Қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата26.01.2017
өлшемі1,8 Mb.
#2771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

              
 
«Астана-Арена» жабық стадионы  
Астана  қаласындағы  қазіргі  кезде  Еуропаның  5  жоғары 
деңгейдегі,  барлық  халықаралық  талаптарға  сай  келетін  ―Астана-
Арена‖ стадионы бар.  
2011  жылы  осы  жерде    VІІ  Қысқы  Азия  ойындардың  ашылу 
рәсімі  ӛтті.  Бұл  стадион  бекерден  таңдалып  алынған  жоқ.  Ӛйткені 
стадион  Еуропаның  ең  әдемі  деген,  барлық  халықаралық  талаптарға 
жауап  беретін,  техниканың  қай  жағынан  алсаңыз  да  толығымен 
жарақталған 5 стадионның бірі болып табылады. Стадионның футбол 
алаңы  италиялық  тӛсегішпен  тӛселген,  ал  оның  инфрақұрылымы 
жағынан  мұнда  керекті  нәрсенің  бәрі  бар.  Мәселен,  стадионда  сахна 
қойып,  концерт  ӛткізуге  болады.  Бассейн,  екі  табло,  теледидар  және 
радио  хабарларын  тарату  үшін  қазіргі  заман  талаптарына  жауап 
беретін  жүйелер,  жарық  беретін  соңғы  үлгідегі  прожектор,  демалыс 
орындары,  бокс  рингтері,  фитнес  клуб,  күрес  залы  және  басқа  да 
қажетті  орындармен  жабдықталған.  Ал  стадионның  ең  басты 
ерекшелігі  –  оның  үстіне  17-20  минӛт  ашып-жабылатын  арнайы  құ-

31 
 
рылғы  орнатылған.  Әлемде  мұндай  құрылғылар  біздің  стадионмен 
қоса есептегенде санаулы елдерде ғана бар. 
Стадионға 30200 адам сыяды. Егер тосын оқиға бола қалса, ха-
лық  10-15  минӛттің  ішінде  стадионнан  шыға  алады.  Әр  кезде  бұл 
стадионда болуы мүмкін ӛрт және басқа да тосын оқиғалардың алдын 
алу үшін бірнеше рет оқу-жаттығу ӛткізеді. Оған аудандық, қалалық, 
республикалық ӛрт сӛндірушілер қатысты. 
Тағы    стадионда  автономды  жылыту  жүйесі  орнатылған.  Ол 
белгілі  бір  температураны  ұстап  тұрады.  Барлық  салтанатында 
стадионның  температурасы  10-12  градус  жылылықты  кӛрсететін  бо-
лады.  Сондықтан  ештеңеге  уайымдамаңыздар,  әр  түрлі  ойындардың 
ашылуы  жоғары  деңгейде  ӛтіп,  халық  суықтан  тоңбайды.  Қазір 
стадион Қорғаныс министрлігінің балансында. 
Стадионның жанында велотрек пен коньки тебу стадионының 
құрылысы  жүріп  жатыр.  Осы  үш  нысанға  бір  ортақ  қонақ  үй  керек 
сияқты.  Әйтпесе  біздің  спортшылар  жаз  шыға  спорт  алаңдарының 
жанында  қонақ  үйлердің  болмауынан  Түркия  мен  басқа  да  елдерді 
жағалап кетеді. Осындай тілегім бар.  
                                                                                                     
(www.city.kz) 
 
3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтіннен етістіктерді табыңыздар. 
5  -  тапсырма.  Спорт  тақырыбына  байланысты  ӛз  ойыңызды 
баяндаңыз. 
 
1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Діни   -   религиозный.  
Жобалау   -   проектировать.                  
Ғибадатхана   -   храм.   
Кӛлденең   -   поперѐк.                
Мұнара   -   вышка, башня. 
 
Қабат   -   этаж, уровень.        
Сапаршы   -   путешественник.      
 
Бау-бақша   -   сад. 
Бағана   -   столб, колонна. 
Кӛрме   -   выставка. 
Тӛзімділік   -   терпимость, выносливость.                     

32 
 
Күмбез   -   купол.       
Зорлық - зомбылық   -   насилие. 
2-тапсырма. Оқыңыз. 
                                                            
Бейбітшілік және Келісім Сарайы 
Астанадағы  Бейбітшілік  және  келісім  сарайына  ұқсас  әлемде 
сәулеттік  діни  ғимараттар  жоқ.  Әрине,  бір  шаңырақтың  астында 
әртүрлі  діни  дәстүрлерді  жинақтайтын  ғимараттар  болғанымен, 
Қазақстан  ғибадатханасы  мәнді  келісімсӛздер  жүргізетін  бір  биік 
мұнара  болып  табылады.  Сондықтан  мұнда  әртүрлі  әлемнің  дәстүрлі 
діндерінің 
жиналуы 
және 
Мәдени 
мұражайдың, 
Ӛркениет 
университетінің  және  1500  орындық  опера  театрының  ашылуы  ӛте 
орынды. 
Қазақстанның жас астанасындағы бұл ғимаратты сарапшылар 
«Әлемнің  сегізінші  кереметі»  деп  атаған.    Осы  барлық  сән-салтанат 
әлемнің  қолдарын  білдіретін  тӛрт  мығым  бағанға  тірелген.  Бұл 
Қазақстанның  қонақжайлылығын,  еркіндігін  және  діни  тӛзімділігін 
кӛрсететін  белгі  болып  табылады.  Бейбітшілік  пен  келісім  сарайын 
салу  идеясы  –  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  тиесілі. 
Бүгінде  ол,  зорлық-зомбылықтан  бас  тарту  және  адамдардың  теңдік 
және сенім символы  діни түсініктің ғаламдық орталығына айналды. 
Сәулетші-философ,  жоғары  технологиялардың  әншісі,  ӛзінің 
туындыларын  тарихи-мәдени  ортаға  әсемдікпен  енгізуге  тырысатын,  
Жапон  сәулетшісі  Кисѐ  Курокава  сынды    әлемнің  әйгілі  он 
сәулетшілерінің  қатарына  кіретін,  сәулетші  Норман  Фостер, 
Пирамиданың  бірегей  авторы.  Ол,  Еуроппа,  Азия  және  Америка 
қалаларында  бой  кӛтерген  ғимараттардың  авторы.  Ол,  Трафальгар 
алаңын,  Британ  музейін,  Берлин  Рейхстагіндегі  жаңа  парламентін, 
Гонконгтың  «Чех  Лап  Кок»  әуежайын,  «Гонконг  және  Шанхай 
банкін»,  Франкфурттегі  банк  ғимараттарын  және  тағы  да  басқа 
құрылыстарды жобалаған. 
Сарай шартты түрде кӛлденеңнен екі бӛлікке бӛлінген. Оның 
тӛменгі  қабатының  қырық  жеті  метрі  табиғи  тастармен  қапталған 
және  терезелері  жоқ.  Рухани  конфессиялардың  кеңселері  бірнеше 
қабаттарда  орналасқан.  Сонымен  қатар  діни  басқосуларға  арналған 
жалпы  кӛлемі  1200  шаршы  метрді  құрайтын  тӛрт  зал  орналасқан. 
Сарайда кӛрме залы, қысқы бау-бақша, VIP-залдары, кеңсе бӛлмелері 
және Қазақстан халықтары Ассамблеясына арналған мәжіліс-залдары, 
баспа-орталықтары, мейрамхана, дәмхана бар.   

33 
 
Пирамида Есілдің оң және сол жақ жағалауын қосады. Болат, 
алюминий,  арнайы  әйнектік  кӛркемдеу,  бірегей  техникалық  ойлар, 
сәулет  жаңалықтары  құрылысқа  қандай  да  бір  сиқырлы  бейне 
бергенін  кӛреміз.  Кӛрмелік  лифт  адамдарға  жасыл  алаңдар  мен 
пирамиданың  күмбезінен  түсетін  сәуле  әсемдігін  тамашалауға 
мүмкіндік  береді.  Ең  қызығы,  толқынды  табалдырықтармен 
"Астананың асылған бауының" арасымен  жоғарыға жаяу кӛтерілген. 
Сондай-ақ,  ғимараттың  сыртында:  Фостердің  ұлы  Пирамидасын 
Есілдің екі жағалауынан да кӛруге болады.                                                              
                                (http://adebiet.kz  сайтынан алынған) 
 
3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Әлемнің жеті кереметі туралы не білесіз? 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
9  - апта 
 
1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Алаң – площадь. 
 
Салтанатты – торжественный. 
Қуаныш – радость. 
Мерекелік бағдарлама – праздничная программа. 
Орындаушы – исполнитель. 
Сахна – сцена. 
әлемдік деңгей – мировой уровень. 
рахат – удовольствие. 
сауда орталығы – торговый центр. 
 
2-тапсырма. Оқыңыз. 
 
«Хан Шатыр» 
Мерекеге сай безендірілген «Хан Шатыр» алаңына тӛрт мыңнан астам 
адам  жиналды.  Ал  мыңдаған  қазақстандықтар  мемлекеттік 
телеарналардан  салтанатты  шараны  тікелей  трансляция  арқылы 
тамашалай  алды.  Тұсаукесерге  жиналған  қауым  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевты,  Ресей  Президенті  Дмитрий  Медведевті,  Украина 
Президенті  Виктор  Януковичті,  Түркия  Президенті  Абдолла  Гүлді, 

34 
 
Тәжікстан  Президенті  Эмомали  Рахмонды  және  ӛзге  де  елдердің 
басшыларын үлкен қуанышпен қарсы алды. 
Ойын-сауық  орталығының  ашылуында  барлық  жағдайлар, 
ұсақтан  бастап  техникалық  жайттар  түгелімен  қарастырылған. 
Мұндай  түрлі-түсті  кӛз  тартар  лазерлі  шоуды  елорда  бұрын-соңды 
тамашаламағанды.  Айналаны  нұрға  бӛлеген  түрлі-түсті  жарықтарды 
жабдықтаушылар Еуропадан Астанаға арнайы әкелді. 
Мерекелік  бағдарламаның  алғашқы  нӛмірі  «Кӛш»  деп  аталатын 
театралды қойылым болды. Бұл арқылы барша жиналған қауым ӛткен 
күнге саяхат жасап, үлкен әсерге бӛленді. Салт аттылар, жүйрік аттар, 
кӛшпенділер арбасы … Бағдарламаға ұлттық ойын түрлері де кірген. 
Әлімсақ кӛшін бастағандар мерекеге күшті дем беріп, рең бере түсті. 
Ал  бүркіт  ұстаған  жігіттер  кім-кімнің  де  болмасын  қызығушылығы 
мен таңданысын тудырды. Енді ше, тек қазақ пен қырғыз ғана осынау 
дала құсын қолға үйрете алады емес пе? 
Құрманғазы  атындағы  халық  аспаптар  оркестрі  жаңа 
композициясын  ұсынды.  Дала  әуенінің  нағыз  шедеврі  –  «Жорық» 
күйін  орындады.  Ал  «Қара  жорғаны»  оркестр  «Ұлытау»  тобымен 
бірге орындады. 
Балет 
әртістері 
мен 
ұлттық-мәдени 
орталықтары 
би 
ұжымдарының  «Күн  адамдары»  атты  хореографиялық  композициясы 
кӛпшілік  кӛңілінен  шықты.  Бағдарламаның  музыкалық  бӛлімін 
Мемлекеттік капелла хоры мен 21 ғасырдың аңызына айналған әйгілі 
орындаушы Андреа Бочелли жалғастырды. 
Андреа  Бочелли  әлемдік  деңгейдегі  опера  жұлдызы.  Ол  Астана 
күткен  ең  қадірлі  қонақ  болды.  Біздің  сайтымызда  жүргізілген 
сауалнама  негізіне  сүйенер  болсақ,  оның  концертіне  сайтқа 
кірушілердің  40%-ы  барғысы  келетінін  білдік.  Ол  бала  кезінен 
жанарын жоғалта бастап, 12 жасында суқараңғы болып қалды. Алайда 
оны ата-анасы қатал тағдырына қарсы тұруға о бастан үйретіп бақты. 
Нәтижесінде  зағип  орындаушының  әндері  миллиондаған  тиражбен 
таралды. 
Андреа кӛрермендеріне риза болды. Опера әншісін жылы қарсы 
алып, әндерін сүйсіне тыңдап, тіпті сахнадан жібергісі келмеді. 
Ашылу  салтанатына  жиналғандар  үшін  шатырдың  ең 
тӛбесінен  «Алтын  Адамның»  түсуі  ұмытылмас  оқиға  болды.  Кеш 
бағдарламасын  иллюминациялық  шоу  мен  мерекелік  фейерверк 
қорытындылады.  Одан  соң  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаев  ӛз  әріптестерін,  достас  мемлекет  басшыларын  Астананың 

35 
 
кӛрікті  орнына  айналып  отырған,  жаңа  ғимаратты  аралап  кӛруге 
шақырды.«Хан  Шатыр»  сауда  ойын-сауық  орталығы  –  атақты 
сәулетші  Норман  Фостердің  қолымен  жасалған  кезекті  ӛнер 
туындысы.  Америка,  Біріккен  Араб  Әмірліктері,  Италия  –  бұл 
жергілікті халықтың мақтанышына айналған сәулетші нысандарының 
толық  тізімі  емес.  Енді  Норман  Фостердің  қызметтік  тізіміне 
қазақстандық «әлемнің кереметі» қосылды. 
«Хан  Шатыр»  Астана  архитектурасында  үйлесімді  орнын 
алды,  ол  Президент  Резиденциясы  мен  үкіметтік  ғимараттар 
кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр. 
Шатырдың құрылысы кезінде пайдаланылған кӛптеген технологиялар 
мен  материалдар  теңдесі  жоқ  болып  табылады,  олардың  кейбірі 
әлемдік  тәжірибеде  тұңғыш  рет  қолданылып  отыр.  Шатырдың 
қайталанбас  қабаты  оны  Астана  халқына  үйреншікті  болып  кеткен 
сырттағы  боран  мен  аяздан  қорғап,  іште  қысы-жазы  қолайлы  климат 
ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн 
нұрының тӛгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. 
Табиғатта  түрлі  климаттық  белдеулерде  ӛсетін  жасыл-
желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады. 
Осының  барлығын  ең  жоғарғы  террасада  орналасқан  қарау 
алаңынан тамашалап, тамсануға болады. Ғимараттың орталығындағы 
кең  алаң  кӛрме  және  ойын-сауық  шараларына  арналған.  40  000 
шаршы  метр  жайлы  аумағы  дәмхана,  мейрамхана,  кинотеатр  мен 
дүкендерге  берілген.  Қаладағы  сауда  орталықтарының  кӛптігінен 
жалға алушылар бұл жерге келмейді деген болжамдар жоққа шықты. 
Коммерциялық алаңдардың 82%-ы қазірдің ӛзінде бос емес. Олардың 
арасында бүкіл әлемге таныс брэндтермен бір қатарда астаналықтарға 
ұнап  үлгерген  сауда  маркалары  да  кездеседі.  Мысалы,  «Грин» 
супермаркеті.  Сауда  мен  қызмет  кӛрсету  нысандарынан  басқа,  осы 
жерде заман талабына сай фитнес орталығы, сұлулық салоны және т.б. 
табуға болады. 
Тропикалық  су  бағы  мен  алыс  Мальдив  аралдарынан  арнайы 
әкелінген  жұмсақ  құм  тӛселген  керемет  жағажай  орталықтың  ең 
қызықты  орындарының  бірі.  Хауыздардың  бірінде  орналасқан 
жасанды толқын әсерлі кӛрініс береді. Осы жерде жылдың кез-келген 
мезгілінде  тура  Жерорта  теңізінде  демалып  жатқандай  сезімге 
бӛленіп, рахат алуға болады. 

36 
 
Сонымен  қатар  тағы  бір  айта  кететін  жайт  –  орталықтың 
ашылуына байланысты Астананың 1,5 мың тұрғыны жұмыс орнымен 
қамтамасыз етіледі. 
Астаналықтар  жаңа  сауда  ойын-сауық  орталығын  қуана 
қабылдады.  Кеше  бір  күннің  ішінде  «Хан  Шатырға»  ондаған  мың 
адам барып, ӛз кӛзімен кӛруді жӛн санапты. Бұл тек басы ғана... 
(http://adebiet.kz  сайтынан алынған) 
 
3 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Мәтінге  қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. «Хан Шатырының» қандай ерекшеліктері бар? 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
10  - апта 
Абайдың қара сӛздері 
Он тоғызыншы сӛз 
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын баяндаңыз. 
Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, кӛріп, ұстап, 
татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды  –  дағы,  сондайдан 
білгені,  кӛргені  кӛп  болған  адам  білімді  болады.  Естілердің  айтқан 
сӛздерін ескеріп жүрген кісі ӛзі де есті болады. Әрбір естілік жеке ӛзі 
іске  жарамайды.  Сол  естілерден  естіп  білген  жақсы  нәрселерін 
ескерсе, жаман дегеннен сақтанса сонда іске жарайды, соны адам десе 
болады.  
Мұндай  сӛзді  есіткенде  жайқақтап,  шалғырттанып  не 
салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап 
ұғайын  деп  тұшынбаса,  не  сол  жерде  сӛздін  расына  кӛзі  жетсе  де, 
шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп- есітпей не керек?  
Осындай  сӛз  танымайтұғын  елге  сӛз  айтқанша,  ӛзіңді 
танитұғын шошқаны баққан деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сӛз 
болады.         
                    (Абай Құнанбайұлы. Қара сӛздер. Поэмалар.) 
 
 

37 
 
Отыз бірінші сӛз 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын баяндаңыз. 
Естіген нәрсені ұмытпастыққа тӛрт түрлі себеп бар: 
әуелі – кӛкірегі байлаулы берік болмақ керек; 
екінші  –  сол  нәрсені  естігенде  я  кӛргенде  ғибрәтлану  керек, 
кӛңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; 
үшінші  –  сол  нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып 
ойланып, кӛңілге бекіту керек; 
тӛртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез 
болып қалса, салынбау керек. 
Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртық, ойыншыл  – күлкішілдік, 
я  бір  қайғыға  салыну,  я  бір  нәрсеге  құмарлық  пайда  болу.  Бұл  тӛрт 
нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. 
                            (Абай Құнанбайұлы. Қара сӛздер. Поэмалар.) 
Он алтыншы сӛз 
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын баяндаңыз. 
Қазақ  құлшылығым  құдайға  лайықты  болса  екен  деп  қам 
жемейді.  Тек  жұрт  қылғанды  қылып,  жығылып  тұрса  болғаны. 
Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң - ал 
әйтпесе  саған  бола  жәрден  мал  қазамын  ба  ?»дейтұғын  болушы  еді 
ғой.  Құдай  тағаланы  дәл  сол  саудагердей  қыламын  дейді.  Тілін 
жаттықтырып,  дінін  тазартып,  ойланып,  үйреніп  әлек  болмайды. 
«Білгенім  осы,  енді  қартайғанда  қайдан  үйрене  аламын»  дейді.  « 
Оқымадың демесе боладтағы, тілімнің келмегенін қайтушы ед » дейді. 
 Оның тілі ӛзге жұрттан бӛлекше жаратылып па?  
                         (Абай Құнанбайұлы. Қара сӛздер. Поэмалар.) 
 
Слово тридцать первое 
Существует  четыре  причины,  способствующие  восприятию  и 
запоминанию услышанного: 
 Во  –  первых,  нужно  утвердиться  духовно  и  быть 
непреклонным; 
 Во  –  вторых,слушать  советы  умных  людей  со  вниманием  и 
открытым  сердцем,  с  готовностью  и  желанием  уяснить  смысл 
сказанного; 

38 
 
 В – третьих, вдумчиво, неоднократно повторять про себя эти 
слова, и закреплять их в памяти
 В  –  четвертых,  следует  избегать  вредных  свойств  ума,  если 
даже  придется  подвергнуться  искушениям  этими  силами,  не 
поддаваться им. 
 Вредные свойства ума: беспечность, равнодушие, склонность 
к беспричинному веселью, тяга к мрачным раздумьям  и губительным 
страстям. Вот эти четыре порока способны и ум и талант. 
Слово двенадцатое 
 Когда  кто-  то  учит  других  слову  божьему,  хорошо  ли,  плохо 
ли  делает  он  свое  дело,  у  нас  язык  не  повернется  запретить  ему 
проповедь, 
ибо 
нет 
ничего 
предосудительного 
в 
делах 
благонамеренных.  Пусть  наставляет,  если  даже  сам  недостаточно 
просвящен. Но ему помнить два непреложных условия. 
 Прежде  всего,  он  должен    утвердиться  в  своей  вере,  во- 
вторых, пусть слишком недовольствуется тем, что знает, а постоянно 
совершенствуется.  Если  кто,  не  завершив  учебу,  оставляет  ее,  тот 
лишает себя божьего благословения, от его наставлений прока не жди. 
Что  толку,  если,  обернув  голову  чалмой,  строго  соблюдая  посты, 
совершая моления, он напускает на себя благообразие, но не знает, в 
каких местах требует повторения или в каком месте может прерваться 
тот или иной намаз? 
Кто  небрежен,  не  соблюдает  себя  в  строгости,  не  умеет 
сострадать,  того  нельзя  считать  верующим  –  без  бережливости  и 
внимания не удержать в душе иман – веру. 
 
Слово шестнадцатое 
 Казах не беспокоиться о том, угодны ли Богу его моления. Он 
делает  только  то,  что  делают  другие  –  встает  и  падает,  молясь.  С 
Богом  обходиться  примерно  как  с  купцом,  явившимся  за  долгом  :  « 
Это все, что имею, хочешь – бери, не хочешь – не из под земли же я 
достану  тебе  скот».  Не  будет  утруждать  себя,  думая,  ломая  язык  , 
обучаясь, заботясь об очищении веры. « Это все, что знаю, не браться 
же  за  учебу  на  старости  лет.  Главное  –  не  попрекнули  бы,  что  не 
молюсь, а что язык коряв – не беда».  
 Разве у него язык устроен не так, как у других?  

39 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
11 - апта 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Ескі - старый. 
Шие - вишня. 
Орамал - платок. 
Еріну - лениться. 
Еңкею - наклониться. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Әке мен бала 
Бір  адам  он  жасар  баласын  ертіп,  егіннен  жаяу  келе  жатса, 
жолда қалған аттың бір ескі тағасын кӛріп, баласына айтты:  
-  Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.  
Бала әкесіне:  
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.  
Әкесі үндемеді, тағаны ӛзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың 
шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, 
манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер ӛткен соң, 
шие  сатып  отырғандардан  ол  үш  тыйынға  бірталай  шие  сатып  алды. 
Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен ӛзі бірем-бірем алып жеп, 
баласына  қарамай,  аяңдап  жүре  берді.  Біраз  жер  ӛткен  соң,  әкесінің 
қолынан  бір  шие  жерге  түседі.  Артында  келе  жатқан  бала  да  тым-ақ 
қызығып  келеді  екен,  жерге  түскен  шиені  жалма-жан  жерден  алып, 
аузына  салды.  Бітегенеден  соң  және  бір  шие,  онан  біраз  ӛткен  соң 
және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он 
шақты  рет  иіліп,  жерден  алып  жеді.  Ең  соңында  әкесі  тоқтап  тұрып, 
баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:  
-    Кӛрдің  бе,  мана  тағаны  жамансынып  жерден  бір  ғана  иіліп 
кӛтеріп  алуға  еріндің,  енді  сол  тағаға  алған  шиенің  жерге  түскенін 
аламын  деп  бір  еңкеюдің  орнына  он  еңкейдің.  Мұнан  былай  есіңде 
болсын:  аз  жұмысты  қыйынсынсаң  -  кӛп  жұмысқа  тап  боласың;  азға 
қанағат ете білмесең - кӛптен де құр боласың, - деді. 
                                                                               (http://adebiet.kz) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз.  

40 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Жетім - сирота. 
Құмырсқа - муравей. 
Ӛрмелеу - ползти.                                           
Тырмысу - стараться. 
Ақсақ - хромой. 
Патша - правитель. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
СӘТЕМІР ХАН 
 
Сәтемір  жеті  жасар  күнінде  атасынан  жетім  қалыпты. 
Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбіне 
шаршаған  соң  сүйеніп,  жан-жағына  қарап  жатса,  бір  аяғы  ақсақ 
құмырсқа  тамның  тӛбесіне  қарай  ӛрмелеп  барады  да,  орта  шеніне 
барғанда  құлап  түседі.  Тұра  салып  тағы  да  ӛрмелейді,  бағанағыдан 
қарай жоғарырақ барғанда тағы да құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа 
және  тырмысады.  Ақыры  бар  күшін  салып,  қисая-мисая  барып 
тамның  тӛбесіне  шығып  кетеді.  Мұны  кӛріп  Сәтемір  ойға  қалды: 
«Құдайтағаланың  жаратқан  жан-жануарының  ең  кішкентайы  осы 
құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай, жұмыс жұмыстап жүр. Ӛзі ақсақ, 
бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында 
мұратына жетті. Тамның басына шықты, мұны кӛріп отырып менің де 
талап  іздемей,  жұмыссыз  ойнап  жүргенім  ақылсыздық  екен»,  -  деп 
ойынын тастап қалаға барды. 
Қалада  бір  зор  білімді  оқымысты  молда  бар  екен,  соған  үй 
сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс. 
Ақырында  сол  Сәтемір  асқан  данышпан,  айдай  әлемге  патша 
болған. 
                  (Ыбырай Алтынсарин, «Ӛнер білім бар жұрттар»,1991ж.) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 
 
 
 

41 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
12 - апта 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Керексіз - ненужный. 
Мақта - вата. 
Қиқым - кусочек. 
Торғай - воробей. 
Ұя - гнездо. 
Балапан - птенец. 
Мамық - пух. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
БІР УЫС МАҚТА 
 
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі 
қасына отырып, ақыл айтты:  
-
 
Балам, 
дүниедегі 
жаратылған 
жанды-жансыздардың 
ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды.-деп. 
-
 
Сол  сӛзді  айтып  отырғанда  қыз  бала  киімін  жамап  болып 
жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып далаға тастады: 
-
 
Әже, қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,-деп. 
    Шешесі: 
-
 
Балам, сол да жерде қалмайды,- деді. 
Осылайша  сӛйлесіп,  терезеден  қарап  отырса,  бағанағы  мақтаны 
жел  кӛтеріп  ұшырды,  мұны  бір  торғай  кӛріп  қуып  барып,  мақтаны 
тұмсығына тістеп қана ұшып кетті. Қыз әжесінен: 
-
 
Бағанағы  мақтаның  қиқымын  бір  торғай  алып  кетті,  оны 
неғылады?- деп сұрады. 
Әжесі айтты: 
-Кӛрдің  бе,  балам,  айналмай  жанағы  айтқан  сӛздің  келгенін.  Ол 
кішкентай  мақтаны  ұясына  тӛсеп,  жас  балапандарына  мамық  етеді,- 
деді. 
                (Ыбырай Алтынсарин, «Ӛнер білім бар жұрттар», 1991ж.) 
                                     
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 

42 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Мейрам - праздник. 
Бӛтен - другой, чужой. 
Дән - сердцевина ореха. 
Шеттеуік - орех. 
Қабық - скорлупа. 
Асыл - ценность. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет