Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбер.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен қуат алайық,
Алақанға салайық.
- Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді төрт-түлік малдан алынатын өнім түрлері.
суретке назар аударайық ұлттық тағамдарды осылай үш топқа топтастырсақ болады.
І І. Артикуляциялық жаттығулар 1.Тіс тазалау. 2. Тәтті тосап 3. Кесе жаттығуларын айнаға қарап жасайық
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс. Ал енді сендерге бір тағам жайлы айтайын атауын тауып беріңдер:
Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Оған құмшекер, кілегейлі май, қуырылған тары салып араластырады. Ол не?
Дұрыс айтасыңдар, ал осы «Жент сөзі қандай дыбыстан басталады. Жарайсыңдар, Ж дыбысынан!
Т ақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
Оқушылар алақандарын үрлейді
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Жент
Ж дыбысынан басталады.
Ж дыбысын профиль бойынша қарап ,дұрыс айтады.
|
|
Ұлттық тағамдар суреті
Айна
Артикуляциялық жаттығулар суреті
Ж дыбысының профиль суреті
|