Қазақстан республикасы


Студенттердің ӛздік жұмысы



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата26.01.2017
өлшемі1,8 Mb.
#2771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттердің ӛздік жұмысы 
4 - апта 
 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Әлем-мир. 
Тартылып қалған - опустилось. 
Есептеулер бойынша - по расчетам. 
Түбінен - со дна. 
Ауру деңгейі - уровень болезней. 
Кедейлік - беднота. 
Тепетеңдік - баланс, равновесие. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Аралды қорғау 
 
Жер  бетіндегі  әлем  кӛлдері  арасында  Арал  теңізі  4  орын 
алатын  еді.  Бүгінде  Арал  теңізі  ауыр  халде.  Бұл  бірнеше  Орта  Азия 
республикаларының  аудандары  мен  Қазақстанның  Қызылорда 
аумағын енгізетін территория тұрғындарына кері әсерін тигізуде.  
Арал  теңізі  кейбір  жерлерде  бұрынғы  жағасынан  жүздеген 
километрге  тартылып  қалған.  Теңіз  деңгейі  18  метрге  тӛмен  түскен, 
ӛмірге  жарамды  территория  үш  есеге  кеміген.  Теңіздің  бұрынғы  су 
кӛлемінің  60%  ғана  қалған.  Теңіздің  орташа  тұздануы  2,5  есе  артты, 
бұл  балықтың  ӛліміне  әкеліп,  теңізден  балық  аулау  аудандары  ӛз 
мағынасын  жоғалтты.  Алдын  ала  есептеулер  бойынша  ашық  қалған 
теңіз түбінен жел ондаған миллион акустикалық соданы кӛтеріп, 400-
500 километрге жаюда. Ол суармалы ауыл шаруашылық оазисті құрту 
қаупін тудыруда. Орташа есеппен Орал жерінің бір гектарына 520 кг 
құм  мен  тұз  түседі.  Экологиялық  апат  осы  ауданда  тұратын 
адамдардың  ауру  деңгейінің  ӛсуіне  қауіпті  демографиялық  жағдайға, 
жұмыссыздық пен кедейлікке әкеліп соқтырды. 
1989  жылы  белгілі  ғалымдардан  тұратын  арнаулы  Үкімет 
комиссиясы  құрылды.  Арал  теңізі  бассейнінде  экологиялық 
тепетеңдікті 
қалпына 
келтіру 
бағдарламасын 
жасау 
үшін 
Халықаралық  Қоғамдық  Кӛмек  Қоры  тағайындалды.  1996  жылы 
жергілікті басқарушылар Кӛкарал бӛгетін қалпына келтіруді бастады. 

16 
 
Арал аймағына бұл бӛгетті  салудың орасан зор экономикалық  және 
экологиялық маңызы зор. 
                                                 
(Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 
 
3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз. 
4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Экология мәселесіне қатысты эссе жазыңыз. 
6 - тапсырма. Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар жіктеу 
есімдіктерін   жекеше,кӛпше түрде септеңіздер. 
7-тапсырма.  Наше  отечество  –  независимый  Казахстан. 
Бескрайная степь зовет тебя в будущее. Высокие горы, глубокие озера 
и  реки,  чистые  пруды,  хрустальные  родники  не  только  богатство 
нашей  земли,  они  придают  красоту  местности.  Казахстан  богат 
полезными  испокаемыми.  На  юге  республики  выращивают  хлопок, 
овощи,  фрукты,  сахарную  веклу.На  севере  республики  растет 
пшеница. 
8-тапсырма.  Жаттап  алыңыздар  және  оның  мағынасын 
түсіндізіңіздер. 
 
                                  Ақ қайыңдар, емендер, 
                                  Қарағайлар, теректер. 
                                  Жерге кӛрік беретін, 
                                  Ағаштар бұл кемеңгер. 
                                                     («Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова) 
 
                                 Сексеуіл шӛл далада, 
                                 Итмұрын сай-салада, 
                                 Жабайы ӛскен кӛсіліп, 
                                 Бұталы бұлар-ӛсімдік. 
                                                    («Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова) 
                                  
                                 Қошқаргүл мен түймедақ, 
                                 Жауқазын мен қызғалдақ. 
                                 Ӛсе-тұғын жайқалып, 
                                 Кӛп болса екен саябақ. 
                                                    («Жасыл әлем» Айнұр Байғабылова) 
 
 

17 
 
9-тапсырма. Мына әңгіме бойынша түсінігіңізді айтыңыз. 
 
Орманшының баласы 
 
Орманшының  баласы ат қылып мініп, шапқылау үшін бір жас 
шыбықты  сындырмақ  болады.  Сол  кезде  ол  ағаштардың  мынадай 
әңгімесін естиді: 
Аққайың айтыпты: 
- Мен ӛскенде бесік болам. Кішкентай бӛбекті тербетем. Бесік 
жырын естіп, рақатқа батам. Бақыт деген осы емес пе?! 
Ал Теректің жас шыбығы: 
-  Мен  ӛскенде  түрлі-түрлі  ойыншық  болам.  Балаларды 
ойнатам.  Азаннан  кешке  дейін  ойнаймыз.  Қызыққа  батамыз,  -  депті 
жапырағы жайқалып. 
 - Мен ӛскенде түрлі-түрлі жиһаз болам. Адамдар шаршағанда 
маған  отырып,  демалады.  Сӛрелеріме  кітаптарын,  заттарын  қояды,  - 
депті Емен. 
Ұзын бойлы Қарағай: 
-  Мен  ше,  мен  үлкен  үй  болам.  Бәрің  менің  ішімде 
тұрасыңдар.  Адамдар  қыста  тоңбайды,  жазда  ыстықтамайды.  Үй 
болған қандай жақсы, - депті шаттана. 
-Ал  мен  кім  болам?  –  депті  сонда  орманшының  баласы 
олардың айтқандарына қызығып. 
-  Сен  бе,  сен,  -  депті  Үйеңкінің  жас  шыбығы  ойлана,  -  сен 
ӛскенде  ағаш  шебері  бол.  Сонда  біз  осы  айтқан  армандарымызға 
жетеміз. 
- Мақұл! –депті орманшының баласы қуана. Жас шыбықтарды 
сындырмапты. Ат қылып мінбепті.  
Сол  орманшының  баласы  ӛскенде  атақты  ағаш  шебері 
болыпты. Әлгі ағаштарды арманына жеткізіпті. 
                                                                               (М.Әбдірашева) 
 
10-тапсырма.  «Менің  елім  –  тәуелсіз  Қазақстан»  атты 
тақырыпқа шығарма жазыңыз. 
 
 
 
 
 

18 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
5 - апта 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Бӛлінген - подразделен. 
Бабаларымыз - предки. 
Құрғақ - сухой. 
Ылғал - влажный. 
Айырмашылық - отличие. 
Құбылыс - явление. 
Күйдіру - обжигать. 
Ғұлама - ученый. 
Уқалау - массаж. 
Әдіс - метод, способ. 
 
 2 - тапсырма. Оқыңыз. 
Қазақ халық медицинасы 
  Қазақтың  халық  медицинасы  әу  баста-ақ  үлкен  үш  салаға 
бӛлінген.  Табибия  –  диагностика,  дәрігерлік-фармакология,  емшілік-
терапия,  дәрі  қолдану  яки  басқа  да  әдістер  арқылы  ем  жүргізуші 
екендігін  ұғынуға  болады.  Ендеше  қазақтың  ертеде  озық  дамыған 
алдыңғы  қатарлы  ғылыми  медицинасы  болды  дей  аламыз.  «Тәуіп»  - 
дәрігер,  ауруды  анықтаушы  (диагноз  қоюшы).  Бабаларымыз 
медицинаны  сақия,  яғни  денсаулық  сақтауға  қатысты  білімдер 
жиынтығы  деп  атаған.  Олар  науқасты  организміндегі  ӛзгерістеріне 
байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп тӛрт топқа бӛлген. 
Жаңа  эраға  дейінгі  460-377  жылдары  ӛмір  сүрген  грек 
халқының  ұлы  перзенті,  медицина  атасы  –  Гиппократ  адам  баласын 
табиғатына  қарай  былай  бӛледі:  «Әр  адамның  бір-бірінен 
айырмашылығы организмдегі тӛрт шырын: қан, сілікей, сары ӛт, қара 
ӛттің  қасиеттеріне  тікелей  байланысты.  Сол  тӛрт  шырынның  негізін 
табиғаттың  тӛрт  құбылысы  –  жылы,  салқын,  құрғақ,  және  ылғал 
болуынан»  -  деп  пайымдайды.  Әйгілі  ғұлама  –  Гиппократ  ғылыми 
жұмысқа  кіріспес  бұрын  кӛп  жыл  бойы  сақтар  ішінде  (қазіргі 
қазақтардың бабалары) болғандығын атап ӛтеді. Гиппократ былай деп 
жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. 
Ӛйткені сақтар күйдіру жолмен емдеуді бірінші орынға қояды». 

19 
 
Қазақтың дәрі-дәрмектен ӛзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), 
уқалау,  сипалау,  ыстық  ӛткізу,  суық  басу,  күйдіру,  оңашалау 
(карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр. 
                                                (Ж.Н.Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы») 
3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Экология мәселесіне қатысты эссе жазыңыз. 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
6 – апта 
 
1- тапсырма. Сӛздермен жұмыс істеңіздер. 
Конституция – Ата заң 
Бодан болу – бағынышты болу. 
Танылу – белгілі болу, мойындау 
Ӛршіл – рухы биік 
 
2 – тапсырма. Ӛлеңді мәнерлеп оқыңыз. 
Ата заңым 
Конституция – ол менің Ата заңым, 
Арайланып онымен атар таңым. 
Жаныма нұр құйғандай әсері бар, 
Оқи бергім келеді әр тармағын. 
 
Бодан болған бір кезде бел бүгіле, 
Тәуелсіз ел - қазағым енді, міне. 
Қасиетті Ата заң аясында, 
Еркін ел боп танылдық жер жүзіне. 
Керіп бүгін дем алып кеудемізді, 
Кемел сезім құлаштап ӛрге жүзді, 
Заңды сыйлап, қастерлеп орындаумен, 
Ұзартатын кез келді кӛрпемізді. 
 
Бүгін ӛршіл халқымның ұл-қыздары, 
Ӛркениет – талабы, ұмтылғаны 
Ата заң тұр сол биік бастауында, 
Жарассын деп барлық ұлт ынтымағы! 
                                                       (Әнуарбек Жүнісәлі) 

20 
 
3 – тапсырма. Ӛлеңнің мағынасын түсіндіріңіз. 
4 - тапсырма. Сіздің пікіріңіз қалай? 
 
Мария деген жас әйел қиын жағдайға душар болады. Ӛзін 
ақтап, қорғап шығу үшін жақсы адвокатты тауып кӛмектесуді 
сұрайды. Адвокаттың жұмысы кӛп екен. Ол Марияны кездесуге 
шақырып, кешікпеуді сұрайды. Мария таксимен бармақшы болып, 
кезекке тұрады. Кезегі келгенде бір әйел оның кезегіне қарамай, бұза – 
жара таксиге отырмақшы болады. Мария оның костюмінен тартып, 
итеріп жіберіп, жолын босатады. Сӛйтіп күшпен таксиге отырады. 15 
минут бұрын келеді. Белгіленген уақытта оны адвокатқа шақырады. 
Бӛлмеге кіргенде, Мария тоқтап қалады. Сұмдық, адвокат бағана ӛзі 
таксиден итеріп тастаған әйел екен. Не істеу керек? 
                                                       («Ұрпаққа ұлағат» кітабынан. 100 б.)  
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
7 – апта 
 
1- тапсырма. Сӛздермен жұмыс істеңіздер. 
теріс айналу – тыңдағысы келмеу деген мағынада 
сездіру – ұғындыру,білдіру 
сіңдіру – дарыту(впитывать) 
қаражат – қаржы,ақша 
кӛкбӛріні бейнелеу – изображать волка 
толғаныс – тебіреніс(волнение) 
жігер – күш, қайрат 
сезім – чувство 
салу –класть(вкладывать) 
меңгеру – осваивать  
таң-тамаша болу – быть удивленным 
құлшыну – одухотворяться 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
Бүгінгі мақсат ұлттық тәрбие 
Францияда  жүргеніңізде  қандай  болмасын  дүкенге  кіріп, 
ағылшын  тілінде  бір  зат  сұрасаңыз,  сізге  бірде-бір  сатушы  жауап 
бермейді  және  сізден  теріс  айналып  кетеді.  Кӛшеде  де  солай. 
Ағылшын  тілінде  берген  сұрағыңызға  ешқандай  да  жауап  ала 

21 
 
алмайсыз.  Оларды  сіз  ағылшын  тілін  білмейді  деп  ойламаңыз,  олар 
ағылшын тілін жақсы біледі. Тек сізге, Франция жерінде жүргеніңізді, 
француз тілін қадірлеу қажеттігін сездіреді. Ағылшын тілін шетел тілі 
ретінде меңгерген болсаңыз, онда француз тілін де меңгеру қажеттігін 
ештеңе  айтпай-ақ  түсіндіреді.  Ана  тіліне  деген  осынша  құрметті 
барлық  француз  халқының  бойына  кім  сіңдіріп  отыр?  Бұл  барлық 
француздардың 
ӛз 
еліне 
деген 
патриоттық 
сезімдерінің 
жоғарылығынан деп ойлаймыз. 
Мен  Германияда  4  жылдай  болдым.  Онда  тұратын  кӛптеген 
түрік  азаматтарын  білемін.  Олар  сонда  жүрсе  де,  ӛздерінің  барлық 
жиған  қаражаттарын  Түрік  елінің  банктеріне  салады.  Себебі,  олар 
ӛздерінің тапқан ақшалары түрік еліне еңбек етуі керек деп есептейді. 
2001 жылы Түркияда ӛткен Түрік халықтары мен елдерінің 
қауымдастығына қатынастым. Сонда мынадай жайды байқап, таң-
тамаша болдым. Әр түрлі жағдайларға байланысты күніне бір немесе 
екі рет Түрік елінің Әнұраны орындалып тұрды. Әнұран орындала 
бастағаннан-ақ түрік азаматтары орындарынан кӛтеріле, екі қолдарын 
жоғары кӛтеріп, саусақтарымен кӛкбӛріні бейнелеп, оған құлшына 
қосыла орындап тұрды.                                                                                                                                                                            
Осы уақытта мен олардың бойынан ерекше бір толғаныс, жігер және 
осы елдің азаматымын деген  тебіреніс сезім байқадым. 
Сонда  менің  білгенім,  тек  Германияда  ғана  емес,  дүние 
жүзінің  барлық  елдерінде  жүрген  түрік  азаматтары  ӛздері  тапқан 
қаражаттарын  Түрік  елінің  банктеріне  салады  екен.  Ал  сол  қаражат, 
елдің  экономикасының  дамуының  басты  бір  кӛзі  болып  табылатын. 
(Асқарбек  Құсайынов.  “Бүгінгі  мақсат  ұлттық  тәрбие”  //  “Қазақ 
әдебиеті”, (2902), 14.01.2005) 
                                          («Қазақ тілі» З.С.Күзекова)                                                                                 
3 - тапсырма.Сіздің пікіріңіз 
  Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз. 
 
1.Францияда 
жүргеніңізде 
ағылшын 
тілінде 
берген 
сұрағыңызға жауап ала аласыз.  
2.  Франция    дүкендерінің  сатушылары  ағылшын  тілін 
білмейді. 
3.  Олар  Сізге  Франция  жерінде  жүргеніңізді,  француз  тілін 
қадірлеу қажеттігін сездіреді. 
4. Олар француз тілін де меңгеру (освоить) қажеттігін ештеңе 
айтпай-ақ түсіндіреді. 

22 
 
5.  Француздардың  ӛз  еліне  деген  патриоттық  сезімдері 
жоғары. 
6.  Германияда  тұратын  кӛптеген  түрік  азаматтары  ӛздерінің 
барлық жиған қаражаттарын Түрік елінің  банктеріне салады. 
7.  2001  жылы  Түркияда  Түрік  халықтары  мен  елдерінің 
қауымдастығы ӛтті. 
8. Түрік елінің Әнұраны орындалғанда түрік азаматтары оған 
құлшына қосылады. 
  ОБЪЕКТІЛІК ҚАТЫНАСТАР 
 4-тапсырма. Сӛйлемдерді салыстырыңыз.Ақпарат кӛзі болған  
объектінің тұлғасын анықтаңыз. Қай септікте? 
1.  Ұлы  іс  Отанға  деген  сүйіспеншіліктен,  халыққа  деген 
құрметтен,  осы  екеуі  үшін  аяусыз  еткен  еңбек  пен  ерліктен  туады. 
(Ұлы іс Отанын шын сүйген адамнан туады.) 
2.  Ал  отаншылдық  ӛз  үйіңнен  басталады.  (Отаншылдық  ӛз 
отбасыңнан басталады.) 
3.  Патриотизм  осыдан  басталады.(Отаншылдық  ӛз  еліңді,  ӛз 
үйіңді сүюден басталады.) 
5 - тапсырма.    Кӛп нүктенің орнына ақпарат кӛзі  – объектіні 
қойып жазыңыз. 
Тілінен  айрылған  халық  міндетті  түрде  ...айрылады.(ұлттық 
қасиетінен, ұлттығынан) 
Әр адамда ӛз ... басқа 
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада 
Болу керек құдіретті тӛрт ана: 
Туған жері – түп қазығы, айбыны, 
Туған тілі –сатылмайтын байлығы, 
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі, 
Қадамына шуақ шашар үнемі. (М.Шаханов) (анасынан) 
Патриотизм ... басталады.(осыдан, еліңді сүюден) 
Кеше Бекнұр мен Райыл ... келді. Ауылдағы  ...  шӛп жинауды 
үйреніпті.(ауылдан, ағатайларынан) 
6 - тапсырма. Ұлағатты сӛздерді ұғып алайық: 
Ӛз елімнің  басы болмасам да, сайының тасы  болайын. 
                                                                               Халық  мақалы   
 

23 
 
Жат елде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол. 
                                                                               Халық мақалы 
Отанын ауыстырған адам жүрегін де ауыстыруға тиіс. 
                                                                               Венгер халық мақалы. 
Ӛз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. 
                                                                               Д.Байрон 
Ӛлмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау.                                                                                
                                                                               П.Буаст 
7 - тапсырма. Мәтінді  мазмұндаңыз.  
8 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
9- тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз. 
 
Кішкене қыздың ерлігі 
  Бұл  оқиға  Ұлы  Отан  соғысының  ауыр  жылында  болып  еді. 
Колхозшылар  кӛктем  шығысымен  егіс  басына  қос  тікті.  Осындай 
қостардың  біріне  күйеуі  соғыста  жүрген  Күлән  үш  баласымен  кӛшіп 
келді.  Жеті  жастағы  Жібек  кішкене  інілерін  қарайтын.  Шешесі 
жұмыста. 
Бір күні Жібек қостың ішін сыпырып жатқанда, далада ойнап 
жүрген 
Нұржан: 
- Жібек, Жібек! От! От! – деп жүгіріп келді. 
-  Жібек  үрейленіп  тысқа  шықты.  Ӛршіген  ӛрт  сүйір  тілдерін 
сумаңдатып  жерді  жалап,  жалмап  келеді.  Жібек  Нұржанды  арқалап 
алып  суға  қарай  жүгірді.  Баланы  батпақты  суды  кештіріп  қойды,  ӛзі 
қосқа қарай бет алды. 
Қосқа  жете  бергенде  жалын  тілі  бетін  шарпып  кеткендей 
болды.  От  лебі  бет  қаратар  емес.  Бірақ  шыр-щыр  еткен  Біржанның 
дауысын  естігенде,  қостың  ішіне  қойып  кетті.  Түтінге  шашалып, 
бақырып,  еңбектеп  жүрген  сәбиді  қолынан  тарта  жӛнелді.  Сыртқа 
шыға  бергенде,  кӛйлегінің  етегін  от  шарпыды.  Жібек  оны  тӛбесіне 
қойып жүгірді. Суға жете бере Біржанды жерге түсіріп, ӛзі суға қойып 
кетті.  Күйген  жерлері  ашып,  қиналды.  Ол  есінен  танып  құлағанда, 
үлкендер де жеткен еді.  

24 
 
Сол бір қыздың ерлігі әлі де кӛз алдымда тұрғандай. 
                                                                                 (С. Сауытбеков) 
 
1. Бұл оқиға қай уақытта болған еді? 
2. Нұржанның жүгіріп келу себебі неде? 
3. Жібек Нұржанды құтқару үшін қандай әрекет жасады? 
4. Кішкене қыздың жасаған ерлігін қалай бағалайсыздар?   
 
                                         Сӛздік 
Оқиға – событие 
Ұлы Отан соғысы - Великая Отечественная война 
Егіс – посев, поле 
Сыпыру – подметать  
Жүгіріп келу – прибежать 
Үрейленіп – сильно испугавшись 
Шаршап кеткендей болды – вспыхнув  
Шашалу – поперхнуться 
Сәби – малыш, ребенок 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

25 
 
Бақылау тест 
1. Ауыспалы мағынада қолданылған сӛз тіркесін табыңыз 
А) алтын сақина 
Ә) алтын тіс 
Б) алтын жүрек 
В) алтын ыдыс 
2. Тәуелдік жалғауы бар сӛзді анықтаңыз
.
 
А) балада 
Ә) үйімде 
Б) мектептер 
В) баламын 
3. Антоним сӛздерді белгілеңіз. 
А) биік, кең 
Ә) ұнатпау, жамандау 
Б) ата - ана 
В) ет, май 
4. Фразеологизмдерді кӛрсетіңіз. 
А) тіс тазалау 
Ә) тісті кӛрсету 
Б) тісті салу 
В) тіс жармау 
5.
 
Қай сӛйлемде «ма» бӛлек жазылады? 
А) Сен ойла(ма) 
Ә) Ол кеше бар(ма)ды 
Б) Ол жақсы бала(ма)  
В) Бала(ма) айт 
6.
 
«взрослый» деген сӛздің аудармасын анықтаңыз. 
А) қарт 
Ә) үлкен 
Б) ересек 
В) жас 

26 
 
7. Берілген сӛйлемнің мағынасына сәйкес келетін сӛйлемді 
белгілеңіз. 
Менің досым - ӛте ақылды адам. 
А) Досымның қабағынан қар жауып жүреді. 
Ә) Досым - аузын ашса, ар жағынан жүрегі кӛрініп тұратын 
адам. 
Б) Досым қой аузынан шӛп алмас. 
В) Досым тас жүрек болып шықты. 
8. «Қорықты» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді 
табыныз. 
А) жүрегіне тиді 
Ә) жүрегі тас тӛбесіне шықты 
Б) жүрек жұтқан 
В) жүрек жалғады 
9. Қай сӛйлемде етістіктің бұйрық райы бар? 
А) Мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. 
Ә) Кешке дейін үйде болғым келеді. 
Б) Егін жақсы шықса, халық тоқ болады. 
В) Болған істің бәрін айтып берсін. 
10. «алыс», «шалғай» деген сӛздер нені білдіреді? 
А)  заттың атын 
Ә)  мезгілді  
Б)  мекенді 
В)  санды 
11. Ауа – райыны байланысты қолданылатын сӛздерді 
кӛрсетіңіз 
А)  дәмді, дәмсіз 
Ә)  арзан, қымбат 
Б)  желді, желсіз 
В) ақылды, ақылсыз 
12. Демеуші деген кім? 
А)  рухани кӛмек беруші  
Ә)  қаражатпен кӛмек беруші адам немесе ұйым 
Б) театрда жұмыс істейтін адам 
В) бастық 
13. Ауыспалы мағынада қолданылған сӛз тіркесін табыңыз. 
А)  кӛзі ашық 
Ә)  ашық есік 
Б) ашық терезе 

27 
 
В) ашық бӛлме 
14. Термин сӛздерді белгілеңіз. 
А) антоним, сӛйлем мүшесі 
Ә) аула, кӛше бойы 
Б) үлкен, кең 
В) дәптер, кітап 
15. Болжалды келер шақтағы етістігі бар сӛйлемді табыңыз. 
А)  Студенттер сабақта тыныш отырады.  
Ә)  Енді олар Астанаға бармақ 
Б)  Түбінде ол мақсатына жетер 
В)  Олар келесі жылы ауылға барады 
16. Қай сӛз тіркесі дұрыс емес? 
А)  биік қарындаш 
Ә)  биік ағаш 
Б)  биік үй 
В)  биік ғимарат 
17. Қалау райдағы сӛзді табыңыз. 
А) барып келді 
Ә) айтқысы келеді  
Б) ертең келеді 
В) келсе келеді 
18. Тәуелдікті қай септік білдіре  алады? 
А) жатыс 
Ә) барыс  
Б) ілік 
В) шығыс 
19. Қай сӛз тіркесі дұрыс?  
А) сәлем сал 
Ә) сәлем қой 
Б)  сәлем кӛр 
В)  сәлем айт 
20. Фразеологизмді кӛрсетіңіз. 
А) тіс тазалау 
Ә) тіс кӛрсету 
Б)  тіс салу 
В)  тіс жармау 
21. «аты ел аузында» деген сӛз тіркесінің мағынасын табыңыз. 
А) ашық 
Ә) белгілі 

28 
 
Б)  жылдам  
В)  анық  
22. Омоним бола алатын сӛзді табыңыз 
А) жүр 
Ә) жан 
Б)  алақай 
В)  жоқ 
23. «қорқақ» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді 
кӛрсетіңіз. 
А) ит ӛлген жерде 
Ә) аузы ашық 
Б) қоян жүрек 
В) қас пен кӛздін арасы 
24. Білім сӛзімен қай сӛз тіркеспейді? 
А) сапалы 
Ә) терең 
Б)  жоғары 
В)   лас 
25. «қолы ашық» деген сӛз тіркесінің мағынасын табыңыз. 
А) ашық 
Ә) анық 
Б)  жылдам 
В)   жомарт 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

29 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
8 - апта 
 
Қала мәдениетін қалай дамытамыз? 
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. «Мәдениет» деген сӛзге сіз қандай анықтама берер едіңіз? 
2. «Қала мәдениеті» дегенді сіз қалай түсінесіз? 
3.  Ел  экономикасы  мен  мәдениетінің  бір-біріне  әсері  қандай 
болуы мүмкін? 
 
2-тапсырма. 
Төмендегі 
сөз 
тіркестерімен 
сөйлем 
құрастырыңыз. 
       Қала  мәдениеті,  қала  тұрғыны,  тұтыну  және  қызмет 
кӛрсету  мәдениеті,  халықтың  жүріс-тұрысы,  адамдардың  бір-бірімен 
қарым-қатынасы.  
 
Париж – қонақжайлықтың қаласы, сән әлемінің астанасы. Рим 
– мәңгілік қала. Женева – іскерліктің, Рио де Жанейро – карнавалдың 
қаласы. Тарихы тереңге бойлаған, соған қарай мәдениеті қалыптасқан 
әлем  қалаларын  осылайша  тізбелеп  шығуға  болады.  Ал,  бізде  ше? 
Біздің  де  тарихы  тереңде  жатқан  Түркістан  сынды  шаһарымыз, 
егемендік  алғалы  ӛсумен  келе  жатқан  елордамыз  –  Астана  мен  орны 
қашанда  жоғары  тұратын  Алматымыз  бар.  Астананы  Еуразияның 
жүрегі  дейміз,  ал  Алматыны  экономикалық  бизнес  орталығына 
айналдырғымыз  келеді.  Бірақ,  ең  бастысы,  ӛзге  жұрт  соны 
мойындайтындай,  біз  қандай  қадамдарға  баруымыз  қажет?  Бұл  қала 
мәдениетімен тығыз байланысты. Себебі адамзат ӛркениеті – қаланың 
ӛркениеті. Халықтың жүріс-тұрысы, мәдениеті, қарым-қатынасы, бәрі, 
бәрі ӛмір сүріп отырған шаһардың бет-бейнесін қалыптастырады. 
Қала халқының бір-бірімен адамгершілік, құқықтық негізінде 
саяси мәдениет, еңбек мәдениеті, экономика, тұтыну, қызмет кӛрсету 
мәдениеттері қалыптасады.  
Кез-келген қаланың бет-бейнесі мен мәдениеті  –  мемлекеттің 
даму  дәрежесін  кӛрсетеді.  Әлемдегі  Лондон,  Париж  сияқты  кӛптеген 
қалалар  ӛздерінің  мәдени  ӛмірімен  бүкіл  туристерді  тартып 
отырғанын  баршамыз  білеміз.  Ендеще,  еліміздің  де,  әрбір  қала 
тұрғынының  да  мәдениетті  болуы  басты  міндет.  Ал,  бізде  қала 
мәдениеті қаншалықты қалыптасып үлгерді?  
                         (С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі») 

30 
 
3-тапсырма. Тиісті жалғауларды жалғаңыз. 
1.  Лондон  (-ның,  -да,  -ды)  автобустар  міндетті  түрде  қызыл 
болады. 
2.  Қоқыс  тастап,  ластағандар  (-дың,  -ға,  -ды)  айыппұл  салу 
қажет. 
3.  Қазақ  қаласы  (-ның,  -нда,  -нан)  кескін-келбеті  ұлттық 
тұрғыда болуы тиіс.  
4. Қала мәдениетін қалыптастыру кез-келген адам (-мен, -нан, 
-ның) басталады.  
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
алаң – площадь, поляна. 
тӛсегіш – газон. 
жылыту жүйесі – система отопления. 
құрылғы – оборудование. 
тосын оқиға – неожиданное происшествие. 
ӛрт сӛндірушілер – пожарники. 
Қорғаныс министрлігі – Министерство Обороны. 
 
2-тапсырма. Оқыңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет