Қазақстан республикасы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет7/12
Дата09.05.2022
өлшемі141,54 Kb.
#33807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
prikaz ministra rk ob utverjdenii rk (1)

2-тарау. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      6. ТжКБ ұйымдары "Білім туралы" Заңда, осы Қағидаларда және ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруда дербес болады.

      7. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары өз қызметін қолданыстағы "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      8. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.

      9. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған бекітілген оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) Үлгілік оқу жоспарларының және Үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.

      ТжКБ үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленеді.

      11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).

      12. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

      Әскери мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген). Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

     


Әскери мамандықтар бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволар бағынысты әскери органдарына ауыстуру және қайта қабылдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.

      Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.

      Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.

      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минут үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.

      Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында әскери мамандықтар бойынша аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы кемінде 40 минут академиялық сағат белгіленеді.

      18. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

     


19. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. ТжКБ бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.

      21. Білім алушылар, педагог қызметкерлер, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары болып табылады.

      22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.

      24. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.

      25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      26. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны және тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      27. Бөлімшеге басшылық етуді ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Бөлімше меңгерушісі:

      1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;

      3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

    

  6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;

      7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

      28. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.

      29. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарында теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің, оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында практика жетекшісінің басшылығымен, тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында - практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы қамтиды.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау, оның ішінде өнімдер (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісінің өнімдерін өткізеді.

      30. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.

      31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне қарай жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Оқу-өндірістік шеберханалар:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

      2) білім алушылардың оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

      3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

      4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

      Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.

      Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерді қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.

     

32. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесі, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.

      33. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыретіне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

      Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.

      36. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

      37. ТжКБ ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер ТжКБ білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.

      38. Кітапхана қорының болуы толық оқу кезеңінде білім алушылар контингентіне қарай ТжКБ үлгілік оқу жоспарларына, білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.

      39. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      40. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

    

  ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

      41. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктіліктерін береді.



 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 4-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет