ӛңірлердегі білікті педагогтердің тапшылығы.
4-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
МДТО жүйесіндегі мемлекеттік саясат мектепке дейінгі жастағы
балалардың сапалы білім алуға қол жеткізуін
қамтамасыз етуге және тең
бастапқы мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жӛніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын,
Білім
беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру нәтижесінде елімізде МДҰ желісі айтарлықтай
кеңейді.
МДҰ желісінің жыл сайынғы ӛсуі байқалады. МДҰ желісін талдау 2020
жылмен салыстырғанда МДҰ желісі 221 бірлікке ұлғайғанын кӛрсетті және
922400 баладан асатын контингентпен 2021 жылы 10871 бірлікті (2020 жылы –
10650 бірлік) құрады. МДҰ жалпы санынан 7390 бірлікті балабақшалар және
3481 бірлікті шағын орталықтар құрайды. МДҰ-ның ең кӛп саны Түркістан,
Алматы облыстарында және Алматы қаласында байқалады, бұл осы ӛңірлердегі
халық тығыздығының жоғары болуына байланысты.
Бизнесті білім беру саласына тартудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті
(бұдан әрі – МЖӘ) белсенді дамытудың, осы саладағы заңнаманы жетілдірудің
арқасында жеке меншік МДҰ санын бір жылда 4973
бірлікке кеңейтуге қол
жеткізілді, 2021 жылы жеке меншік МДҰ контингенті 424300 баланы құрады,
оның ішінде қалалық жерлерде 2814 жеке меншік МДҰ (234228 адам) және
ауылдық жерлерде 2159 (190072 адам) МДҰ жұмыс істейді. Олардың ең кӛп
саны Алматы (+215 бірлік), Түркістан (+26 бірлік), Батыс Қазақстан (+24
бірлік), Маңғыстау (+20 бірлік) облыстарында, Шымкент (+23 бірлік) және
Алматы қалаларында (+35 бірлік) ӛсті.
МДҰ-ны,
оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын топтарды құру
Достарыңызбен бөлісу: