Студенттердің ӛздік жұмысына арналған газет мәтіндерімен
қосымша жұмыс
Байқоңыр халықаралық ұшуларға толы
―Байқоңыр‖ Федералдық ғарыш орталығының баспасӛз
хатшысы Олег Урусов хабарлауынша, Байқоңырға «Союз-ТМА8»
пилотты кораблі мен Еуропаның «Галилео» навигациялық спутнигін
ұшыру үшін eкi бірдей «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы жеткізілді.
О.Урусовтың айтуынша, «Союз-ТМА8» пилотты кораблі 2006
жылдың 30-наурызында ұшырылады. Зымыран Халықаралық ғарыш
стансасына 13 экспедиция мүшелерін жеткізеді. Экспедиция
құрамында ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Дже-
фри Уильямс, бразилиялық ғарышкер Маркус Понтос бар.
Еуропаның «Галилео» навигациялық спутнигі 2006-жылдың
eкінші жартысында ұшырылады.
( «Айқын»,1ақпан 2006 жыл)
? ? ? 1.Байқоңырға қандай зымыран – тасығышы жеткізілді ?
2.‖Союз –ТМА 8‖ пилотты кораблі қай уақытта ұшырылады?
3.Экспедиция құрамында кімдер бар?
4.Еуропаның ―Галилео‖ спутнигі қай уақытта ұшырылады?
Үш ел үшін аймақтық электр қуаты
АҚШ-тың халықаралық даму жӛніндегі энергетикалық
жобаларының үйлестірушісі Сергей Елькин Алматыда ӛткен баспасӛз
мәслихатында АҚШ-тың халықаралық даму жӛніндегі агентігі -
USAID 2006 жылдың наурыз айында Орталық Азия аймағындағы
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан үшін аймақтық электр қуаты
рыногын құруға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыра бастамақшы
екенін құлағдар етті.
«Ақпан айында біз дайындық кезеңін аяқтап, наурызда
бағдарламаны жүзеге асыра бастаймыз. Бipiнші кезең — 2 жылға
созылады» деген С.Елькиннің айтуынша, «Бағдарлама Орталық Азия
аймағына арналған. Бipaқ ӛңірдегі елдерден Түрікменстанның
аймақтық бағдарламаларға ат салысу белсенділігі тӛмен, Ӛзбекстанда
бұған сақтықпен қарайды. Сол себепті бағдарламаға Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстан республикалары ғана қатысып отыр».
120
USAID ӛкілінің айтуынша, «Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде
аймақтық электр қуаты рыногы құрылып, аймақ шеңберіндегі электр
қуатын жіберу кӛлемі мен сауда-саттық аясы артады деп күтілуде.
Сонымен бipгe агенттік Орталық Азия аймағы елдеріне жұмыс
топтарын құрып, оларды қаржыландыруға, түрлі кездесулер
ұйымдастыруға жәрдемдеспекші».
USAID бағдарламаны жүзеге асыра бастайтын алғашқы екі
жылда 4 миллион доллар бӛлмекші. Ал бағдарлама 5 жылға
есептелген.
(«Айқын»,1ақпан 2006 жыл)
? ? ? 1.Алматыда ӛткен баспасӛз мәслихатында бағдарлама
жӛнінде қандай әңгіме болды?
2. Бағдарлама қандай аймаққа арналған?
3. Бағдарламаға қатысушы қай елдер?
4.Бағдарламаның мақсаты не деп ойлайсыз?
5. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қанша қаражат
бӛлінбекші?
6. Бағдарлама неше жылға есептелген?
Ғарыштық технология
Ӛз спутнигіміз болса, 35 миллион қалтамызда қалар еді
Кең байтақ елімізде әлi күнге дейін «кӛк жәшіктен» «Хабар»
мен «Қазақстан» телеарнасын кӛре алмай отырған ауылдар аз емес
кӛрінеді. Жалпы, ―Қазкосмос‖ ұлттық компаниясының президенті
Cepiк Тұржановтың айтуынша, қазақстандықтардың 43 пайызы
қажетті байланыстың жетімсіздігінен ел ішіндегі күнделікті толық
ақпараттан бейхабар. Ал жыл сайын республикамыз ӛзге елдердің
ғарыштық байланыс жүйесін пайдаланғаны үшін 35 миллион
доллардан қағылады екен. Сондықтан да маман Қазақстанға ӛзіндік
спутниктік байланыс жүйесі ауадай қажет екенін, отандық спутниктік
коммуникация саласы дамыса, қазақстандықтардың барлығы арзан
әpi caпалы ұялы телефон байланысы мен әлемтор жүйесіне ие
болатынын айтады. Сарапшылардың пікірінше, спутниктік байланыс
нарығының әлемдік қызмет құны 2007 жылға қарай 150 миллиард
долларға жететін кӛрінеді. Қазақстанда да Интернет пайдаланушылар
саны соңғы бес жылда 6,7 есе ескенін және ары қарай да дами
121
беретінін ескерсек, қанша қаржының сыртқа кететінін есептей
беріңіз. Оның үстіне әзірге Орал мен Атырауда халықаралық
спутниктерден хабар аулайтын арнайы стансалар арқылы ауыл
шаруашылығын, экологиялық жағдай, ӛрт пен тасқын апатын
бақылау мүмкіндігіміз болғанмен, оның аясы барынша тарлық етіп
отыр. Ендеше, Қазақстанның тұңғыш коммуникациялық Жер cepiгi
«ҚазСат» пен «ҚазСат-2»-нің алда болатын ұшырылымы талай
нәрсені жақсы жағына шешеді деп күтілуде. Қазір Астанадан 100
шақырым қашықтықтағы Ақкӛл қаласында спутниктерді басқару
мақсатында арнайы кешен тұрғызылуда. Мамандардың айтуынша,
Жер cepiгi ұшырылса, байланыстың барлық саласындағылармен қос
астрономдар мен геологтар да бұл игіліктің қызығын барынша
кӛретін болады.
Еліміздің бұдан басқа да жүзеге асуға тиіс eкi ғарыштық
бағдарламасы бар — олар «Бәйтерек» пен «Есіл». Оның бipiншici —
бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ең ауқымды ғарыштық жоба
саналады. «Бәйтерек» ракеталық-ғарыштық кешенін қатарға қосу
2008 жылға жоспарлануда. Бұл кешен түтінciз таза отынмен
жабдықталатын болған соң ғарыш айлағындағы экологиялық
қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етпек. Әpi оның іске қосылуымен
Қазақстанның Ресеймен бipгe әлемдік ғарыш нарығындағы ӛзіне
тиесілі орнын тауып, толық ғарыштық державаға айналуына
мүмкіндік туатын болады. Үкімет қоржынында бұдан басқа Каспий
қайраңындағы кең орнынан кӛмірсутегі кең орнын барлау үшін ға-
рыштық бақылау жүйесін қолдану, сондай-ақ ғарыш саласына
инновация ӛндіруге тиic ғарыштық технология паркін құру жоспары
да бар. Соңғысының құрылысы 150 миллион АҚШ долларын
қажетсінеді. Бұдан бӛлек болашақта еліміздің ядролық технология
саласын ӛркендету жоспары да жоқ емес. Жақында Санкт-Петерборда
ӛткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекеттік
кеңесінде Қазақстан мен Ресей eкi елдің атом кешенін алдағы мамыр
айының ортасында бipiктipyгe байланысты нақты шешім әзірлеуге
келісті. Нақты айтсақ, eкi елдің мүддесі ұран ӛндіретін «Заречный»
бірлескен кәсіпорны мен Үлбідегі ядролық отын ӛндіретін зауыттың
жұмысына байланысты жақындасып отыр.
Дайындаған Т. ТӘШЕНОВ
(«Айқын»,1ақпан 2006 жыл )
? ? ? 1.‖Қазкосмос‖ұлттық компаниясының президенті қандай
мәселелерді кӛтерді?
122
2.Маман салаларды дамыту жӛнінде қандай ұсыныстар айтты?
3.Сарапшылардың пікірі қандай?
4.Ақкӛл қаласында спутниктерді басқару мақсатында қандай
жұмыстар жүргізіліп жатыр?
5.‖Бәйтерек‖ ракеталық-ғарыштық кешенін қай жылы қосу
жоспарлануда?
6.Қазақстан үшін тиімділігі бар ма?
7.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекеттік
кеңесінде екі ел қандай шешімге келді?
8.Ӛз спутнигіміздің тиімділігі неде деп ойлайсыз?
«KAZCAT» маусым айында ұшырылады
Қазақстанның тұңғыш ғарыш спутнигі бұйырса биыл 8
маусымда ұшырылады. Бұл жӛнінде Елбасының таяуда Мәскеуге
жасаған ресми сапары кезінде уағдаластыққа қол жетті. Қазақстан
Ақпараттандыру және байланыс жӛніндегі агенттігі мен Ресей
Федерациясы
Технологиялар
және
байланыс
министрлігі
қазақстандық «KAZCAT» хабар тарату спутнигіне орбиталық орын
беру туралы келісімге келді.
Жұртшылық бұл істің бipнeшe рет кейінге қалдырылғанын
жақсы біледі. Ресейлік ғарыш ici мамандары түрлі сылтаулармен
Қазақстан спутнигінің ұшырылуына кезінде қолдау кӛрсетпеді. Енді
мiнe, eкi ел президенттерінің кездесуі мәселенің түйінін шешті.
«KAZCAT» Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне, Ресейдің
орталық аудандарына спутниктік байланыс орнатып, хабар таратуға
қызмет ететін болады.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Әкімшілігі
басшысының орынбасары – Президенттің баспасӛз хатшысы Мұхтар
Құл-Мұхаммедтің айтуына қарағанда, қазақстандық алғашқы
спутниктің ұшырылуына мемлекет басшылары да қатысуы мүмкін.
(«Нұр – Астана» 2006 ж.)
? ? ? 1. Қазақстанның тұңғыш ғарыш спутнигі қашан
ұшырылады деп жоспарлануда
2. «KAZCAT» хабар тарату спутнигіне орбиталық орын
беру туралы келісімге қалай қол жетікізді?
3. Қазақстан спутнигінің ұшырылуына не себептен қолдау
кӛрсетілмеді?
123
4. Қазақстан спутнигінің ұшырылуына кімдер қолдау кӛрсетті?
5. «KAZCAT» хабар тарату спутнигінің тиімділігі неде деп ойлайсыз?
Ғылымға реформа жасалады
Отандық ғылымды дамыту үшін түбегейлі реформалық
ӛзгepicтep керек. Саланы басқару мен қаржыландыру мәселелерін
жетілдіру жӛнінде құрылған жұмысшы тобы осындай қорытынды
жасап, ӛз ойларын Үкімет басшысы Даниал Ахметовке жеткізді.
Ең алдымен жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылуы
тиіc. Оның құрамында ғалымдар, ұлттық компаниялар мен даму
институттарының ӛкілдері, ipi бизнес адамдары болады, -дейді олар.
Әр ғылыми-технологиялық даму бағыты бойынша бағдарлама
әзірленеді. Осы негізде ғылымды дамытуға бес басымдық беріледі.
Олар: ақпараттық және ғарыштық технология, нанотехнология және
жаңа
материалдар,
биотехнология,
энергетикалық
жаңару
технологиясы, мұнай-газ және тау-кен, металлургиялық сала мен оған
қызмет кӛрсету технологиясы.
Үкіметте ӛткен кезекті мәжілісте ғылымды реформалау
iciндeгi ізденістерге оң баға берілді. Және жұмыс тобына кейбір
бағыттардағы жұмыстарын пысықтап, одан әpi жалғастыpa түсу
ұсынылды.
(«Нұр – Астана» 2006 ж.)
? ? ? 1. Отандық ғылымды дамыту үшін қандай ӛзгерістер керек?
2. Құрылған жұмысшы тобы қандай қорытынды жасады және
ӛз ойларын кімге жеткізді?
3. Ғылымды дамытуға берілген бес басымдық қалай аталады?
4. Үкіметте ӛткен кезекті мәжілісте ғылымды реформалау ісіне
қандай баға берілді?
5. Жұмыс тобына қандай ұсыныстар айтылды?
124
Еліміздің жылу-энергетика саласы
халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады
2003 жылдың 3 желтоқсанында Елбасының тапсырмасымен
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдар аралығындағы
экологиялық қayiпсіздігінің тұжырымдамасы ӛз күшіне енген
болатын. Онда кӛзделген басты міндет — республикамыздағы түрлі
мекемелердің экологиялық менджменттің бүгінгі заман талабына сай
келетін жаңа әдic-тәсілдеpi негізінде жұмыс жасауын басқару.
Жақында еліміздің қоршаған органы қорғау министрлігінде
Қазақстанның жылу энергетика саласы бойынша алғаш рет жұмыс
жасап жатқан «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік
қоғамына ISO 14001 үлгідегі сертификаты тапсырылды. Шараның
маңыздылығын ecкepiп, сертификатты тапсыру үшін ТЮФ СЕРТ
халықаралық ұйымының ӛкілдері елордаға арнайы келіптi.
- Еуразиялық энергетикалық корпорация мұндай жоғары
деңгейдегі сертификаты елімізде біріншi болып алып отырған
компания. Жалпы алғанда жылу ӛндipici мен электр энергетикасы
саласында қызмет атқаратын бұл ұжымның ӛз жұмыс icтey режимi
жоғары халықаралық стандарт деңгейіне дейін жеткізуі оңай шаруа
болған жоқ. Қазіpгi таңда компания ӛзінің басқару жүйесін жетілдіру
бағытында кешенді бағдарлама әзірлеп, оны батыл жүзеге асыруда,
— деді қоршаган органы қopғay министрі Нұрлан Ысқақов.
Акционерлік қоғамның президенті Абдуазим Рустамбаевтың
сӛзіне қарағанда, компанияның экологиялық саясаты аясында
жүргізіліп жатқан түрлі ic-шаралары нәтижесінде, соңғы 5 жылда
атмосферағa кӛтерілген зиянды қалдықтардың мӛлшері 30 пайызға
тӛмендеген кӛpiнеді. Бұған қоса, алдағы уақытта менеджмент
жүйеciн одан әрі жетілдіру және компанияның жұмысын барынша
жандандыра түсуге аса қажетті құрал-жабдықтарды, оның ішіндe
электр түтікшелерін қайта жаңалау мен жаңарту тұрғысында да бipaз
жұмыстар қолға алынбақшы. Сала мамандарының айтуына қарағанда,
«Еуразиялық энергетикалық корпорацияның» табиғатты қорғayғa,
байланысты жүргізген ic-шараларына ӛткен жылы 845903 мың теңге
кӛлемінде қаржы жұмсалыпты.
(«Егемен Қазақстан »,18 сәуір 2006 ж.)
125
? ? ? 1.Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдар аралығындағы
экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы қай уақытта және
кімнің тапсырмасымен ӛз күшіне енді?
2. «Еуразия энергетикалық корпорациясы» акционерлік
қоғамына не тапсырылды?
3. Елордаға ТЮФ СЕРТ халықаралық ұйымының ӛкілдері не
үшін келді?
4. Еуразия энергетикалық корпорациясы акционерлік
қоғамында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
126
Қорытынды бақылау тест
І нұсқа
1. Мағынасы жуық сӛздерді кӛрсетіңіз:
A.
Үлкен, кіші
B.
Дос, жау
C.
Жақын, таяу
D.
Жас, кәрі
2. Қалау рай формасындағы сӛйлемді кӛрсетіңіз?
A.
Таңертең жаттығу жасаймын
B.
Таңертең жаттығу жасағым келеді
C.
Таңертең жаттығу жасамаймын
D.
Таңертең жаттығу жасай алмадым
3. Тәуелдік жалғауын кӛрсетіңіз?
A.
–лар, -лер, -дар, -дер.
B.
–мын, -мін, -бын, -бін.
C.
–ның, -нің, -дың, -дің.
D.
–м, -ым, -ім.
4 . Сӛйлемді толықтырыңыз: Бүгін далада жаңбыр жауып
тұр.....
A.
Сӛмкеңізді алыңыз
B.
Қолшатырыңызды ұмытпаңыз
C.
Оқулығымды беріңізші
D.
Кешке киноға барамын
5. Сӛйлемді аяқтаңыз: Найзағай ойнап, күн күркіреді де ...
A.
Қар жауды
B.
Боран соқты
C.
Жаңбыр жауды
D.
Аяз кӛтерілді
6. Дұрыс жауапты таңда: Сапар ... жалғасты.
A.
астанамен
B.
астанада
C.
астанаға
D.
астананың
7. Статус сӛзінің аудармасы қайсы?
A.
Дәреже
B.
Мәртебе
C.
Құрмет
D.
Атақ
127
8. Сӛйлемнің қазақша баламасын кӛрсетіңіз. Приехал в
Алматы учиться.
A.
Алматыға оқуға келеді.
B.
Алматыға оқуға келдім.
C.
Алматыға оқуға келдік.
D.
Алматыға оқуға келмек.
9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны кӛрсетіңіз?
A.
–шы, -ші,
B.
–са,-се,
C.
-ар,-ер,
D.
–кер,-гер
10. Сӛйлемге қажетті мезгіл үстеуін кӛрсетіңіз. ... қатты
жаңбыр жауады.
A.
Ертең
B.
Бұрын
C.
Былтыр
D.
Кеше
11. Қажетті сӛзді кӛрсетіңіз. Қазақстан шығысында .........
шектеседі.
A.
Ресеймен
B.
Қырғызстанмен
C.
Қытаймен
D.
Түрікменстанмен
12. Сӛйлемді жалғастырыңыз. Бүгін лекциям кӛп, сондықтан
............
A.
киноға барамын
B.
қыдырамын
C.
уақытым жоқ
D.
тауға барамын
13. Сӛйлемді жалғастырыңыз. Конференция бүгін сағат
11.00-де басталады, ..............
A.
ертең келіңіз
B.
кешікпей келіңіз
C.
бүрсігүні келіңіз
D.
кешке келіңіз
14. Сӛйлемді жалғастырыңыз. Қызыуым бар сияқты, ауырып
тұрмын, ...
A.
дәрігерге барамын
B.
іссапарға барамын
128
C.
сабаққа барамын
D.
жұмысқа барамын
15. Сӛйлемді жалғастырыңыз. Мына тапсырмалар жарамсыз
................
A.
қайтару керек
B.
пайдаланамыз
C.
қажет
D.
аламыз
16. Берілген сӛйлемге қандай сұрақ қойылады? Отбасында
тоғыз адам бар.
A.
Отбасында қандай адам бар бар?
B.
Отбасында қанша адам бар?
C.
Отбасында не жаңалық бар?
D.
Отбасында нелер бар?
17. Мына сӛйлемнің дұрыс аударылған түрін кӛрсетіңіз.
Через неделю работа будет закончена.
A.
Бір аптадан кейін барамыз.
B.
Бір аптадан кейін жұмыс басталады.
C.
Бір аптадан кейін жұмысқа барамыз.
D.
Бір аптадан кейін жұмыс аяқталады.
18. Сӛйлемге қажетті қосымшаны кӛрсетіңіз. Сен маған қатты
ұнай ... .
A.
-мыз
B.
-сыз
C.
-сың
D.
–ды
19. Сӛйлемдегі сан есім мағыналық жағынан қандай сан
есімге жатады?
Ғарышты игеру - жиырмасыншы ғасырдың жетістігі.
A.
Есептік
B.
Реттік
C.
Болжалдық
D.
Бӛлшектік
20. Мына сӛйлемнің дұрыс аудармасын кӛрсетіңіз. Сәния
прочитала эту книгу .
A.
Сәния бұл кітапты оқымақ.
B.
Сәния бұл кітапты оқыса.
C.
Сәния бұл кітапты оқыған.
D.
Сәния бұл кітапты оқыр.
129
ІІ нұсқа
1.
Мағынасы жуық сӛздерді кӛрсетіңіз
А. Жақын, алыс
В. Жақсы, жаман
С. Алыс, қашық
D. Биік, аласа
2.
Табыс септігі жалғанған сӛзді кӛрсетіңіз
А. Ақылды
В. Айтты
С. Кітапты
D. Қатты
3.
Тәуелдік жалғауы жалғанған сӛзді кӛрсетіңіз
А. Жең
В. Тілім
С. Бұйым
D. Қарсы
4. Сӛйлемдегі сан есім мағыналық жағынан қандай сан есімге
жатады?
Ғарышты игеру – жиырмасыншы ғасырдың жетістігі.
А. Есептік
В. Реттік
С. Болжалдық
D. Топтау
5.
Досыңыздың жақсы қасиетін кӛрсетіңіз
А. Жалқау
В. Байсалды
С. Қызғаншақ
D. Ӛтірікші
6.
«Ұлттық» деген сӛзбен тіркеспейтін сӛзді кӛрсетіңіз
А. Теңге
В. Ӛрнек
С. Жастар
D. Киім
7. Мына сӛйлемге қойылатын сұрақты кӛрсетіңіз
Ұлттық теңгеміз 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
А. Ұлттық теңгеміз қайда дүниеге келді?
В. Ұлттық теңгеміз неліктен дүниеге келді?
С. Ұлттық теңгеміз қалай дүниеге келді?
D. Ұлттық теңгеміз қашан дүниеге келді?
130
8. Мағынасы қарама-қарсы сӛзді кӛрсетіңіз
А. Әдемі, кӛрікті
В. Жуан, жіңішке
С. Тӛмен, аласа
D. Жаман, нашар
9. Жатыс септігі жалғанған сӛзді кӛрсетіңіз
А. Болмысы
В. Мінез-құлқында
С. Санасын
D. Қиялына
10. Тәуелдік жалғауы жалғанған сӛздерді кӛрсетіңіз
А. жүзім
В. бұрым
С. шашым
D. ханшайым
11. Мағынасы қарама-қарсы сӛздерді кӛрсетіңіз
А. Бала, сәби
В. Ұл, қыз
С. Үлкен, зор
D. Алыс, қашық
12. Мына сӛйлемге қажетті есімдікті кӛрсетіңіз
... унивеситет қаланың кӛрнекті жерінде орналасқан.
А. Менің
В. Оның
С. Сенің
D. Біздің
13. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды кӛрсетіңіз
А. - лар, лер
В. - хана, паз, мен
С. - сың, сің
D. - мын, мін
14. Сӛйлемнің қазақша баламасын кӛрсетіңіз. Я хочу слушать
музыку.
А. Мен әуен тыңдаймын
В. Мен әуен тыңдап отырмын
С. Менің әуен тыңдағым келмейді
D. Менің әуен тыңдағым келеді
15. Қалау рай формасындағы сӛйлемді кӛрсетіңіз
А. Теледидар кӛріп отырмын.
131
В. Теледидар кӛргім келіп отыр.
С. Теледидар кӛріп отырған жоқпын.
D. Теледидар кӛріп отырсың ба?
16. «Мәдениетті» деген сӛзбен тіркеспейтін сӛзді кӛрсетіңіз
А. адам
В. оқушы
С. сапа
D. оқытушы
17. Мақалды аяқтаңыз. Отансыз адам – ормансыз ... .
А. дала
В. құс
С. бұлбұл
D. жел
18. Сӛйлемге қажетті қосымшаны кӛрсетіңіз. Сен маған қатты
ұнай...
А. -сың
В. -сыз
С. - ды
D. -мын
19. Сӛйлемді аяқтаңыз. Егер күн ыстық болса, ... .
А. кемпірқосақ шығады
В. ӛзенге шомыламыз
С. жаңбыр жауады
D. қалың киінеміз
20. Сӛйлемге қажетті сын-қимыл үстеуін кӛрсетіңіз. ... күн
күркіреп, найзағай ойнады.
А. шапшаң
В. кенеттен
С. әрең-әрең
D. үнемі
ІІІ нұсқа
1.
Келер шақта тұрған сӛйлемді кӛрсетіңіз
А. Біз ӛз еліміздің тарихын жақсы білуге тырыстық.
В. Біз ӛз еліміздің тарихын жақсы білуге тырысқанбыз.
С. Біз ӛз еліміздің тарихын жақсы білуге тырыспақпыз.
D. Біз ӛз еліміздің тарихын жақсы білуге тырысып
отырғанбыз.
132
2. «Мемлекеттік» деген сӛзбен тіркеспейтін сӛзді кӛрсетіңіз
А. мекеме
В. шекара
С. ұйым
D. халық
3. Ілік септігіндегі сӛзді кӛрсетіңіз
А. Келдің
В. Жассың
С. Мынаның
D. Адалсың
4. Сӛйлемнің қазақша баламасын кӛрсетіңіз. Нельзя
опаздывать на занятие.
А. Сабаққа кешігуге болады
В. Сабаққа кешікпей келіңіз
С. Сабаққа кешігуге бола ма?
D. Сабаққа кешікпеу керек
5. Сӛйлемге қажетті кӛмекші есімді кӛрсетіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |