдық таңдағаны сияқты, қыз-
385
385
дар дың да жар таңдау, өзі сүйген жігітімен үйлену еркіндігі болған.
Мұн да: «қыз көрелік, қыз көрелік, қыз көретін жігітті біз көрелік» де-
гендей, қыз іздеген атпал азаматтар мен ер жігіттерге де қыздар жа-
ғы нан берілетін сын-сипат, баға аз болмаған. Мысалы, «ұлға – отыз
жерден тыйым, мың сан үйден сын» дейді. Міне, бұл дəстүрлі тəрбие
«жігіт сыны» деп аталған.
Ақылды да алғыр, сезгір де сергек қазақ қыздары жі гіт тер ге
ақыл-білімі, адамгершілігі, мақсат-мұраты, арман-тілегі, іс-қи мы лы,
кескін-келбеті сияқты толып жатқан шартпен қарап, əр түр лі сын та-
ғып, бағаларын беріп отырған. Мысалы, қыздардың жі гіт тер ге қоя-
тын кескін-келбет сыны: еңсегей бойлы, өткір көзді, қыр мұ рын ды,
қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан бі лек ті, қапсағай
денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тіл ді, те мір дей
саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, арыс тандай
айбатты, жолбарыстай қайратты, сұңқардай өр, көк бөрідей қай сар,
қырандай алғыр, қабыландай сұсты, сауысқандай сақ, іскер де іс шең
болу керек деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, мұндай қасиеті бар жі-
гіт тер ді: «жігіттің сұңқары», «жігіттің сұлтаны», «жігіттің қы ра ны»,
«жі гіт тің арыстаны», «жігіттің қабыланы», «жігіттің төресі», «жі гіт тің
жампозы» деп мақтайды.
ҰЗАТАТЫН ҚЫЗҒА ЖАСАУ-ЖАБДЫҚ ЖАСАТУ
Т
əрбиелі аналар қыздарын, ес біліп, оң мен солын тани бас та-
сы мен-ақ, əртүрлі еңбекке баулиды, қолдарына ине-жіп, біз-қайшы,
ой мақ беріп, жастайынан кесте тіктіріп, киім жапқыш, жастық қап,
аяқ қап, орамал-сүлгі кестелетіп, ою ойдырып, сырмақ сырғызып, кі-
лем то қы тып, түйін түйдіріп, киім піштіріп, болашақ отауға қажетті
жа сау-жаб дық тар ды күнілгері өздеріне əзірлеткен.
Ал қызы бойжетіп, ұзататын мезгілі белгіленген соң, қыз ата-ана-
сы бардам адам болса, ауылына атақты ұсталар мен зергерлерді ар-
на йы алдырып, қызының ер-тұрман, алқа-білезік, киім-кешек жəне
отау үйін жасатады. Ал, қолы қысқа адамдар болса, онда əл-ау қат-
та ры на қа рай қажетті үй жабдықтары мен қолдағы тəуір нəр се ле рін
386
386
қыз да ры ның жасауына алдын ала əзірлеп қояды да, қыз да рын ұзат-
қан да отаулап немесе жасау-жабдығын мүмкін ді гін ше то лық тап бе-
реді.
Ұзататын қызға арнаулы жасау-жабдық жасату – жаңа бас құ ра-
ған екі жастың, əсіресе, қыздарының барған жерінде қиындық кө ріп,
жылап-сықтап қалмауы үшін жасалған қамқорлық; сондай-ақ, қыз
ата-анасының болашақ жас отаудың шаңырағы биік, босағасы бе рік
болып, балаларының түтіні түзу ұшып, бай-бақытты тұрмыс өт кіз сін
деген ізгі ниеті.
Бұл ата-бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайтады. Ұрпақ ал-
дында ата-ананың беделін жоғарылатады. Ұрпақтарға жа уап кер ші лік
пен борыштылық сезімін ұялатады.
ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН ТҮСІРУ.
САРЫН АЙТУ
С
арын айту ұзатылатын қыздың тойында «аужар» (жар-жар)
басталуының дайындығы есептеледі. Онда:
– Айтайын бастап сарынды, үкі-ау,
Кейітпе жылап жаныңды, үкі-ау.
Əкең – ұл,
Шешең – қыз болған, үкі-ау,
Солардан қалған «сарын» бұл, үкі-ау,
Қосағыңмен қоса ағар, үкі-ау,
Бақытты болып босағаң, үкі-ау! –
деп жігіттер топтасып əндете бастайды. Одан соң, əуен ырғағы «жар-
жарға» (аужар) өзгерісімен, қыз отырған үйдің жабығы ашылып,
жиылған жұрт «сарын» тыңдауға ойысады. Сарын айтушылар:
– Айтайын мен өсиет,
Жылама, бикем, сөз тыңда.
Ал, бикем, енді жылама,
387
387
Көзіңнің жасын бұлама!
Əуелде тусаң ұл болып,
Өзіңді мұндай қыла ма?
Бүркендіріп қоя ма,
Қызығыңа тоя ма?
Ата-ана деп жыларсың,
Жыламай қайтіп шыдарсың?!
Тыңдайын десең өсиет,
Сөзіме құлақ саларсың,
Жөн көрсең қабыл аларсың.
Өкпелеме əкеңе,
Кінə қойма шешеңе.
Зорланып жылай бергенің,
Жарамайды бекерге.
Əлпештеп «балам» деген соң,
Естияр жасқа келген соң.
Неге өкпе қыласың,
Өз теңіңе берген соң.
Өсек айтып сумаңдап,
Жүрсең, сірə, оңбайсың!
Ұлық болсаң кішік бол,
Рақат дəурен сүрерсің.
Зылиқа мен Жүсіптей,
Кісіге сырыңды алдырма.
Пəленше солай дегізіп,
Халқыңның көңілін қалдырма.
Өзіңе бөліп дəм берер,
Еншіңе деп мал берер.
Ие болмай дүниеге,
Жаман болсаң ел күлер.
Ойлайсың, бикем, барсам деп,
Үй тұлғасы болсам деп.
Қабыл болсын, ойыңыз,
388
388
Құтты болсын тойыңыз!
Бүгінгідей шат күнде,
Көп жылауды қойыңыз! –
деп, ұзатылатын қызды жұбатып, оған алда кездесер істер мен түр лі
шаруалардың қыр-сырына қанық болуын, ұзатылу, үйленудің та би ғи
заңдылық əрі ата дəстүрі екендігін егжей-тегжейлі ұғындырады.
Сарын айту жат жұртқа аттанып бара жатқан қыз дың кө ңіл күйін
орнықтырады. Адам баласының туу, есею, онан соң, сүй ген жі гі ті мен
бас құрап, жат жұртқа келін болып түсудің өмір заң ды лы ғы, ата-ба-
ба жолы екендігін ұғындырып, жұбатып, бар ған же рін де жаман іс-
қимылдардан аулақ болып, іскерлігі, ақыл-парасаты ар қы лы отауын
жайнатып, шаруашылығын шалқытып, ата-енесі мен ел-жұрт ты өзіне
тəнті етіп, тəрбиелі, іскер келін болуға құл шын ды ра ды.
Достарыңызбен бөлісу: |