Қазақстан республикасы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет8/12
Дата09.05.2022
өлшемі141,54 Kb.
#33807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
prikaz ministra rk ob utverjdenii rk (1)

Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және меншiк нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБК ұйым) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. ОБК білім беру бағдарламалары орта білімі (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) бар азаматтар арасынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.

      3. ОБК мiндеттері:

      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;

      3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;

      4) білім алушылардың дұрыс, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

      4. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

      5. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет