Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру



бет65/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

2. Баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
Бағдарламаны іске асыру және игеру бойынша ересектер мен балалар әрекеті білім беру үдерісін ұйымдасырудың екі басты үлгісінде жүзеге асырылады:
- ересектер мен балалардың бірлескен әрекеті;
- балалардың өз бетінше әрекеті.
Бірінші үлгі аясында білім беру міндеттерін шешу - ересектер мен балалардың бірлескен әрекеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрінде де, режимдік сәттер барысында жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекеті түрінде де іске асырылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалық әрекеттердің әртүрлі түрлерін ұйымдастыру немесе жұмыстың түрлері мен әдістерін қолданып, оларды кіріктіру арқылы балалар контингентіне, Бағдарламаны меңгеру деңгейі мен нақты білім беретін міндеттерді шешуге байланысты таңдауды педагог өзі жүзеге асырады.
Тәрбиеші балалар әрекетін ұйымдастыруда ойын арқылы бейімдеуді белсенді қолданады. Дамытушы білім беретін жағдаяттардың барлық түрлері ойын түрінде өткізіледі немесе ойындық тәсілдер мен әрекеттерден құрылады. Орта жастағы мектепке дейінгі тәрбиеленушінің көрнекі-бейнелі ойлауының ерекшелігіне қарап, оның көрнекі, ойын және практикалық әдістеріне мән беріледі, педагогтың сөзі көрнекіліктің түрлері және балалардың практикалық қызметімен бірге жүреді.
Балалардың өз бетінше ойын әрекеті тәрбиешінің бақылауында болады, ол балаларды бағыттайды, ал кейде ойындарға тікелей қатысады. Жалығып кетуге жол бермей түрлі қимылдағы ойындарды мақсатты кезектестіріп, тәрбиеленушілерді ойынның бір түрінен екінші түріне уақтылы ауыстырып отыру керек. Тәрбиешінің міндеті – вариативті ойын әрекетіне сәйкес пәндік-дамытушы орта: түрлі бейнелі ойыншықтар, алмастырушы-заттық, ойын шығармашылығына материалдар, ойын жабдықтарын тиімді орналастыру арқылы мүмкіндіктер құру.
Кішкентай бала үшін жақын қоршаған заттар қызығушылықтың қайнар көзі және әлемді танудың бірінші баспалдағы болып табылады, сондықтан баланың сезімдік тәжірибесі белсенді түрде жинақталатын толықтырылған заттық орта құру қажет. Ортаңғы топтағы ойыншықтар мен заттардың қасиеттері өте бай және алуан түрлі, қызығушылық пен белсенділікке ынталандырады.
Ойын, бейнелеу, музыкалық, театрлық-орындаушы әрекеттерде шығармашылық қабілеттерді дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Тәрбиешінің балаларға деген мұқият, мейірімді қарым-қатынасы, олардың танымдық белсенділігін қолдай білуі және өзіндігін дамыту, түрлі әрекеттерді ұйымдастыру балабақшаның ортаңғы тобындағы балаларды дұрыс тәрбиелеу мен толыққанды дамытудың негізін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет