Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет68/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Күтілетін нәтижелер:
- түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сапта жұбымен; қосалқы адыммен; бағытты өзгерте отырып жүреді;
- 1,5 минут ішінде жай қарқында үздіксіз жүгіруді орындайды; 5 метрден 3 рет жүгіреді;
- түрлі бағыттағы және түрлі бастапқы қалыптан ыршуды және секіруді орындайды; орнынан 70 см-ден кем емес ұзындыққа секіреді, 25-30 см тереңдікке секіреді;
- допты лақтыру және қағып алу; көлденең (2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен дәлдеп және тік (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға 2м қашықтықтан лақтырады;
- түрлі тәсілдермен еңбектеу: қолдың білезігіне, аяқтың тізесі мен саусақтарына, табан мен алақанға сүйеніп еңбектеу, қолымен тартылу арқылы ішімен еңбектейді;
- сапта, шеңберде, қатарда, шағын топтарда және барлық топтарда сапты қайтадан түзеді, сапта өз орнын табады;
- ойын кейіпкерлерінің биі және бейнелі қимылдарын орындау.

І-ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Жалпы дамыту жаттығулары
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және (бір мезгілде, кезекпен), қолдарын арқасына апару: қолдары төмен; қолдарын беліне қою, кеуде тұсына қою; қолдарын алға-артқа қайта-қайта қозғау; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Қолды алма-кезек алға - жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу, оларды екі жаққа созу, босату. Орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымын сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдына жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ өкшесін айналдыру.Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты). Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға созып көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет