Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
|
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
2-қосымша
|
Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыреті (бұдан әрі – ОЕК) бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А1
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А2
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
В1
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
В2
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
С1
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы
|
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
ECTS (иситиэс) бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
С2
|
А
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
В
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
С
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
D
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
E
|
1,0
|
50-54
|
Қанағаттанарлық
|
F
|
FX, F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 6-қосымша
|
Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Мамандандырылған білім беру ұйымы мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беруді іске асырады.
3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.
4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мақсаты – серпінді дамып келе жатқан ортада өзін өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) тереңдетілген білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;
3) дарынды балаларды оқытудың дараландырылған сипатын және білім алушылардың мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету;
4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру;
5) ұлттық мақтаныш, азаматтық абырой, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік сезіміне ие азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.
6. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.
2-тарау. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін "Бiлiм туралы" Заңның 57-бабынасәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
9. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің және білім беру процесін ғылыми сүйемелдеудің болуы қажет. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасында бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
11. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
12. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарын және мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады.
13. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұраныстарына және кадр әлеуетінің мүмкіндіктеріне сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтерді айқындайды.
14. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әрбір деңгейдегі сынып-жиынтықтарының және сыныптардағы білім алушылардың саны тиісті жағдайлар болған кезде қалыптастырылады.
15. Қазақ (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техникасының, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем пәндер негіздерін оқу, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін және шетел тілінде оқытатын пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлуге рұқсат етіледі.
16. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді (тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топқа бөлуге рұқсат етіледі.
17. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын талап етеді.
18. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздейді.
19. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілерде патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты көзқарасты, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
20. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
21. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер мамандандырылған білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары болып табылады.
23. Тікелей басшылықты "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес және қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша тағайындалатын басшы жүзеге асырады.
24. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
26. Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандандырылған білім беру ұйымы шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.
27. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
28. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:
1) мемлекеттік - жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;
2) "Бiлiм туралы" Заңның 63-бабына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және басқа да қызмет түрлерінен алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
29. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен халықаралық қызметке қатысады.
30. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар жұмысына қатысу бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.
31. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 7-қосымша
|
Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңды, осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға олардың білім алуы, даму бұзылуының түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) "Бiлiм туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
2) түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту сабақтарын өткізуге бағытталған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары);
3) білім беру бағдарламаларын игеру үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау мақсатында, сондай-ақ арнайы білім беретін оқу бағдарламаларының түрін айқындау және білім беру ұйымдарына жіберу үшін арнайы оқу диагностикалық бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК) жатады.
4. Арнайы білім беру ұйымдары жалпы білім беретін ұйыммен міндеттерді шеше отырып, бір мезгілде жоғалған функцияларды қалпына келтіруге, бастапқы және қайталама бұзушылықтарды түзетуге, сақталған талдағыштар функцияларын дамытуға бағытталған ерекше міндеттерді орындайды.
5. Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылады.
7. Интеллектісі сақталған балалар оқитын арнайы орта білім беру ұйымдарының сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар педагогтар жүзеге асырады.
Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын сыныптарда білім беру қызметін арнайы педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
Түзету компонентінің барлық сабақтарын "Бiлiм туралы" Заңның 51-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтетін арнайы педагогикалық білімі бар педагогтар жүргізеді.
Интернат үлгісіндегі арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің педагогикалық білімі болады.
8. Арнайы білім беру ұйымдарының (топтардың) білім беру қызметі арнайы білім беру ұйымдарына арналған үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
9. Үлгілік арнайы оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде әрбір ұйымда "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) ПМПК ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы білім беру ұйымының жұмыс ерекшелігін, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді.
Оқу жұмыс, жеке жоспарлар мен бағдарламалар педагогикалық кеңесте қаралады және білім беруді басқару органының келісімі бойынша ұйымның басшысы бекітеді.
10. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарына, арнайы оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен және сабақ кестесімен регламенттеледі.
Білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арнайы ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту нысанында, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатымен экстернат нысанында игеріледі.
Үйде оқытуды, еркін қатысуды, білім алудың жеке нысандарын үйлестіруге рұқсат етіледі.
11. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болғанда каникул кезінде балаларға арналған түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңды өкілдер үшін консультациялар өткізеді.
12. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша факультативтік сабақтарды өткізу кезінде сынып екі топқа бөлінеді.
Қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекті ұйымдастыру кезінде 5 сыныптан бастап сынып оқушылардың еңбек дайындығының бейіндерін есепке ала отырып топтарға бөлінеді.
Бесінші сыныптан бастап кәсіптік-еңбекке баулу бойынша, ал ақыл-есі кеміс балалар үшін төртінші сыныптан бастап білім алушылар екі топқа бөлінеді.
Еңбек түрлері бойынша топтарды жасақтау дәрігердің ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жай-күйі мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
13. Сабақ кестесін әкімшілік әзірлейді және арнайы білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
14. Сабақ кестесінде оқу және жеке түзету сабақтарының күн сайынғы саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
Сабақтардың ұзақтығы белгіленген нормаларға сәйкес келеді және сағат 8-ден кейін басталады.
15. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімен негізделген сараланған және жеке көзқарас қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұмысқа қабілеттілігін, олардың даму динамикасын, оқушылардың нақты білімін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі түрде зерделеу оқушының даму перспективасын анықтау және түзету жұмысының құралдарын таңдау үшін жүргізіледі.
16. Оқу аптасының ұзақтығын тиісті білім беруді басқару органымен келісім бойынша педагогикалық кеңес белгілейді және жарғыда бекітіледі.
17. Дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мақсатында арнайы ұйымда білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін топтық және жеке түзету сабақтары (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог және сурдопедагог) өткізіледі.
18. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі МЖМБС шеңберінде оқуда қиындықтары бар оқушылар үшін де, анағұрлым қабілетті балалар үшін де оқытудың жеке бағдарламалары мен оқу жоспарларын бекітеді.
19. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, МЖМБС сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды ескере отырып және тәрбиеленушілердің психофизикалық дамуының, денсаулығының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, жеке еңбек қызметі үшін білім алушыны (тәрбиеленушіні) даярлауды қамтитын еңбек бейінін таңдау негізінде жүзеге асырылады.
20. Балаларды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу заңды өкілдердің келісімімен және ПМПК-ның қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Білім алушы (тәрбиеленушілер) арнайы мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымының арнайы сыныбына (тобына) ПМПК қорытындысы негізінде заңды өкілдерінің келісімімен арнайы білім беру ұйымында оқу мен тәрбиелеудің бірінші жылынан кейін ғана ауыстырылады.
Ақау құрылымы күрделі білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) арналған сыныптар (топтар) оқу-тәрбие процесі жағдайларында психологиялық-медициналық-педагогикалық бақылау барысында осындай тәрбиеленушілердің анықталуына қарай арнайы білім беру ұйымында жасақталады.
21. Білім алушыларды (тәрбиеленушіні) арнайы білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ПМПК қорытындысы негізінде баланың заңды өкілдерінің келісімімен білім басқармасының органдары жүзеге асырады.
22. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын игеру кезінде ерекше табыстарға қол жеткізген түлектерге үздік білім туралы құжаттар беріледі.
Интеллектуалды бұзушылықтары бар түлектерге "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың түрлері мен нысандарына және оларды беру қағидаларына сәйкес тиісті білім деңгейі туралы құжат беріледі.
23. Арнайы білім беру ұйымы персоналын жасақтау тәртібі оның жарғысымен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының тізбесін, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.
24. Арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған нормативтік оқу жүктемесі:
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлері аптасына 18 сағатты, тәрбиешілер үшін 25 сағатты құрайды;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар аптасына 24 сағатты құрайды;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары – 18 сағат;
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар, ПМПК аптасына 24 сағатты; ПМПК басшылары мен медициналық статистері үшін 30 сағатты құрайды.
Педагогтар үшін ағымдағы жылы белгіленген оқу жүктемесінің көлемі осы жылдың соңына дейін әкімшіліктің бастамасы бойынша өзгермейді.
25. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етуді штаттық медициналық қызметкерлер жүзеге асырады, олар арнайы ұйымның әкімшілігімен бірлесіп, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын сақтауға және олардың психофизикалық жай-күйін нығайтуға, диспансерлеуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жауап береді және санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимнің сақталуын, дене тәрбиесі мен шынықтыру, тамақтану, оның ішінде диеталық тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылайды.
26. Медициналық қызметкерлер педагогтарға білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке және сараланған қатынасты ұйымдастыруда көмек көрсетеді, медициналық-педагогикалық түзету, еңбекке баулу бейінін іріктеу, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, заңды өкілдерге аурулардың алдын алу мақсатында үй жағдайында қорғау режимін сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді.
27. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік емдеу, климаттық емдеу және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия жүргізіледі.
28. Білім беру ұйымының басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
29. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.
31. Арнаулы білім беру ұйымдары "Бiлiм туралы" Заңның 43-бабында белгіленген нормалар шегінде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
32. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға қарай қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.
34. Арнайы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 8-қосымша
|
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балаларға және ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.
2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етіледі.
4. Білім беру ұйымы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Баланың құқықтары туралы" Заң), осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына, басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.
5. Білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Білім беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.
Білім беру ұйымы оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақтануды және табиғи және жас өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне талаптарға қарай:
1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;
2) мектеп жасындағы балалар үшiн;
3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн құрылады.
7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы тәрбие топтары құрылады.
8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi штаттық медициналық персонал жүзеге асырады, ол ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeдi.
9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына, "Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген жүзеге асырылады).
2-тарау. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібі
10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойы туғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне – балалар үйлерiнің, балалар қалашықтарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi 23 жасқа дейiнгі):
1) жетiм балалар;
2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
11. Медициналық көрсетімдер бойынша немесе басқа себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту "Баланың құқықтары туралы" Заңға сәйкес бөлек жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.
12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:
1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
2) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;
4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);
5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);
7) жақын туыстарының болуы және тұрғылықты жерi туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;
10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алған жағдайда).
13. Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымында тәрбие жұмысы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.
Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.
14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылады.
Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелерге, секцияларға баруын қамтамасыз етедi.
15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.
16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметінің үлгiлік қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес және "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге:
1) өмірі мен денсаулығының сақталуына;
2) қадір-қасиетінің қорғалуына;
3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;
4) оның шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына;
5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына;
6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі.
19. Бiр бiлiм беру ұйымынан басқасына ауысқан немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:
1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);
2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;
3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;
4) бiлiмi туралы құжат;
5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
6) егер жеке iсiнде болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі, алименттер өндiруге арналған атқару парағы және басқа да құжаттар берiледi.
20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ол болмаған жағдайда – ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi.
21. Педагогикалық, әдістемелік және қамқоршылық кеңестер білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары болып табылады.
22. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
24. Білім беру ұйымдарының персоналын жасақтау "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.
25. Білім беру ұйымы жергілікті жағдайларға қарай оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханаларды құрады.
26. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
27. Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
28. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Бiлiм туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 9-қосымша
|
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзiрленген, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында "Білім туралы" Заңның 37-бабына сәйкес білім алушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.
4. Мемлекет балалар үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің қолжетімділігін, олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
3) адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
5) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
6. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары орта білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2-тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін педагогтар, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі – педагог қызметкерлер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
10. Балаларға арналған қосымша білім беру мемлекеттік ұйымының басшы кадрларының және педагог қызметкерлерінің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандарының біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
11. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары болып табылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау "Білім туралы" Заңның 51-бабының 3) тармагының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік білім беруді басқару органдары өз құзыреттеріне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Жаңадан құрылған қосымша білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.
14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы ақылы негізде білім беру және өзге де қызметтерді ұсынады, "Білім туралы" Заңның 62-бабының шеңберінде осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді.
15. Қосымша білімнің білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде оқу-тәрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр) (бұдан әрі – бірлестіктер) жүзеге асырылады.
16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы және түрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді.
17. Әр бала бірнеше үйірмелерге барады, оларды қалауы бойынша ауыстырады.
18. Қызығушылықтар бойынша бірлестік қызметінің мазмұнын оқу жоспарлары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогы айқындайды.
19. Сабақтар бір тақырыптық бағыттағы қосымша білімнің білім беру бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі, барлық оқу жылына да, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады.
20. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шарт бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік беріледі.
21. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
22. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік жұмыс, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
23. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.
24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес әрекет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.
25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты күнтізбелік жыл бойы ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай клубтар, лагерьлер және туристік базалар ашылады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты жері бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрылады, шеберлік сабақтары өткізіледі.
26. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп, сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беру пәндері мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен біріктірілген сабақтар өткізеді.
27. Қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
28. Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде бірлестіктердің жұмысына балалардың заңды өкілдері қатысады.
29. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде балалардың заңды өкілдерін оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
30. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
31. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасында айқындалған.
32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендруді қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 10-қосымша
|
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
2-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына қарамастан, ересектерге арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырады.
3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптардың тұрақты артуын ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;
3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.
2-тарау. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібi
5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 42-бабына сәйкес осы Үлгілік қағидаларда және ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу және орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес болады.
6. Білім беру ұйымының оқу және тәрбие процесінде негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
7. Білім беру ұйымдарының оқу процесі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту кезінде олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады.
8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді.
9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда, ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады.
10. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау кәсіпорындармен (бірлестіктермен), білім беру ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді.
13. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
14. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілердің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды.
Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Білім алушыға оқу кезінде оның осы ұйымда оқуда болу мерзімін куәландыратын анықтама беріледі.
15. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тәртібі халықаралық келісімдермен және "Білім туралы" Заңның 65- бабына сәйкес айқындалады.
16. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылады.
Ақылы негіздегі оқу құнын "Білім туралы" Заңның 63-бабының 4) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымы айқындайды.
Медициналық және фармацевтік қызметкерлердің қосымша білім алуы бюджет қаражаты есебінен аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарда институционалдық аккредиттеуден өткен оқыту ұйымдарында жүзеге асырылады.
17. Білім беру ұйымдарының білім алушылары:
1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады;
2) қосымша білім беру бағдарламаларын игеру үшін қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелердің қызметтерін пайдаланады;
3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін және басқа да материалдарды жариялайды.
18. Біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
19. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды.
20. Білім беру ұйымының қызмет етуі және дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды.
21. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшысы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
22. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 45-бабының3) тармақшасына сәйкес жауапкершілікте болады.
23. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |