Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет6/63
Дата25.12.2023
өлшемі13,28 Mb.
#143224
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Сабақтың соңы

VІІ. Қорытынды
Балалар бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпты өттік?
Отбасы мүшелерін тағы бір атап шығайықшы.
К
ері байланыс ретінде тақтада көрсетілген жесттік белгіні көрсету арқылы бүгінгі сабақты қорытсақ.

Оқушылар сабақты қорытындылап бас бармақпен жест көрсетеді.







Үйге тапсырма

Артикуляциялық жаттығуларды қайталау









Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
___________________________________________
(сабақтың тақырыбы)



Кезеңі

Дыбыс қою кезеңі

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




Күні:




Сынып/топ

Қатысушылар саны: 1

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

«Ж» дыбысын қою еліктеу тәсілі арқылы. «Менің мектебім»

Сабақтың мақсаты

  • «Ж» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру;

  • Жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру;

  • Фонематикалық қабылдауын дамыту;

«Менің мектебім» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе кезеңі
5 мин

Сабақтың басы 10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Шаттық шеңбері. «Мектебім» әнін тыңдау.

  • Балалар сендерге өлең ұнады ма?

  • Өлең не туралы?

  • Сендер мектепке не үшін келесіңдер?

Олай болса, «Менің мектебім» атты саяхатымызды жалғастырып жаңа бір дыбыспен танысайық.
«Менің мектебім» тақырыбы бойынша балалардың ойын, сөйлеу тілін дамыту.
Балаларға мектептің суреті көрсетіледі.




  • Мектептегі қандай орындарды білесіңдер?

  • Дұрыс атап шықтыңдар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын шешімін тауып көріңдер.

І
І.
Артикуляциялық жаттығулар
ІІІ. Дыбыс қою еліктеу әдісі арқылы.
Жазу жазып жалықпаған.
Жаза жаза арықтаған. Ол не?
Дұрыс айтасыңдар, ал осы жұмбақ сөзі қандай дыбыстан басталады. Жарайсыңдар, Ж дыбысынан!
Т
ақтадағы профильге назар аударайық.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген.
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.

Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.


-Иә, өлең ұнады.
-Өлең мектеп туралы.
-Мектепке сабақ оқу үшін келеміз.
Оқушылар мектептегі орындарды атай бастайды: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана дәрігер бөлмесі, жаттығу бөлмесі.

Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.


Жаттығуды үлгі бойынша дұрыс орындайды.


Бор

Ж дыбысынан басталады.

Жаттағуларды логопедке қарап, дұрыс орындайды.





Мектеп суреті

Ж дыбысының профиль суреті







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет