Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет11/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

басым бағыт болып табылады. Республикадағы МДҰ-ның 65,5 %-ы қазақ 
тілінде оқытады. Тәрбие процесі 7122 МДҰ-да мемлекеттік тілде және 2155 
МДҰ-да аралас (тәрбие мен оқытудың екі тілінде) жүргізіледі. Тек қазақ тілінде 
тәрбиелеп, оқытатын МДҰ-лар үлесі Қазақстанның оңтүстік және батыс 
ӛңірлеріне тиесілі, олар: Ақтӛбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, 
Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Аралас 
МДҰ-лардың ең кӛп үлесі Астана қаласы мен Қарағанды облысына тиесілі.
Кедергісіз қолжетімділік 2972 (38,2 %) мемлекеттік МДҰ-да қамтамасыз 
етілген. Кедергісіз қолжетімділік деп ЕБҚ бар балаларды толық тәрбиелеу және 
оқыту үшін арнайы жабдықтармен, кадрлармен, ОӘК-мен және басқалармен 
қамтамасыз етілген қолжетімді орта түсініледі. 
МДҰ-да инклюзивті білім беруді дамытуға бірқатар себептер кедергі 
келтіруде. Біріншіден, бұл білікті кадрлардың жетіспеушілігі, үй-жайларды 
қажетті жабдықтармен және ОӘК-мен жеткіліксіз жарақтандыру.
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды МДТО-мен қамту 84,7 %-ды құрайды. 
Алайда халықаралық салыстыруларда Қазақстан 2020 жылы ғана ЮНЕСКО-


ның мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы қамту формуласы бойынша 
қамтудың орташа деңгейі бар елдер тобына енді.
3-6 жастағы балаларды қамту кезекке тұрған балалардың жалпы санының 
98,7 %-ын (860 мыңнан астам) құрайды. Кезекте 58 мың бала тұр. 
Сондай-ақ 3-4 жастағы 370 мыңнан астам бала ата-анасының қалауы 
бойынша отбасында тәрбиеленетінін атап ӛткен жӛн. 5 жастағы балалар 
міндетті мектепалды даярлықпен қамтылған.
ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан ерте жастағы 
балаларға ерекше назар аударып, 3 жасқа дейінгі балаларға мектепке дейінгі 
білім беруді белсенді түрде ілгерілетуі қажет, себебі қатысушылардың 
нәтижелері балабақшаларға бару ұзақтығына байланысты ерекшеленеді. Бұл 
тренд, басқа да TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулермен 
расталады.
2021 жылы апаттық жағдайдағы 11 МДҰ тіркелді (2020 ж. – 14, 2019 ж. – 
17, 2018 ж. – 12), оның ішінде 4-і қалалық жерде және 7-і ауылдық жерде 
орналасқан. (Қызылорда – 9 және Ақмола, Жамбыл облыстарында 1 апатты 
МДҰ-дан). Ауылдық жерлерде ыстық сусыз мектепке дейінгі ұйымдардың 
саны 1169 бірлікті құрайды, тасымалданатын сумен 1007, жеке жылытумен 
4868, автономды жылытумен 1058. Жеке жылытумен қамтылған ең кӛп МДҰ 
Алматы (939) Түркістан (888), Шығыс Қазақстан (471) және Қызылорда (402) 
облыстарында. Тасымалданатын сумен ең кӛп МДҰ Түркістан (244), Қостанай 
(139), Алматы (95), Маңғыстау (91) және Ақтӛбе (84) облыстарында. 
МДҰ 1,7 %-да (190 бірлік) кәріз жүйесі жоқ. Айта кету керек, 2019 жылмен 
салыстырғанда кәріз жүйесі жоқ МДҰ саны шамамен 20 есеге (2019 ж. — 3781 
дейін) айтарлықтай азайды. Алайда мұндай МДҰ әлі күнге дейін еліміздің 
барлық ӛңірлерінің ауылдық және қалалық жерлерінде жұмыс істейді. Ең кӛп 
кәрізсіз МДҰ Түркістан (52), Алматы (28), Батыс Қазақстан (22) және Солтүстік 
Қазақстан (22) облыстарында жұмыс істейді.
Абаттандыру мәселесі нашар шешілуде. 2020 жылы тек жылы 
дәретханалары бар МДҰ саны 2019 жылмен салыстырғанда ӛзгерген жоқ, 
олардың саны бұрынғысынша 5434 бірлікті (51 %) құрайды. Тек аулалық 
дәретханалары бар мектепке дейінгі ұйымдардың саны да ӛзгерген жоқ (1172 
бірлік). Жылы және аулалық дәретханалары бар мектепке дейінгі ұйымдардың 
саны 3514 бірлікті құрады.
МДҰ-лардың барлығы бірдей бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз 
етілмеген. МДҰ-да болған кезеңде балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру 
мақсатында оларды 100 % бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру қажет.
2439 МДҰ АКТ-жабдығымен жарақтандырылған, оның ішінде 
балабақшаларда 15426 бірлік компьютерлік техника, 3456 интерактивті тақта 
бар және 7079 МДҰ 4 Мбит/с жоғары интернетке қол жеткізіп отыр, бұл ретте 
МДҰ-ның 22,4 %-ы жылдамдығы 4 Мбит/с тӛмен интернетке ие.
2021 жылы Астана қаласында "Ақша баламен бірге жүреді" қағидаты 
бойынша ваучерлік қаржыландыру пилоты басталды және бұл пысықталғаннан 
кейін бүкіл мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын болады.


2010 жылдан бастап елімізде балабақшаларға қағаз кезектілік жұмыс істеді, 
2015 жылдан бастап әр ауданда ӛзінің электрондық кезектері болды (224 
ауданда), ал 2021 жылдан бастап ӛңірлер бір кезекке аудандық кезектерді 
біріктірді. Барлық ӛңірлерде балабақшаларға жолдама берудің, кезекке қоюдың 
және балабақшаларға қабылдаудың бизнес-процесі egov.kz платформасы 
арқылы автоматтандырылды. МДҰ-ның 72,4 %-ы "Электрондық үкімет" немесе 
"Азаматтарға арналған үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік кӛрсетілетін 
қызметтермен қамтылған. Соған қарамастан, бүгінгі таңда ел бойынша 
бірыңғай кезек базасын құру үшін әртүрлі ақпараттық жүйелер арасында 
интеграция жоқ. Ӛңірлік базалардың бытыраңқылығы кезектіліктің 
қайталануына әкеледі, ашықтықты қамтамасыз етпейді және сырттан араласу 
жағдайларын жоққа шығармайды.
МДТО-ға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына 
және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім 
беру ұйымдарына беріледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы кӛлемінде 
МДҰ-ның бір балаға есептегендегі тәрбиелеу мен оқыту жӛніндегі ағымдағы 
шығындары ӛтеледі.
Алайда бүгінгі күні МДТО-ға мемлекеттік білім беру тапсырысын беру 
тетігін қайта қарау талап етіледі: жан басына шаққандағы формат және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет