Сабақтың соңы
|
К ері байланыс:
|
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Ж дыбысын қайталау
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
___________________________________________
(сабақтың тақырыбы)
Кезеңі
|
Дайындық кезеңі
|
Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
Күні:
|
|
Сынып/топ
|
Қатысушылар саны: 1
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Ж» дыбысын қою аралас тәсіл арқылы. «Үй құстары мен жабайы құстар»
|
Сабақтың мақсаты
|
«Ж» дыбысының артикуляциясын бекіту;
«Ж» дыбысын жеке дұрыс айтуға дағдыландыру;
«Ж» дыбысын мен әрпін сәйкестендіру;
«Үй құстары мен жабайы құстар» лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту;
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Логопедтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу:
- Сәлеметсіңдерме,балалар! Зейінін сабаққа аудару, жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Көңілді көрші?” ойыны.
Мазмұны: Барлық балалар шеңбер бойынша тұрады. Әр балаға өзінің оң жақтағы көршісіне атынан басталатын әріптен жылы лебіз білдіреді. Мысалы Гүлдей-Гүлім.
ІІ. Артикуляциялық гимнастика
«Пя-Пя-Пя» жаттығуы
«Дәмді тосап жаттығуы»
«Кеме» жаттығуы
«Әткеншек» жаттығуы
ІІІ. Дыбыс қою аралас тәсіл арқылы
Алақанымызды иектің астына қояйық. Жоғарыда аталған ережелерді ескере отырып қайталайық «жжжж» деп.
№ 2 ысқырық дыбыстарды қоюға арналған логопедиялық зонд арқылы механикалық әдіспен «Ж» дыбысын қоямыз.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
Бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Оқушылар логопедке қарап артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Оқушылар алақанын иек астына қойып Ж дыбысын айтады
|
|
Ауыз қуысының суреті немесе муляж
Құстар суреті
Артикуляциялық жаттығулар суреті
Артикуляциялық профиль суреті
|
|
ІV. Фонематикалық естуін қалыптастыру
Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?»
Мақсаты: Баланы тез ойлануға және Ж дыбысы бар сөздерді ажырата білуге үйрету. Ж дыбысы бар сөзді естігенде қолды көтермейміз.
Ойналу шарты: Ж дыбысы бар сөзді тез анықтап, екі қолын жоғары көтермеуу керек.
Мысалы: Ұшты, ұшты – қарға ұшты!
Ұшты, ұшты – жастық ұшты!
Ұшты, ұшты – кебеже ұшты!
Ұшты, ұшты – сауысқан ұшты!
Ұшты, ұшты – жаңғақ ұшты!
Ертегі. «Әтеш пен Тоты»
Ерте, ерте, ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тоты құс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні Тоты әлгі кербез Әтешке келіп:
– Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі киіміңді бере тұршы, – деп қиыла жалыныпты.
Әтеш досыңнан сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп Тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады.
– Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін, – дейді. Сөйтіп, Тоты құс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.
– Балалар, ертегіден нені түсіндік?
– Тоты дегеніміз не?
– Тоты қандай құс? Әтеш қандай құс?
– Балалар, құстар жүзе ме? Әлде ұша ма? Ал ендеше, біз құстарды көз алдымызға елестетіп, сергіту жаттығуын орындайық.
Сергіту жаттығуы:
Қанатымды жазамын,
Жоғары-төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |