Қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата26.01.2017
өлшемі1,8 Mb.
#2771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АЛТЫН ШЕТТЕУІК 
 
Бір  үлкен  мейрамның  алдында  әкесі  балаларын  қуанту  үшін 
үйіне  әр  түрлі  жеміс  алып  келеді.  Леночка  деген  кіші  қызы  сол 
келтірілген  кӛп  жемістің  ішінде  сырты  алтындаған  шеттеуіктерге 
қызығып, соны маған бер деп қоймайды. Шешесі айтты: 
-
 
Бұл  шеттеуліктер  тек  әдемілікке  істелген,  мыналарды  ал,-деп 
бӛтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады: 
-
 
Мен  қара  шеттеуліктерді  алмаймын,  алтын  тыстысын  аламын, 
оның ішіндегі дәні де тәтті шығар,-деп. 
Шешесі  тіл  алмайтын  қисық  баланың  дегенін  істегеннен 
артығы  жоқ  екенін  ойлап,  Леночкаға  алтын  тыстыларын,  бӛтен 
балаларына  бӛтен  шеттеуіктерді  таратып  берді.  Леночка  қуанып 
шеттеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, 
бос  қабықтар  екен.  Мұны  кӛріп  қасындағы  балалар  мазақтап  күле 
бастады.  
Сонда атасы айтты: 
-
 
Бұл  шеттеуіктер  жеу үшін істелген емес, тек  кӛзге әдемі кӛріну 
үшін  қойылған;  мен  шеттеуіктердің  бос  қабығын  алып  сыртын 
күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына 
қарап қызықпа, асылы ішінде болар,-деді.  
              (Ыбырай Алтынсарин, «Ӛнер білім бар жұрттар», 1991ж.) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5  -  тапсырма.  «Жылтырағанның  бәрі  алтын  емес»  дегенді 
қалай түсінесіздер? 
 

43 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Қарт адам - пожилой человек. 
Қонақ - гость. 
Еңкей - наклонись. 
Аласа - низкий. 
Маңдай - лоб. 
Тәкаппаршылық - высокомерие. 
 
 2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
ТӘКАППАРШЫЛЫҚ 
 
Вениамин  Франклин  деген  даңқты  білім  иесі,  Америка 
жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнініде Медера деген қаланың бір 
қарт  адамына  қонақ  болып,  шығар  уақытта  қарт  ішкергі  бір  есіктен 
шығарып  салуға  алып  келіпті.  Франклин  бұл  кісіге  сӛйлеп  келе 
жатып,  алдында  не  барын  аңғармай  есікке  жақындағанда  қарт 
дауыстапты: 
- Еңкей, еңкей! –деп. 
Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин 
маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:  
-Бұл 
кішкентай  реніш  сізге  екіншіден  ақыл  болар; 
ұмытпағайсың,  сен  жассың,  ӛмірің  алдыңда,  басыңды  тым  жоғары 
ұстамай  тӛмен  иіңкіреп  жүрсең,  мұнан  да  артық  неше  соққылардан 
құтыларсың. 
Бұл  сӛзді  Франклин  80  жасқа  келгенше  ұмытпай,  әрдайым 
айтушы еді:  
-
 
Сол  қарттың  ақылы  маған  кӛп  пайда  болды  және  кӛзіммен 
кӛрдім;  басын    жоғары  кӛтерген  тәкаппарлардың  нешеуінің  әлек 
болғанын,-деп. 
               (Ыбырай Алтынсарин, «Ӛнер білім бар жұрттар», 1991ж.) 
       
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5  -  тапсырма.  Тәкаппаршылық  тақырыбына  байланысты  эссе 
жазыңыз. 
 
 

44 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
13-апта 
1-
 
тапсырма. Сӛздермен жұмыс істеңіздер: 
 
Машақат - әуре болу мағанасында. 
Мәз болмады – ісі ӛнбеу, нәтиже бермеу. 
Тегіс – барлығы, жұмыла қимылдау. 
Ғибрат - ӛнеге 
Кӛнбеу – айтқанды қылмау, ӛз бетінше жүру. 
Ынтымақ – бірлік, ауызбіршілік. 
 
2 – тапсырма. Мәнерлеп оқыңыз. 
 
                          АҚҚУ, ШОРТАН ҺӘМ ШАЯН 
 
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, 
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. 
Тартады Аққу кӛкке, Шаян кейін, 
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. 
 
Бұлардың машақаты аз болмады, 
Жұмысы орнына кеп мәз болмады. 
Тартса да бар күштерін аямай-яқ, 
Асылы, жүк орнынан қозғалмады. 
 
Оншама ол жүк артық ауыр емес, 
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. 
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, 
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. 
 
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, 
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің кӛнбей, 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. 
  (Ахмет Байтұрсынов шығармаларынан) 
 
 
3 – тапсырма. Ӛлеңнің мазмұнын айтыңыз. 

45 
 
4 – тапсырма. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегенді қалай 
түсінесіз? 
 
Анама хат 
 
               Түсініктеме: 
 
 Ажал- ӛлім.  
 Лаухұлмахбұз - діни ұғым бойынша адам тағдыры 
жазылатын тақта. 
 Күйзеліс - уайым, қайғы.  
 
Қарағым, дұғагӛйім, қамқор анам, 
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.  
Сені онда, мені мұнда аман сақтап, 
Кӛруге жазғай еді хақ тағалам! 
 
Бара алмай, ӛтірікші болып әбден, 
Семейдің түрмесінде отыр балаң. 
Мал ұрлап, кісі ӛлтірген айыбым жоқ, 
Ӛкімет, ӛр зорлыққа не бар шараң?! 
 
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сӛз бар, 
Жолдар кӛп жәннатқа да тарам –тарам. 
Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп, 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. 
 
Алданып тамағыма оны ұмытсам, 
Болғандай жегенімнің бәрі харам. 
Адамнан туып, адам ісін етпей, 
Ұялмай не бетіммен кӛрге барам?! 
 
Кӛп айтпай қысқасынан сездіретін 
Балаңның мінезі бар сӛзге сараң: 
Кетер деп, «суға құлап, отқа түсіп», 
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң! 
 
Отырмын абақтының бӛлмесінде, 
Бұйрықсыз кӛз жетеді ӛлмесіме. 

46 
 
Есіктің құлпы мықты,күзетші кӛп, 
Ажалдан басқа ешкім келмесіне. 
 
Қоршаулы айналасы биік қорған, 
Берік қып салған темір терезесіне. 
Қалайша мұны кӛріп кӛңіл сенбес 
Аттанып жау келсе де бермесіне. 
 
Қаламда «лаухұлмахбұз» ұмытқан ба? 
Жазбапты бұл орынды кӛрмесіме, 
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман, 
Лаж жоқ жол айдаса ермесіңе. 
 
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар. 
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. 
Солардан жаным-тәнім ардақты емес, 
Орынсыз күйзелейін мен несіне?! 
          (Әдебиет. 6-сынып оқулығынан) 
 
1-тапсырма. Ӛлеңді мәнерлеп оқыңыздар. 
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. 
  1.Ақын анасына қандай сырды жеткізіп отыр? 
  2. Намыс туралы не білесің? 
  3. Адамға тән намыс пен ұлт мүддесінен туындаған 
ұлтжандылық ӛлеңде қандай кӛрініс тапқан? 
 
 3-тапсырма.Ӛлеңнен үзінді жаттап алыңыздар. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Кӛзілдірік - очки. 
Кеңсе - офис. 
Бұйрық - приказ. 
үндемей қалу - замолчать. 
Ұялу - стесняться. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
 

47 
 
Рақымбайдың мақаласы 
 
Рақымбай кеңсесіне кіріп келгенде үстелдің үсті қол қою үшін 
қатарлап  қойған  қағаз  еді.  Кӛзілдірікті  имек  тұмсығына  іле  салып, 
жалбыраған  шашын  кейін  қарай  бір-екі  сипап  қойып  да,  осқырған 
аттай  одырайып  алдындағы  қағазға  қарады.  Қағаздың  астыңғы 
жағында  қазақша  бір  газет  жатыр.  Бұл  Рақымбай  кеңсе  басына 
отырғалы  кӛрмеген  нәрсе  еді.  Ожырайып  қарап  тұрды  да,  үстіндегі 
қағаздарды  екінші  жаққа  ысырып  жіберіп,  газетті  қолына  ұстады. 
«Еңбекші қазақ» екен! 
- Шорттың ісін!...Мұны маған  не ғыл деп әкелді екен?!...-деп 
күбірледі. 
  Жылмаңдап қатшы келіп тұр:  
- Қағаздарға қол қойып болдыңыз ба? 
Рақымбайдың  ойындағы  –  түнгі  ішкен  сусыны,  Бердібайдің 
қызып  отырып  «сен  кариериссің!»  деп  тіл  тигізгені,  Жұмабайдың 
Қатынының  қадалып  қарап,  бұл  қарағанда  ішті  күйдіре  жымиып 
күлгені  –  бірінің  артынпн  бірі  тізбектеліп  Рақымбайдың  ойын  бӛліп 
тұр еді. Қатшының сӛзін елемеді-ау деймін, Газетті қолымен кӛрсетіп: 

 
Мынаны неге әкелдің?-деді. 

 
Ӛзінің  жаздыр  деп  бұйрық  беріп  едіңіз  ғой.  Бір  жылға 
жаздырып  едік.  Бүгін  почтамен  келген  соң,  сізге  керек  бола  ма  деп 
үстеліңізге қойдырып едім,-деп қатшы ғапу ӛтінгендей болды. 

 
Мен,  оқу  үшін  емес,  редактор  айтқан  соң  жаздыра  салғам. 
Шкапқа апарып сала сал,-деді. 
Қақпағы  алқы-салқы  қара  шкаптың  ішіне  «Еңбекші  қазақ» 
кіріп те кетті. 
Редактордың  шап  бермесі  қаңдай,  Рақымбайға  кӛшеде  кез 
келіп қалып: 

 
Әй, сендер газет алып жүрсіңдер ме? - деп  сұрады. 
Рақымбай мұртынан күлді:  

 
Алдырып тұрмыз. 

 
Қазірде  айтыс  мақалалары  кӛп  шығып  жүр,  оқып  кӛрген 
шығарсың. 
   Алдырған газетті оқымады деу ерсі ғой. 

 
Иә, – деп Рақымбай басын изей салды. 
  Осы бас изеумен құтылам ба деп еді, болмады- редактор тағы 
жабысты: 

 
Ондағы айтыс мәселелерге қалай қарайсын? 

48 
 
Оқымаған,  білмеген  нәрсеге  қалай  қарау  керек?...  Бірақ 
үндемей қалу қиын. Кӛзілдірікті азырақ дұрыстап қойып:  

 
Кейбір жерлеріне не согласныймын, - деді. 

 
Ендеше, ӛзіңің ойыңды айтып қарсы мақала жаз! 
Рақымбай  қысылайын  деді.  Қырымнан  әкелген  сырлары 
таяғымен жерді шұқи бастады. 

 
Қашан жазып бересің? – деп редактор қысып барады. 

 
Жақын арада жазып берейін. 

 
Жақынды  қой,  күнді  белгіле,  алдағы  жұмаға  бітіріп  маған 
тапсырып... 
Ертең  жұма.  Рақымбай  әлі  мақала  жазған  жоқ.  Жазбай 
құтылуға  болмайды,  -  бір  жерде  болмаса,  бір  жерде  бетіне  басып 
ұялтады. 
                       (Бейімбет Майлин, «Повестер мен әңгімелер», 1987 ж.) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Мәтіннен болымсыз етістіктерді табыңыз. 
 
1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Патша - царь. 
Малай - раб. 
Теңдік - равенство. 
Жетім - сирота. 
Кедей - бедный. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Еңбек ақысын алды 
 
Патша  заманында  малайлардың  дұрыс  ақы  ала  алмай  еңбегі 
еш  кететіні  жұртқа  мәлім,  Кеңес  үкіметі  орнағаннан  бері  жалшылар 
бас кӛтеріп, тиісті еңбегін іздейді. Кей жерлерде, ақысын осы күнде де 
ала алмай жүрген жандар толып  жатыр. Сонда  да болса Бұрынғыдан 
жарлы «теңдік» алды. 
Ақысын бермеген  болса, дереу  тиісті орнына жүгіреді. Мына 
бір мысал:  
Орда  аудандық  бұрынғы  Бесқұм  азаматы  Ажығалиұлы  деген 

49 
 
жетім бала Айтқали Бейбалиұлы дегенге жалданып тиісті ақысын ала 
алмай  жүр  екен.  Жақында  Бӛкей  аудандық  еңбек  бӛлім  бастығы 
Шүкіршеұлы  деген  сол  елге  шықса,  балаға  кездесіп  табанда  жауапқа 
алады.  Жетім  балаға  еңбек  ақысы  үшін  таңдамалы  қозылы  қой 
әпереді. 
Еңбегін жегізіп жүргендер аз емес еді. Кедейдің ақысы байға 
кетпейді екен деп тарқастық.  
                         (Бейімбет Майлин, «Повестер мен әңгемелер», 1987 ж.) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімді табыңыз. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Ашу - злость. 
ойыншық - игрушка. 
кӛпір - мост. 
жұдырық - кулак. 
жӛн - правильно. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Әлекемнің аяқ алысы 
 
Әлмағамбеттің  кӛзі  шатынап  кетті,  атқа  мініп  ел  билегелі, 
қатарға  отырып  сӛз  сӛйлегелі,  Меңдіғара  елінен  жан  бетіне  келіп 
кӛрген  жоқ  еді.  Бетіне  келу  қайда  –  ашуы  келгенде  кедейді  арбаға 
таңдырып қойып сыдырушы еді. 

 
Менімен  қарсыласатын  кім  бар?  Ерегесем,  Қостанайды 
беске бӛлем... – деп түсін суытушы еді. 
Иә,  Николайдың  кезінде  Әлмағамбет  мұны  істеп  еді. 
Мендіғара  елінің  кедейін  бір  шыбықпен  айдап  еді.  Нұралы  тұқымы 
келе жатыр дегенде Мендіғара елінің жылаған баласы жұбанушы еді... 
Ол бір дәурен ғой... 
Бірақ,  «айбынды  атаның  баласы»  кемдікке  кӛне  ме.  Кедей 
теңдігі деген сӛз Әлмағамбеттерге ойыншық қой. 

 
Ойбай-ай,  сорлы  шұнақ  құлдың  ісін-ай!  –  деп  Әлмағамбет 
қалш-қалш етіп кӛзі шатынап ұясынан шығып барады. 

50 
 
Балалары үрейленіп қалады:  

 
Немене, әке жай ма?!  

 
Мынаны қарашы! – деп газетті ұсынады. 
«Еңбекші  қазақтың»  178-санындағы  «Тоқты  мен  қымыз  күші 
ғой»  деген  Құлмағамбетұлы  Жыңғылдың  қабарына  кӛздері  қадала 
қалады. 
Жыңғыл  ӛздерімен  ауылдас  кедей  жігіт.  Әлмағамбеттің 
істеген бұзықтығының бәрін теріп газетке түсірген де қойған! 

 
Қап, бәлем–ай ! – деп балалары тістенеді. 
Есіктің  алдыңдағы  Жыңғылдың  жұлым  үйіне  қарап  ӛткір 
кӛздер қадалды... 
Кедейде оңған әбзел бар ма, кӛпірдің аузындай жаман арбасы 
қирап,  істей  алмай  Жыңғыл  азаптанып  жатса,  Әлмағамбеттің  баласы 
Әбдірахман,  інісі  Бексұлтан  жандарында  бір–екі  жігіт  бар,  кез  келе 
кетеді. 

 
Тарт былай салқамыңды! Жолды бер! 
Сыңған арба тартуға келер ме, Жыңғыл жайын айтып, жолдан 
бұрылып жүре беріңдер десе, мырзалар ашуға мінеді:  

 
Сорлы  құл,  әкең  Құлмағамбеттің  салдырған  жолы  ма  еді?! 
Тарт былай!.. 
Арба  тартылғанша  болмай,  мырзалардың  быттиған  майлы 
жұдырығы Жыңғылдың күн қақты желкесіне жауа бастайды. 

 
Ұр!.. Ӛлтір!.. 
Ә,  дегенше  болмай  Жыңғылдың  тарамыс  денесінен 
қарақошқыл қан ыршып шыға бастайды... 
Жыңғыл  доқтырға  барады.  Жарасына  куәлік  алып,  болыстық 
милицияға арыз береді. 
Бірақ, милиция құнт қылмай ма қалай, ауылдас отырып бір ай 
ӛткенше жауап алуды білмейді. 
Жыңғыл  милициядан  түңілген  соң  басқармаға  мұңын  шағып 
хат жазады. 
...  «Ауылдас  отырып  тәртіпкер  әлі  жауап  алған  жоқ.  Соның 
үшін  сіздерден  сұраймын  –  осы  жұмысты  бақылап  тезірек  жүзеге 
шығарсаңыздар  екен...  тағы  да  қорқамын,  қай  күні  ұрып,  болмаса 
ӛлтіріп тастай ма деп...»  
Жыңғылдың  қауыпы  орынды.  Мырзабайды  баласымен  ұрып 
ӛлтірген  Әлмахамбет  Жыңғылды  боқ  құрлы  кӛре  ме.  Мәселе, 
салықсып  жүрген  де  Жыңғылды  домалатып  ӛлтіріп  тастауы  да 
мүмкін. 

51 
 
Сот  орындары  мұны  тезірек  ыңғайына  алып,  Әлмахамбет 
мырзаны  майлы  жұдырықты  балаларымен  қоса  Қостанайдың  шет 
жағындағы,- ана сығырайған терезені ақ үйге тезірек қонаққа шақырса 
жақсы болар еді.  
Статьясын дәл айтпасақ та, іс түріне қарап, Әлекеңнің ол үйге 
шақырылуына күмән қылмаймыз. Мұнан басқа да Әлекеңнің былығы, 
қылығы  аз  емес.  Биыл  жаз  сол  ақ  үйде  ай  жарым  жатып  шықты  деп 
есітіп едік.  
Ай  жарымды  тегінде  елең  қылатын  емес,  ескі  әніне  тағы 
басып  отыр,  сот  орындары  енді  «кӛңілшектікті»  қойып,  Әлекеңді 
баянды қылып жатқызғаны жӛн болар. 
                        (Бейімбет Майлин, «Повестер мен әңгімелер», 1987 ж.) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5- тапсырма. Шартты райдың жұрнағын табыңыздар. 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
 
14  - апта 
 
Л.Н.Гумилевтың ӛмірі мен қызметі 
 
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз. 
 
Тірек сӛздер мен сӛз тіркестері 
(қандай?) 
(не істеді?) 
атақты 
еуразияшыл 
белгілі 
кӛрнекті(видный) 
ғалым 
(не?) 
еуразияшылар 
ілімі 
жаңғырды 
(возродилась) 
(неге?) 
еңбектерге 
тиым салынды 
(запрещались) 
бірегей 
(уникальные) 
туындылар 
(произведения) 
(не?) еңбектері  жарыққа шыға 
бастады 
(опубликоваться) 
құнды (ценные)  еңбектер (і) 
ғалым 
тұтқындалады 
(арестован) 
тауқыметке толы 
(полна 
ғұмыр 
 
 

52 
 
страданий) 
әдебиетшілер 
әулет (і) (род) 
 
 
 
2 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 
Лев  Николаевич  Гумилев  –  белгілі  еуразияшыл  ғалым,  тарих 
және  география  ғылымдарының  докторы,  Еуразия  халықтары 
тарихының  мәселелері  бойынша  200-ден  аса  ғылыми  еңбек  авторы. 
(1912-1992). 
Л.Н.Гумилев  –  этнология  ғылымының  негізін  салушылардың 
(основоположник) бірі, кӛрнекті ғалым. 
Л.Н.Гумилевті  «еуразияшылдардың  соңғы тұяғы» (последний 
из  евразийцев)  деп  атайды.  Бүгінде  еуразияшылдар  ілімі  қайта 
жаңғырып,  жалғасын  табуда.  Соңғы  он  бес  жылда  оның  құнды 
ғылыми  еңбектері  жарыққа  шыға  бастады,  қайта  басылып  та  жатыр. 
Ондаған  жылдар  бойы  кӛп  еңбектерге  тиым  салынды.  Сол 
еңбектердің  арасында  «Ғұндар»  (М,  1960),  «Хазарияның  ашылуы» 
(М.,1966),  «Ежелгі  түріктер»  (М.,1967),  «Қиял  патшалығын  іздеу» 
(М.,1970),  «Қытайдағы  ғұндар»  (М.,1974),  «Ежелгі  Русь  және  Ұлы 
Дала»,  «Этногенез  және  Жер  биосферасы»  (М.,  1989),  «Шырағың 
сӛнбес  үшін»  (М..,1990),  «Русьтен  Ресейге  дейін»  (М.,1992)  тәрізді 
бірегей туындылар бар. 
Л.Н.Гумилев  тауқыметке  толы  ғұмыр  кешіп,  80  жасқа 
жақындағанда ӛмірден ӛтті. 
Орыстың белгілі ақындары Николай Степанович Гумилев пен 
Нина  Андреевна  Ахматованың  ұлы  Лев  Николаевич  Гумилев  1912 
жылы  1  қазанда  Царское  Село  жерінде,  әдебиетшілер  әулиетінде 
дүниеге  келді.  Л.Гумилев  Бежецк  орта  мектебінде  оқып,  1930  жылы 
Ленинградта  совет  мектебін  тәмамдады  (окончил).  Университетке 
түскісі  келеді,  бірақ  ата-анасының  дворян  тегінен  шыққанына 
байланысты оқуға қабылдау кезінде қарсыластары кӛп болады. 
1934 
жылы 
Л.Н.Гумилев 
22жасында 
Ленинград 
университетінің  тарих  факультетіне  оқуға  түседі.  Е.Тарле,  В.Струве 
және  басқа  да  әлемге  танымал  ғалымдардан  дәріс  алады.  Петербург 
зиялыларының ортасында болады. 
1938  жылдың  қаңтарында  Лев  Николаевич  тағы  да  негізсіз 
жазаның  кесірінен  (безосновательной  причины)  тұтқындалады,  5 
жылға сотталады. 

53 
 
1943  жылы  қамау  мерзімі  аяқталады.  Л.Гумилев  майданға 
сұранады, 1944 жылы 1-ші Беларусь майданына ерікті солдат ретінде 
жіберіледі, Берлинді алу шабуылына қатысады. 
1945 жылы Л.Гумилев университетке қайта қабылданады. 
Ол  тӛрт  тілді:  француз,  неміс,  кӛне  түрік,  латын  тілдерінің 
білгірі.  Л.Гумилев  ғұндар  ӛркениеті  тарихының  және  ежелгі  монғол 
тарихының  маманы  –  оның  ғылыми  ізденістерге  ынта-ықыласы 
(желание) күшті, талабы зор болды. 
Үйсіз-күйсіз, денсаулығы кеміген, жалпы алғанда, ғұмырының 
14 жылын түрмелерге тастайды.  44 жастағы Л.Гумилев  туған қаласы 
Ленинградқа қайтып оралады. Докторлық диссертациясын 1961 жылы 
тамаша табыспен қорғап шығады. 
                  (С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі») 
 
Лексика-грамматикалық тапсырмалар 
 
              3-тапсырма. Мәтіннен ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы 
сөз тіркесін теріп жазыңыз (-ның + (-ы), -ның + (і)), аударыңыз. 
Үлгі: Еуразия тарихының мәселелер+і – вопросы истории 
Теорияның автор+ы – автор теории. 
 
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне тиісті 
қосымшаларды жалғаңыз. 
1.Екі ұлы ақын ... одағы ... одан әрі бекіте түсе... . 
2.Әдебиетшілер отбасы... дүние... келеді. 
3.Әлем... танымал ғалымдар... дәріс алады. 
4.Ғылым ізденістер... ынта...күшті болады. 
5.Ол тӛрт тіл... еркін меңгере... . 
 
5-тапсырмаЖоғарыда жай сөйлемдерді күрделі сөйлемге 
айналдырыңыз. 
Үлгі: Екі ұлы ақынның одағын одан әрі бекіте түседі, әрі 
олардың қуанышына айналады. 
 
6-тапсырмаМына жылдарды ғалым өмірімен 
байланыстырып, етістік қатарын анықтаңыз. 
1912 ж, 1930 ж, 1934 ж, 1938 ж, 1945 ж, 1961 ж. 
Үлгі: 1912 жылы ӛмірге келді. 
         1930 жылы мектеп бітірді. 

54 
 
7-тапсырма. Жалдасыңызға ғалымның өмір жолы туралы 
баяндап беріңіз. 
 
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. 
Шетелдік  досыңыз  сізден  университет  неліктен  Л.Н.Гумилев 
атымен аталғанын сұрады, қалай жауап бересіз? 
Мына  сӛздерді  пайдаланыңыз:  себебі,  ӛйткені,    меңінше, 
еуразияшыл  ғалым,  терең  білім  иесі,  халықтар  бірлігі,  түркі 
халықтары, азия тарихы. 
 
9-тапсырма. Ғалымның өмір жолына қысқаша хронология 
жасаңыз. 
 
10-тапсырма.  Сұхбатты толықтырыңыз. 
-Л.Н.Гумилев еңбектері қандай мәселелерге арналады? 
-? 
-Л.Н.Гумилев негізгі еңбектерін атап бере аласыз ба? 
-? 
-Ғалым идеясы жалғасын тапты ма? Дәлел келтіріңіз. 
-? 

 
11-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
абайсызда-внезапно. 
терең апанға-в глубокую яму. 
жаным жай тауып тұр-душа спокойная. 
тұп-тұнық-прозрачная. 
 
1
 
- тапсырма. Оқыңыз. 
 
Түлкі мен ешкі 
 
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп 
кетіпті.  Апаннан  шыға  алмайды.  Бір  кезде  су  іздеп  жүрген  ешкі 
түлкіні кӛріп: 
- Ей, түлкі батыр, неге тұрсың? - депті. 

55 
 
-  Ой,  не  қыласың,  жаным  жай  тауып  тұр.  Қырда  әрі  шӛлдеп, 
әрі ыстықтадым. Ал апанның іші салқын. Түбінде тұп-тұнық суы бар 
екен, - депті. 
Ешкі: "Мен де салқындайын, әрі су ішейін" деп ойлап, апанға 
секіріп  түсіпті.  Сонда  түлкі  секіріп  ешкінің  үстіне  мінеді.  Одан 
мүйізіне  шығады.  Одан  ырғып  далаға  шығып,  жӛніне  кетіпті. 
"Ӛтірікке алданба, басың пәлеге душар болар" деген осыдан қалыпты. 
(Б.Адамбаев "Ел аузынан" кітабынан) 
 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Ӛмірде айлакер адамдар бар ма? 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
жылай бастады - начал плакать. 
біраз - достаточно. 
ұя - гнездо. 
жібектей - как шелк. 
айнала - кругом. 
шалғын - луг. 
пісіру - сварить. 
жалма – жан - быстро. 
 
2
 
- тапсырма. Оқыңыз. 
 
                                                         Асан 
 
Асан  деген  бай  баласы.  Үсен  жарлы  баласы,  -  екеуі  кұрдас 
екен.  Бір  күні  ел  кӛшкенде  қыр  астында  ойнап  жүріп,  ескерілмей, 
екеуі жұртта қалыпты. Бір мезгілде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, 
құр жұрты жатыр. Асан айқай  салып, жылай бастады. Үсен ойланып 
тұрды да айтты:  
- Жылағанмен ешнәрсе ӛнбес. Кӛшкен ауылды іздеп табалық.  
- Елді қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де кӛргеніміз жок,- 
деді Асан.  
Үсен  үндемеді,  Асанды  ертіп  кӛшкен  жұртқа  келді.  Жұртта 
бір  кӛзі  сынған  ине  жатыр  екен  оны  алды  және  бір  пышақтың 
сынығын, бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан сон ауылдың 

56 
 
жұртын  айнала  жүгіріп  жүріп,  кӛштің  кеткен  сүрлеуін  тауып,  сол 
сүрлеуге  түсіп  жүре  берді.  Біраз  жер  еткен  соң  сүрлеу  екі  айрылды. 
Мұны кӛріп Асан жылай бастады.  
-  Енді  қайсысына  түсеміз,-  деп.  Үсен  қарап  жүріп,  біреуіне 
түсті:  
-  Мынау  сүрлеу,  бүгін  жүрген  кӛштің  сүрлеуі  екен  -малдың 
жас тезегі бар, - деді.  
Біраз  жер  жүрген  соң  Асан  қарным  ашты  деп  жылады.  Үсен 
үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына 
қонды.  Асанның  онымен  ісі  болмай  жүре  берді.  Үсен  жүгіріп  барып 
сыйпалап  жүріп,  үйректің  орнынан  алты  жұмыртқа  тапты.  Асан 
қуанып жұмыртқаны аламын деп еді, Үсен алдырмай:  
-  Жолдан  адасып  кӛп  күн  жүрсек,  бізге  тамақ  керек  болар, 
үйректі де ұстап алайық,- деді.  
Асан айтты:  
- Қалай ұстаймыз?  
Үсен:  
- Мен әкемнің ұстағандарын кӛріп едім,- деп, манағы жұрттан 
тауып алған қылдан есіп тұзақ істеді де, оны апарып үйректің ұясына 
құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуі бір таса жерге, қалың 
шӛптің арасына барып жатты. Кӛп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-
жағында  адам  кӛрінбеген  соң,  ұясына  келіп  қонды.  Бітегенеден  соң 
Үсен түрегеліп, жүгіріп ұяға барып еді, үйрек ұша алмай далбырлады 
да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа ілініп қалған екен.  
Үйректі Асан:  
- Тірі алып, ойнап баралық,- деді.  
Үсен айтты:  
- Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта Құдайтағала 
бұларды  адамға  алып,  тамақ  етуге  бұйырады,  бірақ  тірілей  байлап-
матап  әуре  ету  обал  деп  айтушы  еді,  әуре  етпей  бауыздап  алалық,- 
деп,  манағы  жұрттан  тауып  алған  пышактың  сынығымен  бауыздап 
алды.  
Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуі бір ӛзен-
судың бойына жетті. Су ішіп сусындарын қандырған соң. Үсен айтты:  
-  Енді бір тамақ пісіріп желік.  
Асан:  
- От жоқ, неғылып пісіріп желік? - деді.  
Үсен үндемей су жағалап жүгіріп кетіп, бір шакпақ тас тауып 
әкелді  және  шапанының  бір  кішкентай  жыртылған  жерінен  азғана 

57 
 
мақта  суырып  алып,  оны  тастың  үстіне  қойып  бәрін  бармағына  ғана 
қатты  қысып  тұрып,  манағы  пышақтың  сыртымен  тасқа  қатты  ұрып 
еді, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына азғана тезек үгіп 
салып,  Үсен  ӛзі  отты  үріп  тұтандырып  жатып,  Асанды  қу  тал  жинап 
алып  кел  деп  жіберді.  Тал  келтірілген  соң  от  жағып,  әуелі 
жұмыртқаны  отқа  салып  пісірді;  онан  соң  үйректің  жүнін  жұлып, 
бұтарлап,  бір  талдан  істік  істеп,  үйректі  отқа  қақтады.  Піскен  соң 
екеуі  де  жесіп,  тойып  алысты.  Тамағы  тойған  соң  кӛңілінен  уайымы 
шығып, Асан су жағалап жүгіріп кетті, бір мезгілде дауыстады:  
-  Үсен,  Үсен!  Мынау  тайыз  жердегі  балықтарды  қарашы!  - 
деп. Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқан инені отқа салды. Ине 
біраздан  соң  оттың  күшімен  еріп  қызарды,  сол  уақытта  пышақпен 
инені алып, ептеп иді, қармақ істеді.  
Сонан соң Асанды шакырып:  
-  Сен  шегіртке  тере  бер,  -  деді  де,  ӛзі  манағы  қылдан  есіп 
қармаққа  бау  істеп  байлап,  талдап  кесіп  оған  caп  істеді.  Сӛйтіп, 
қармағы әбзелімен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған 
шегірткесін жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемі, айнадай 
таза  су  екен,  ішіндегі  ойнаған  балықтары  кӛрініп  жүретұғын.  Әуелі 
шабақтар  келді,  біреуі  бір,  екеуі  екі  жемді  иіскеп,  тиіп-қашып, 
жұлқып ӛтіп жүрді. Сӛйтіп тұрғанда шабақтар дүркірей келіп қашты. 
Қараса,  бір  шортан  келген  екен.  Ол  шортан  жемге  де  қарамай, 
тәкәппарланып  жайымен  былғандап  ӛтіп  жүре  берді.  Шортан  ӛткен 
соң  манағы  бытырап  кеткен  шабақтар  тағы  жалма-жан  жыйылып 
келісіп,  жемнің  айналасында  ойнап,  бірін-бірі  қуып,  жемге  де  тиіп-
қашып  соғып  ӛтіп  жүрді.  Сӛйтіп  тұрғанда,  шабақтар  және  дүркірей 
қашып,  жоқ  боп  кетті.  Қараса,  бір  бӛлек  алабұғалар  келген  екен, 
жемді ең бұрын кӛрген біреуі тоқталмастан келіп асап келіп қалғанда, 
Үсен  қармақты  тартып  алып  оны  қырға  шығарып  тастады.  Сол 
қалыпша  Үсен  бірталай  алабұға  алды.  Балықтың  алынған  қызығына 
айналып  тұрып,  балалар  күннің  кешке  таянып  қалғанын  аңғармаған 
да екен. Бір мезгілде Үсен күнге карап: 
- Аһ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта ӛткел тауып алайық,- 
деп,  қармақпен  алған  балықтарын  біреуінің  шапанына  орап  алып, 
манағы  шақпақ  тасын  және  сабы-бауымен  қармағын  да  қалдырмай 
алып,  енді  ӛткел  іздесті.  Бұл  турада  Үсен  кідірместен,  манағы 
ӛздерінің түсіп келген сүрлеудің ӛткен жерін тауып алып, сол жерден 
ӛте  шыкты.  Біраз  жүрген  соң-ақ  күн  кеш  болды  және  біраздан  соң 
ымырт  жабылып,  жол  кӛрінбеді.  Түн  болған  соң,  балалар  екеуі  де 

58 
 
қорқайын деді. Сӛйтсе де Үсен сыр білдірмей, енді жүрсек адасармыз 
деп тоқтады, тезек теріп от жақты. Біраз отырған соң Асан күндіз кӛп 
жүріп шаршаған бала, ұыйқтап қалды. Үсен ойлады: әкем айтушы еді 
«елді  жердің  ұрысы,  далалы  жердің  берісі  болады»  -  деп,  ұйықтамай 
отқа күндізгі алған балығын пісіріп, ермек етіп отыра берді; есітуі бар 
еді:  от  жағып  отырса,  қасқыр  келмейді-міс  деп.  Қарап  отырса,  бір 
мезгілде  бір  топ  киік  келді.  Олар  анадайдан  одырайып  қарап  тұрып-
тұрып, ӛз-ӛзінен үркіп жӛнелді. Біраздан соң құлын, тайы бар бір үйір 
құлан  келді;  айғыры  алдында  басын  тікшитіп,  кұйрығын  шаншып, 
осқырынып, ӛзгелері таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар да шауып 
жӛнелді.  Бір  мезгілде  жақын  жерде  қасқыр  ұлыды;  алысырақта  ӛгіз-
шағала адамша шыңғырып, біресе жылаған балаша, біресе қарқылдап 
күлген  адамша,  әртүрлі  дауысқа  салды.  Үсен  түйініңкіреп,  бойы 
мұздап,  қолына  манағы  қармақтың  таяғын  қысыңқырап  ұстап  және 
отыра  берді.  Сӛйтіп,  әр  жануарларды  кӛріп  және  оттың  жарығына 
жыйылған құрт-құмырсқа, кӛбелектерді қарап, бұл  кӛбелек-қоңыздар 
неге  кӛріне  ӛлім  іздеп  отқа  түсе  береді  екен  деп,  әртүрлі  ойларға 
қалып, сүйеніп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен 
бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы 
тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да  оята бастады: «Жүрер уақыт 
болды»  -  деп.  Асан  далада  екенін  ұмытып  үйдегі  қалыбынша,  жуық 
арада  оянбай  ыңырсыса  да,  Үсен  қоймай  оятып  алып,  қасына  ертіп 
жолға шығысты. Күн сәскеге шейін жүріп отырып, сәскеде сүрлеу бір 
қатаң шоқаттау жерге түсіп кӛрінбей кетті. Балалар енді  
қай  жаққа  жүрерін  білмей  дағдарып  тұрды.  Сӛйтіп,  жан-
жағына қарап тұрса, ілгергі алдында бір биік қыр үстінде, үлкен мола 
кӛрінді.  Сонда  Үсеннің  ойына  әкесінің  сӛзі  түсті:  далада  жүріп 
адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады, дейді екен. 
Сол  ақыл  бойынша  Үсен  Асанды  ертіп,  молаға  қарай  жүрді.  Молаға 
жақындап  келгенде,  қаңқылдаған  қаздың  даусы  шықты;  Үсен  енді 
білді жақын жерде кӛл бар екенін, оның үшін қаз сусыз жерді  мекен 
етпейді.  Келіп  екеуі  енді  молалы  қырға  шықты,  қараса,  қырдың 
жығылар асты үлкен кӛл екен, кӛлдің айналасы да, іші де жыңылдаған 
мал;  жағасындағы  жібектей  жапырылған  кӛкорай  шалғынында  қора-
қора қой мен жылқы, жылқының  бір парасы кӛл ішіне кіріп, белінен 
құраққа  кіріп  тұр,  енді  бір  жақжағасындағы  сортаңда  бір  топ  түйе 
жатыр.  Бұларды  кӛріп,  балалар  қырдан  түсіп,  жүгіріп  малға  келді. 
Келсе  ӛз  ауылдарының  малы  екен.  Малшылар  Асан,  Үсенді  кӛріп, 
олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп шауып 

59 
 
кетті,  ӛзгелері  балаларды  атқа  мінгізіп,  ауылға  алып  жүрді.  Жолда 
келе  жатып  малшылар  айтты:  -  сендердің  жұртта  қалғандарыңды 
біліп,  кешеден  ауылдың  жан  біткені  іздеуге  кетіп  еді-деп.  Нақ  бесін 
мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылды 
дейді. 
                                                                            ( www.adebiet.kz) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Ескі – ұсқы - старое. 
үйсіздер - бездомные. 
әдет - привычка. 
мағынасы – значение. 
күн сайын - с каждым днем. 
жаратпау - не одобрять. 
 
2- тапсырма. Оқыңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет