Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша



бет4/5
Дата25.11.2023
өлшемі50,7 Kb.
#127985
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-4 жылдық тәрбие

Жас өспірім тәрбиесі(11-15 жас)
Ұсынылады:
тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін,қызығушылығын назарға алып,цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;
жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттерімен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
еліміздегі тарихи орындарға,ескерткіштерге экскурсия жасау,елмен жер тарихы туралы деректермен танысу,театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;
ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайрат керлерінің өмір жолдарымен,олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру;
тарихи,деректі фильмдерді талдау;
білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету;
табиғатты қорғау,адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу;
жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту;
«Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б.шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Білім беру ұйымдарымен педагогтың міндеті:
балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық,тарихи және мәдени құндылықтарға,мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету,жоғары имандылық,патриоттық,қоршаған ортаға ұқыптықарау рухында тәрбиелеуге;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын,құзыреттерін,өздігінен жұмыс істеуін,шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.
Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
Тәрбие процесінің мазмұнымен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің,әлеуметтік-психологиялық қызметтерімен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен,ата-аналар қоғамдастығының,қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Тәрбиеші,сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:
Салауатты өмір салтына ынталандыру;
Сыныпта достық ортаны,өзара түсіністікті құру;
Білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге)арналған консультациялар);








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет