Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



бет17/63
Дата25.12.2023
өлшемі13,28 Mb.
#143224
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Ж дыбысы 1-40 сабақ ҚМЖ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
___________________________________________
(сабақтың тақырыбы)



Кезеңі

Дыбыс машықтандыру кезеңі

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




Күні:




Сынып/топ

Қатысушылар саны: 1

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

«Ж» дыбысын ашық буында машықтандыру. Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты

  • «Ж» дыбысының артикуляциясын бекіту;

  • «Ж» дыбысын ашық буында дұрыс айтуға жаттықтыру;

  • Дыбыстық-буындық талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту;

«Қазақтың ұлттық тағамдары» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;

Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт



Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе кезеңі
5 мин

Сабақтың басы 10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Үнтаспадан ән қосылады: «Қазақы дастарқаным» Әнін жазған: М.Ілиясов. Сөзін жазған Ж.Боранбаев
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме,
Жағалай малдас құрған.


Қ-сы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым
Ал балалар қазақ халқының дастарханының кеңдігі жайлы жақсы ән тындадық. Енді бүгінгі сабағымызды осы тақырыпта жалғастырайық.
«Бұл қандай тағам?» ойыны
Мен сендерге бірнеше ұлттық тағам түрлерін таныстыра отырып,дайындалу жолы бойынша мәліметтер беремін, сендер тауып көріңдер. Қандай тағам жасырып тұрмын?!
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам.
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. 
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. 
І
І.
Артикуляциялық жаттығулар 1.Тіс тазалау. 2. Тәтті тосап 3. Кесе жаттығуларын айнаға қарап жасайық


ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Т
ақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар



Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
Оқушылар алақандарын үрлейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет