Қазақстан республикасы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет9/12
Дата09.05.2022
өлшемі141,54 Kb.
#33807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
prikaz ministra rk ob utverjdenii rk (1)

2 -тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      6. ОБК білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.

     

7. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Қағидаларда және ОБК ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.



      8. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.

      9. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

      Оқу-тәрбие процесінің графигі мен оқу сабақтарының кестесін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алудың қағаз журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарларының және Үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары әзірлейді және жұмыс берушілермен келісіледі.

      Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.

      11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.

      12. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.

      13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

     


16. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.

      Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.

      ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.

      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.

      17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.

      19. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагог қызметкерлер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесіне қатысушылар болып табылады.

      20. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      21. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.

      22. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.

      23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    


  24. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан тыс жерлерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімшелер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      25. Бөлімшеге басшылық етуді ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Бөлімше меңгерушісі:

      1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;

      3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

      6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;

      7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

      26. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      27. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практикалар базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен келісілген оқу жұмыс бағдарламаларын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін бекітеді.

      28. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Оқу-өндірістік шеберханалар:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

      2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

      3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;

      4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

      Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.

     

Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу; әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.



      29. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша, тікелей орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.

      30. Кәсіптік практика мен өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады.

      31. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      32. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      34. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

      35. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.

      36. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

      ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

      ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.

     


37. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңінде білім алушылар контингентіне қарай ОБК үлгілік оқу жоспарларына, білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.

      38. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.

      ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет