10.2.1.1 Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Көркем шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Психологиялық тест: «Суретте көзіңізге бірден түскен ағашты таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз». https://qamshy.kz/article/50059-siz-turaly-ozgeler-ne-oylaytynyn-bilinhiz-psikhologiyalyq-test#
Мақсаты:Оқушылардың тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылардың көңіл-күйін көтереді және сабаққа деген қызығушылығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
«Абай жолы» роман-эпопеясы болған оқиғаға негізделген бе?
Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік дегенді қалай түсінесің?