Дөңгелек үстел. Студенттер семинар сұрақтарына өздерінің алдын-ала даярлаған материалдары негізінде мәселелерді жан-жақты талдауға қатысады.
Өткізу формасы: үлкен топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтып, әр идеясына нақты дәлелдер келтіре алған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтып, кейбір мәселелер бойынша ғана дәлелдерін келтірген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтқан жағдайда.
Әдебиеттер: 2, 3, 4, 7, 8, 9
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР адам құқық қорғау жүйесі
Негізгі сұрақтар: 1. Өркениетті дәстүрлі жүйе бойынша адам құқығын қорғау мәселесінің құралу( алғашқы қауымдық құрылыс, феодалдық, капиталистік, социолисттік). 2. Қазақ қоғамындағы әйел бостандығынң тарихи тамыры. 3. БҰҰ әйел мен бала құқығын қорғау концепциясы. 4. Қазақ даласындағы адам құқығын қорғау Тәуке хан жарғысында.
Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.
«Кішігірім топтар» (онлайн зум конференциясы арқылы өткізіледі). Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың семинар сабағындағы рөлі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - студенттер алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Өткізу формасы:топтық жұмыс.