Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру



Pdf көрінісі
бет16/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 6-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру  
COVID 19-ға байланысты жаңа сын-қатерлер ТжКБ жүйесінде қалыптасқан 
жағдайды қайта жүктеу қажеттілігін ӛзекті етті. Жаңа басқару тәсілдерін іздеуді 
жүзеге асыру, жеке бастамаларды қолдау және оқытудың штаттық форматын 
қалпына келтіру үшін ғана емес, қашықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету 
қағидатты түрде маңызды болды.
ТжКБ жүйесіне қолжетімділікті 770 ТжКБ ұйымы қамтамасыз етеді, оның 
ішінде 444 мемлекеттік, 326 жеке меншік. Жалпы контингент 481,3 мың 
адамды құрайды, олардың жартысынан астамы – 290,5 мың адам мемлекеттік 


тапсырыс бойынша оқиды. Жыл сайын ТжКБ ұйымдарына 160,5 мың адам 
оқуға түседі. Білім алушылардың 85 %-ы халықтың аз қамтылған және осал 
топтары санатына жатады.
2017 жылдан бастап "Баршаға тегін техникалық және кәсіптік білім беру" 
жобасы 300 мыңнан астам жас адамның білім алуына мүмкіндік берді. Жобаны 
іске асыру NEET жастарының үлесін, жастар жұмыссыздығын, сондай-ақ 
біліктілігі жоқ жастар санын қысқартты. Алайда NEET санатындағы 237,2 
мыңнан астам жас азамат оқумен қамтылған жоқ.
2021 жылы негізгі орта білім түлектерінің 42 %-ы ғана (2020 ж. – 40 %) 
және жалпы орта білім түлектерінің 32 %-ы (2020 ж. – 20 %) ТжКБ ұйымдарына 
түсті. 
ТжКБ ұйымдарына қабылдаудың жыл сайынғы ӛсуі оқушылар мен олардың 
ата-аналарының бұл білімді алу тартымдылығы туралы кӛзқарастың ӛзгергенін 
кӛрсетеді.
Дегенмен, тұрғындарды кәсіптік бағдарлау жұмысының құралдары арқылы 
ТжКБ жүйесінің қарқынды дамуы және оқушылардың кәсіптік ӛзін-ӛзі 
анықтауы туралы хабардар ету мәселесі ӛзекті болып қала береді.
ТжКБ ұйымдарын бейіндеу проблемасы ӛзекті болып қалуда, ол ең алдымен 
еңбек нарығында талап етілмеген экономикалық, заң мамандықтары бойынша 
ТжКБ деңгейінің мамандарын даярлауды қысқартумен байланысты. ТжКБ 
ұйымдарын бейіндеу тар спектрде салалық белгі бойынша кадрларды сапалы 
даярлауға қаражатты шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының жартысы ЕБҚ студенттері үшін тең 
жағдай мен кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етті. ЕБҚ түлектерін 
жұмысқа орналастыру мәселесі ӛзекті болып қалуда.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша кадрлар 
даярлауды жүзеге асыратын барлық ТжКБ ұйымдары жан басына шаққандағы 
қаржыландыруға кӛшті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары мен 
әдістемесі әзірленді. Бұл тараптардың құзыретін және білім беру процесі мен 
білім беру ортасын регламенттеуге мүмкіндік берді. Оқу-әдістемелік 
әдебиеттерді сатып алуға бір студентке 12-ден 15 мың теңгеге дейін шығыстар 
кӛзделген. Инклюзивті оқытуға жұмсалатын білім беру процесінің шығыстар 
нормасы екі есе ұлғайды.
Білім берудің халықаралық стандартты сыныптауышының (бұдан әрі – 
БХСС) бағыттарына, ұлттық біліктілік шеңберіне, Қазақстан Республикасының 
ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес келтірілген жаңа сыныптауыш 
әзірленді және бекітілді. Жаңа үлгідегі ТжКБ сыныптауышында біліктіліктер 
дайындықтың 
сәйкестігін 
және 
кейбір 
мамандықтардың 
біреуіне 
интеграциялануын ескере отырып біріктірілген (үлкейтілген). Бірнеше жыл 
бойы даярланбаған мамандықтар алынып тасталды, сондай-ақ еңбек нарығы 
мониторингінің, кәсіптер атласының нәтижелері негізінде жаңа мамандықтар 
енгізілді.


Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті ТжКБ 
стандартына сәйкес академиялық дербестікті енгізу жүзеге асырылуда. Бұл 
ТжКБ ұйымдарына мемлекеттік жалпыға міндетті ТжКБ стандартының, 
кәсіптік стандарттардың, Worldskills кәсіптік стандарттарының және ӛңірлік 
ерекшеліктердің талаптары негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен білім 
беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында жалпы білім 
беретін пәндер мен базалық модульдерге қойылатын талаптар айқындалды, 
оқытудың 
модульдік-кредиттік 
технологиясын 
ескере 
отырып, 
оқу 
жоспарының жаңа модельдері ұсынылды.
Бүгінгі таңда ТжКБ ұйымдары белгілі бір модульдерді алып тастап, оларды 
қажетті құзыреттерді қалыптастыратын жаңаларымен алмастыра алады.
Егер бұрын орта есеппен 2 жылдан 3 жыл 10 айға дейін әртүрлі біліктіліктер 
бойынша оқыту мерзімдерін қатаң реттеу және белгілеу болса, бүгінде бұл 
норма "Білім туралы" Заңнан алып тасталды. Енді оқу мерзімі нақты білім беру 
бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты.
Сондай-ақ ТжКБ ұйымдарының білім беру бағдарламалары студенттердің 2 
жыл 10 ай ішінде бірнеше біліктілік (аспаз-технолог, кондитер-безендіруші) 
алуын кӛздейді. Бұрын бір ғана "аспаз" біліктілігін алу үшін студент 2 жыл 10 
ай оқыды. 
Сонымен қатар сұралған жұмыс берушілердің 50 %-ы ТжКБ түлектерінің 
дайындық сапасына қанағаттанбайды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі-
2019 нәтижелеріне сәйкес жұмыс берушілер ТжКБ сапасының деңгейін 
ықтимал 7 балдан 3,7 балға бағалайды. Бұдан басқа, халықаралық 
салыстырмалы зерттеулер нәтижелері бойынша ТжКБ ұйымдарының білім 
алушылары жалпы білім беру циклінің пәндері бойынша оқыту процесінде 
қалыптасатын базалық дағдылар бойынша ӛз құрдастарынан едәуір артта 
қалады. 
Аймақтық еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасындағы байланыс 
түлектерді бітіргеннен кейін алты ай ішінде жұмысқа орналастыру арқылы 
бақыланады. 2021 жылы ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру 66 %-ды 
құрады.
Білім беру ұйымдарының жалпы кітапхана қоры 18 миллионнан астам, оның 
ішінде мемлекеттік тілде 6 миллион дананы құрайды. Айта кетерлігі, 
студенттердің 60 % мемлекеттік тілде білім алады, ал қазақ тіліндегі оқулықтар 
мен әдебиеттердің үлесі небәрі 35 %-ды құрап отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
бастамасымен қолға алынған "Жас маман" жобасы 180 ТжКБ ұйымының МТБ-
сын жаңғыртуға мүмкіндік берді, оның ішінде 2020 жылы – 80, 2021 жылы –
100 ТжКБ ұйымы. Жобаны іске асыруға қарамастан, мемлекеттік ТжКБ 
ұйымдарының 48 %-ы оқу процесінде әлі де ескірген жабдықтарды 
пайдаланады. 
Дуальды оқыту 536 ТжКБ ұйымдарында 6368 кәсіпорынның қатысуымен 
және 60483 оқушыны қамтумен енгізілді. Алайда кәсіпорындар бизнес үшін 


ынталандырудың және айтарлықтай қаржылық шығындардың болмауына 
байланысты дуальды оқыту жүйесіне қызығушылық танытып отырған жоқ. 
Сонымен қатар ӛндірісте педагогикалық шеберлік негіздерін білетін білікті 
нұсқаушы-тәлімгерлер жоқ.
502 қамқоршылық және 578 индустриялық кеңес құрылды, олардың 
құрамына ТжКБ ұйымдарын басқару процесіне тарту және білім беру 
бағдарламаларын әзірлеу үшін жұмыс берушілердің ӛкілдері кірді.
Сенімді басқаруға 10 ТжКБ ұйымы берілді. Алайда қалған ТжКБ 
ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру берілген ТжКБ ұйымдары қызметінің 
тиімділігіне байланысты болады.
Пандемия кезеңінде ТжКБ жүйесі цифрлық платформалардың жан-жаққа 
таралған желісінің болуына қарамастан, цифрлық техниканың тӛмен 
жабдықталу және білім алушылар мен педагогтердің цифрлық ортада 
біліктілігінің тӛмендігі проблемасына тап болды. 
ТжКБ ұйымдарының 100 %-ы 30-дан астам платформаларға қол жеткізе 
алады. 21 мыңнан астам ЦБР бар каталог, оның ішінде 12368 бейнесабақ, 3848 
электрондық 
оқулық, 
5771 
қосымша 
материал 
қалыптастырылды. 
Педагогтердің цифрлық сауаттылығының тӛмендігіне байланысты ТжКБ-дағы 
негізгі проблема педагог кадрлардың қартаюы болып қалуда, 8867 педагогтің
жасы "55+", оның ішінде 3349 зейнеткер бар. Сонымен қатар техникалық және 
кәсіптік білім беруде мынадай проблемалар бар:
мектеп түлектері үшін ТжКБ ұйымдарының тӛмен тартымдылығы және 
беделсіздігі;
еңбек нарығының ТжКБ кадрларының даярлығына қанағаттанбауы;
мемлекеттік тапсырыстың тиімсіз берілуі;
оқушылар арасындағы кәсіби бағдар жұмысының нашар болуы;
ТжКБ ұйымдарындағы ескірген МТБ;
ТжКБ түлектерін, оның ішінде ЕБҚ бар адамдарды жұмысқа орналастыру 
деңгейінің тӛмендігі;
жұмыс берушілердің дуальды оқытуға қызығушылығының тӛмендігі;
педагогикалық кадрлардың қартаюы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет