ПМПК, ППТК, ОО желісі мүмкіндіктерінің халық қажеттіліктеріне сәйкес
келмеуі;
арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы;
мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша әртүрлі мемлекеттік органдар
статистикасының бытыраңқылығы;
арнайы педагогтерге, мектептерде арнайы МТБ-ны нығайтуға және ЕБҚ бар
балаларды оқыту үшін оқу-әдістемелік қолдауға қажеттілік;
жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметі жұмысының нормативтік қамтамасыз етілген тетігінің болмауы;
ЕБҚ бар білім беру ұйымдары түлектерінің еңбек нарығына әлеуметтік-
экономикалық бейімделуінің қазіргі деңгейі осы қажеттіліктерге тиісті
дәрежеде жауап бермейді;
білім басқармалары мамандарының жүктемесінің ұлғаюы, білім беру
ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау мен игеруді жүргізудің
қиындауы;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдары менеджерлерінің кӛшбасшылық
дағдылары деңгейінің жеткіліксіздігі;
білім беру ұйымдарының тиімділігін тәуелсіз кешенді бағалаудың болмауы;
табысты даму стратегиялары, персоналды басқару және жан басына
шаққандағы қаржыландыруды ұтымды қолдану бойынша тиімді менеджмент
тәжірибесін тарату тетігінің болмауы;
білім беру ұйымдары бюджеттерінің жабық болуы (балалардың ата-аналары
және балалардың ӛздері білім беру кӛрсетілетін қызметін негізгі бағалаушылар
болып табылмайды);
мектептердің цифрлық білім беру ресурстарына (бұдан әрі – ЦБР)
қолжеткізу мүмкіндіктерінің тең болмауы;
орта білім беру ұйымдарының кең жолақты Интернетке қол жеткізуінің
әркелкі болуы;
цифрлық білім беру контентінің және халықаралық білім беру жүйесіне
интеграциялаудың жеткіліксіздігі;
білім беру ұйымдарының МТБ, оның ішінде цифрландырылу жай-күйіне
мониторингтің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: