7-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Соңғы жылдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қол
жеткізу
айтарлықтай
кеңейтілді.
Соңғы
тӛрт
жылда
бакалавриат
бағдарламаларына бӛлінген гранттар саны 1,7, магистратура – 1,8,
докторантура – 3,7 есеге артты. Бұл ретте даярлаудың техникалық бағыттарына
бӛлінетін мемлекеттік тапсырыстың үлесі 40 %-дан астамды құрайды. Бұдан
басқа, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде ұлттық жобалардың,
стратегиялық құжаттардың негізгі кӛрсеткіштері ескеріледі.
Бүгінгі таңда дайындықтың педагогикалық бағыттарына, инженерлік, ӛңдеу
және құрылыс салаларына, IT бағыттарына ерекше кӛңіл бӛлінеді.
Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
деректеріне сәйкес кадрларға ең жоғары қажеттілік инженерлерде байқалады
(шамамен 47 мың адам).
Алайда гуманитарлық мамандықтарға қарай бетбұрыс байқалады.
Инженерлердің, ӛнеркәсіпшілердің жаңа буынын ӛсіру үшін жаңа
қиындықтарды ескере отырып, техникалық мамандықтарға басымдық беру
керек.
Сондай-ақ "Болашақ" стипендиясы 2016 – 2019 жылдары гуманитарлық
бағыттағы оқу бағдарламаларына басымдық бергенін атап ӛткен жӛн.
Осылайша
стипендиаттардың
жартысынан
астамы
гуманитарлық
мамандықтарда оқыды. Гуманитарлық бағыттардан кейін инженерлік-
техникалық бағыттағы бағдарламалар – 24,1 %, медицина – 5,7 %, мәдениет
және ӛнер – 1 % және т.б.
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық мәртебесі тӛмен адамдар үшін ЖОО-
ға әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ӛз міндеттемелерін
орындайды. 2021 жылы ЖОО-ға оқуға түсу кезінде қабылдау бойынша
квоталар тізбесіне халықтың әлеуметтік осал топтарынан адамдар санаты
енгізілді. Бұдан басқа, 2021 жылы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына білім алушыларға жоғары білім алуға ақы тӛлеу үшін берілетін
мемлекеттік білім беру кредитін енгізу жӛніндегі норма енгізілді. Сонымен
бірге, ЭЫДҰ бағалауына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын бӛлу
жүйесі әлі де талапкердің отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесін
ескермей, оның академиялық үлгеріміне ғана бағдарланған. ҰБТ-ны бірнеше
рет ӛткізу және ЖОО-ға шартты түрде қабылдау енгізілді. Қазақстандық
азаматтарды шетелдік ЖОО-дан ауыстыру кезінде тестілеуді тапсыру талабы
алып тасталды. Алайда бұрынғыдай ҰБТ-ның тест тапсырмаларында нақты
ӛмірлік жағдайларда міндеттерді шешу үшін білімді қолдануға емес, нақты
фактілерді есте сақтауды бағалауға басты назар аударылады.
Мектеп түлектері санының жыл сайынғы ӛсуі жоғары оқу орындарының
инфрақұрылымына жүктеме түсіреді. 2030 жылға қарай мектеп түлектері
санының екі есе ӛсуі күтілуде, бұл жоғары оқу орындарында білікті ПОҚ
жетіспеушілігінен және жоғары оқу орындары мен жатақханалардағы орын
тапшылығына алып келеді. Заманауи инфрақұрылымды қалыптастырудың,
сондай-ақ ЖОО-ның зертханалық базасын жаңартудың ӛзектілігі артып келеді.
Соңғы тӛрт жылда алғаш рет барлық студенттерге стипендия мӛлшері 50 %-
ға арттырылды. ЖОО студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы
31423 теңгені, педагогикалық дайындық бағыттары және "Денсаулық сақтау"
дайындық бағыты бойынша студенттерге – 50400 теңгені, магистранттарға –
76950 теңгені, докторанттарға – 172500 теңгені құрады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіндегі
қызмет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының академиялық
және басқарушылық дербестігін кеңейту туралы Заңының қабылдануымен
ерекшеленеді. Заң жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын дербес
әзірлеуге мүмкіндік береді. Еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып,
барлық бағыттар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламалары жаңартылды. Дегенмен PIAAC ересектерінің
дағдыларын халықаралық бағалау нәтижелері жоғары білім ЭЫДҰ елдерімен
салыстырғанда ересек халықтың құзыретін жеткілікті дамытпайтынын кӛрсетті.
2021 жылы жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығына 170 мыңнан астам
кадр шығарды. Алайда жоғары оқу орындарының түлектермен, атап айтқанда
олардың кәсіби дамуын одан әрі қолдау мақсатында тығыз ӛзара іс-қимыл
тетіктері жоқ. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру 2021 жылы 68,9 %-ды
құрады.
Сонымен қатар "Түлектердің дағдылары" индикаторы бойынша Қазақстан
ЖБҚИ-2019-да әлемнің 141 елінің арасында 95-орынға ие. Мұның ықтимал
себебі жоғары оқу орындарының академиялық саясат шеңберінде жұмыс
берушілермен ынтымақтастығының фрагменттік сипаты болып табылады.
Университеттердің жаһандық рейтингінде қазақстандық жоғары оқу
орындарының үлесі артып келеді. 2016 жылдан бастап QS-WUR рейтингінде
атап ӛтілген жоғары оқу орындарының саны 8-ден 16-ға дейін артты. Еліміздің
үш ұлттық жоғары оқу орны (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) Times Higher Education
рейтингтік басылымында танылды.
Сапаны қамтамасыз ету бӛлігінде білім беру бағдарламаларының кӛпшілігі
(73,3 %) ұлттық сапаны қамтамасыз ету провайдерлерімен аккредиттелген.
Білім беру бағдарламаларының 8,2 %-ында халықаралық аккредиттеу бар.
Академиялық адалдық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде
маңызды бола түсуде. Студенттердің жазбаша жұмыстарының барлық түрлері
(курстық, дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялар) плагиатқа қарсы
Plagiat.pl, Turnitin, Unihub жүйелері арқылы тексеріледі.
Пандемия университеттердің виртуалды ортаға ауысуын тудыратын "жаңа
жағдайды" тудырды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру жүйесі қашықтан және аралас оқыту арқылы оқуға үздіксіз
қолжетімділікті қамтамасыз ете алды. Барлық деңгейлердің ішінде жоғары
білім қашықтан оқытуға ең бейімделген болып шықты. "Атамекен" ҰКП
мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларының 41 %-ы
толығымен, 43 %-ы онлайн-технологияларды пайдалана отырып, қашықтан
оқытуға кӛшуге немесе оны жүргізуге ішінара дайын болды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 – 2020
жылдары қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту жӛніндегі "Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы іске асырылды.
Аударылған оқулықтар "Философия", "Мәдениеттану", "Экономика",
"Педагогика және психология", "Әлеуметтану", "Тарих", "Дінтану" пәндерін
оқыту кезінде базалық әдебиет ретінде қолданылады, бұл "Мәңгілік ел"
жалпыұлттық идеясын, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға
бағытталған жаңа білімді алуға мүмкіндік береді.
Алайда мемлекеттік тілдегі оқу әдебиеттерінің жетіспеушілігі байқалады.
ЖОО басқарушылық, кадрлық және қаржылық мәселелерде автономияға
кӛшті. Ректорларды сайлау қағидаты бойынша тағайындаудың жаңа
қағидалары енгізілді.
28 мемлекеттік ЖОО директорлар кеңесін құра отырып, коммерциялық емес
акционерлік қоғамдары (бұдан әрі – КЕАҚ) болып қайта құрылды. Директорлар
кеңесі мүшелерінің саны 228 адамды құрады.
Әлемдегі жылдам ӛзгерістер жағдайында ЖОО-ның топ-менеджменті үшін
дағдарыстық жағдайларда басқару дағдыларын дамыту талап етіледі.
Жоғары білім беруді интернационалдандырудың 2025 жылға дейінгі
стратегиясының қабылдануы халықаралық білім беру саласындағы саясатты
дамытудың жаңа кезеңі болды.
2019 жылы алғаш рет шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға
арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылды. 2020 – 2021 оқу жылында
Қазақстанның 16 жоғары оқу орнында 83 стипендиат білім алды, оның ішінде
36 студент – этникалық қазақтар.
Пандемия ЖОО студенттері үшін академиялық мобильділік пен шетелде
тағылымдамадан ӛту мүмкіндігін тоқтатты. ЖОО контингентіндегі шетелдік
студенттердің үлесі 5 %-ға дейін қысқарып, 40043-тен 29069 адамға дейін
тӛмендеді (ЭЫДҰ елдері – 6,8 %).
Қазақстандық ЖОО-лар 2021 жылы 77 әріптес жоғары оқу орнымен 152 қос
диплом бағдарламасын іске асырды. Әріптес жоғары оқу орындарының
қатарына ТМД, Еуропа, Азия және АҚШ жоғары оқу орындары кіреді.
Осындай бағдарламалар бойынша оқитын студенттер контингенті 1120 адамды
құрады: бакалавриат – 674, магистратура – 435, докторантура – 11.
2020 – 2021 оқу жылының басында жоғары оқу орындарында 34619
магистрант оқыды, бұл ретте қабылдау 15245 адамды құрады, бітіру – 21372
магистрант. Докторантурада білім алушылар контингенті 6914 адамға жетті.
Қабылдау 2094 адамды құрады, бітірушілер – 1446, оның ішінде 33,4 % (483) –
диссертация қорғаған бітірушілер.
Ұлттық жазылу шеңберінде Қазақстанның ЖОО Web of Science және
Scopus халықаралық деректер базасына тегін қолжетімділікпен қамтамасыз
етілген.
2016 – 2021 жылдары Қазақстанның жарияланымдар портфелін 80 жоғары
оқу орны қамтамасыз етеді. Жарияланымдық белсенділігі бойынша Назарбаев
Университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атап ӛтілді, тиісінше 3 673 және
3 062 жарияланым. Нормаға келтірілген орташа дәйексӛздің жоғары
кӛрсеткіштері С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жарияланымдарына келеді.
(5,59, бұл бірге тең орташа әлемдік деңгейден 5 есе жоғары) және Назарбаев
Университеті (1,07).
Сонымен бірге қазақстандық ЖОО ПОҚ-тың импакт-факторы жоғары
халықаралық басылымдардағы жарияланым саны жоғары емес деңгейде қалып
отыр.
Сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде
мынадай проблемалар бар:
жоғары білім беру жүйесінің ӛңірлік және салалық бӛліністегі еңбек
нарығының ағымдағы қажеттіліктерімен әлсіз үндестірілуі;
отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесін есепке алмай, талапкердің
академиялық үлгеріміне мемлекеттік білім беру тапсырысын бӛлу жүйесінің
бағдарлануын сақтау;
ЖОО-ның инфрақұрылымы мен зертханалық базасының жеткіліксіз дамуы;
ҰБТ-ның ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде жоғары тәртіптегі дағдыларды
емес, білімді тексеруге бағытталуы;
ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының негізгі құзыреттерді дамытуға
және оларды бағалау жүйесіне жеткіліксіз назар аударуы;
ЖОО-да базалық және бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі
оқулықтар санының жеткіліксіздігі;
ЖОО-ны бітіргеннен кейін түлектермен ӛзара іс-қимыл тетіктерінің
болмауы;
ЖОО-лардың академиялық саясат шеңберінде жұмыс берушілермен
ынтымақтастығының фрагменттік сипаты;
азаматтық қоғам мен бизнес ӛкілдерін корпоративтік басқару
органдарының жұмысына тартудың әлсіздігі;
ЖОО-ның топ-менеджментінің жаңа сын-қатерлермен жұмыс істеуге
дайындығының жеткіліксіз деңгейі;
ЖОО-дағы шетел студенттері үлесінің қысқаруы;
қазақстандық ЖОО ПОҚ-тың импакт-факторы жоғары халықаралық
басылымдардағы жарияланым санының аздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |