Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және күтілетін нәтижелер



бет66/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және күтілетін нәтижелер
4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту олардың дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуына, денсаулығын нығайтуға, білім, білік және дағды негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Ортаңғы топта сабақ аптасына 12 рет 20-25 минуттан Үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес өткізіледі.
Аталған жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын меңгеру білім беру салаларын кіріктіру және заттық-дамытушы ортамен қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.


«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: баланың денсаулығын нығайту және қорғау жағдайларымен қамтамасыз ету; дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, қозғалыс біліктіліктерін және дағдыларын қолдануға ынталандыру.
Міндеттері:
- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеп шығуда, жеке гигиена дағдылары орындауға және денсаулық сақтау негіздерін үйрету;
- дене қасиеттерін дамыту: ептілік, үйлестіру қабілеттері, жалпы шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
- дене жаттығуларын орындауға, салауаты өмір салтына ұмтылуға қызығушылыққа тәрбиелеу.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Дене шынықтыру
Қимылдың негізгі түрлері
Екінші кіші топта үйретілген жаттығуларды қайталау, білік пен дағдыларды бекіту және жетілдіру.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру; Жүруде қол мен аяқ қимылын үйлестіру. Дұрыс сымбатты сақтау.
Аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтеріп жүру; ұсақ және алшақ адымдап жүру; жыланша ирелеңдеп; жан-жағына қарай жылжымалы қадам.
Жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен жүгіру; тізені жоғары көтеріп жүгіру; қадамдап және адымдап жүгіру; сапта бір-бірлеп; түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: жетекшінің ауысуымен; шапшаң және бәсең қарқынмен жүгіру. 1-1,5 минут ішінде жай қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен 40-60 метрге жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіру (жүрумен кезектестіре отырып, 2-3 рет 10 секіру); 2-3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру. Баланың қолын көтергендегі биіктікте тұрған нәрсеге орнынан секіру арқылы жанап өту. 4-5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың ара қашықтығы 40-50 см). 20-25 см биіктікке секіру; орнынан 50 см кем емес ұзындыққа секіру. Бір аяқпен секіру (шамамен 4-5 рет оң және сол аяқта).
Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2-3 реттен 10 секіру.
Дәлдеп лақтыру, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта); допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3-4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5-6,5 м кем емес). Заттар арасымен доптарды, құрсауды бір-біріне домалату. Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2-2,3 м қашықтықтан), 1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру
Еңбектеу және өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрт тағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Құрсаудан еңбектеп өту. Гимнастикалық тақтай бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Арақашықтығы 10 м дейінгі заттар арасымен тура бағытта жыланша ирелеңдеп, орындыққа көлденеңінен және көлбеу еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан оң, сол аралыққа ауысу.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық); сызықпен; арқанмен (диаметрі 3 см); тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Жүру кезінде: заттарды аттап өту, бұрылыстар, басқа қаптар кию тапсырмаларын орындау. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Қырлы тақтаймен жүру; көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру (ені 20 см, биіктігі 30-35 см). Еденнен 20-25 см көтерілген баспалдақ тақтайынан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доп арқылы (бір-бірінен қашық қойылған 5-6 доп арқылы кезекпен) аттап өту.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден тұрып сапты қайтадан құру; бағдар бойынша теңелу; оңға, солға бұрылыстар; ажырату.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында түрлі таныс дене жаттығуларын орындау. Аяқты өкшемен кезектесе қою және топылдату.
Музыканың қарапайым ырғақты әуеніне сәйкес шапалақтау. Бір бүйірге қарай жүру. Жұптармен айнала шеңбермен қозғалу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет