Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің барлық деңгейлерінде білім
алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай тетігі жоқ.
Елде мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы
туралы бірыңғай ереже жоқ.
Әртүрлі мамандар мен ата-аналарды тарта отырып, ЕБҚ бар түлектерді
кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастыру және әлеуметтендіру, кәсіби
бағдарлаудың барлық кезеңінде ЕБҚ бар жасӛспірімдердің кәсіби жоспарларын
олардың мүмкіндіктеріне сәйкес түзету мәселелерін қарастыру қажеттілігі
туындайды.
Жалпы білім беретін және арнайы мектеп мұғалімдерінің бірлескен күш-
жігерін пайдалану инклюзивті білім беру жағдайында балалардың ерекше
қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді әдісі болып табылады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап басқару жүйесінің жаңа әкімшілендіру және
қаржыландыру вертикалі құрылды,
оның жанындағы аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың білім бӛлімдері облыстардың білім басқармаларына
есеп береді және олардың бақылауында болады. Нәтижесінде әрбір ауданның
қажеттіліктері бойынша қаржы қаражатын біркелкі бӛлу, мемлекеттік саясатты
іске асыру тәсілдерінің бірыңғай пайымы, тауарлар мен кӛрсетілетін
қызметтерді сатып алуды орталықтандыру, бұлтты бухгалтерияны енгізу және
қаржылық бұзушылықтарды азайту, проблемалық мәселелерді тез шешу, білім
беру ұйымдары арасында негізгі құралдарды беру мерзімдерін қысқарту
қамтамасыз етілді. Барлық қаржылық операциялар "Қазынашылық-клиент"
жүйесі арқылы жүргізіледі және ұзақ уақытты талап етеді.
Зерттеулер қазақстандық оқу орындары директорларының 67 %-ы қызметке
кіріскеннен кейін мектепті басқару бойынша оқудан ӛткенін кӛрсетті (TALIS-
2018). 13 % педагогикалық кӛшбасшылықты оқыды (30 % – ЭЫДҰ, TALIS-
2018). Бұл ретте республикада білім беру менеджерлерін жүйелі даярлау
бағдарламасы жоқ.
Қазақстандық оқу орындарының директорлары ӛздерінің жұмыс уақытының
кӛп бӛлігін әкімшілік (жұмыс уақытының 21,6 %) және оқу-тәрбие міндеттерін
(21,3 %) орындауға, содан кейін басқару мәселелеріне (18,3 %) пайдаланады. Ӛз
кезегінде ЭЫДҰ елдерінде директорлар ӛз жұмыс уақытын кӛбірек
әкімшілік
(29,5 %) және басқарушылық (21,3 %) міндеттерді шешуге, содан кейін ғана
оқу-тәрбиелік (16,3 %) міндеттерді шешуге пайдаланады.
Орта білім беру ұйымдарына мемлекет тарапынан кӛрсетілетін қолдауға
қарамастан оқушылар жүйелі түрде үлгерімінің тӛмен нәтижелерін кӛрсетуде.
Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының тиімділігін тәуелсіз кешенді бағалау
жүйесі
әзірленбеген,
табысты
даму
стратегияларының
тәжірибесін
трансляциялау тетігі, персоналды басқару бойынша тиімді менеджмент және
жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұтымды пайдалану жоқ.
Білім беруді қаржыландыру кӛлемі 2021 жылы 2010 жылғы деңгейге
қарағанда 2 трлн теңгеден астам ұлғайды. Алайда білім беруге арналған
мемлекеттік бюджет шығыстарының ЖІӚ-ге қатысты үлесі әлі де 3 %
деңгейінде сақталуда, ал ЭЫДҰ елдерінде 5-тен 6 %-ға дейін ӛзгеріп отырады.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының талдауы жылдан жылға тӛмендеуді
кӛрсетеді. 2021 жылы мемлекеттік мектепте 1 оқушыға жұмсалатын орташа
шығыстар 2020 жылмен салыстырғанда 74,1 мың теңгеге қысқарды. Бұл ретте
ел халқы мемлекеттік салымдардың нақты бағасын сезбейді, ӛйткені
балалардың ата-аналары білім беру кӛрсетілетін
қызметтерінің негізгі
бағалаушылары болып табылмайды.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру білім берудің барлық
деңгейлерінде іске асырылды. Орта білім беруде қаржыландырудың осы
қағидаты толық кӛлемде қолданылмайды, тек толық жинақты қала мектептері
кӛшті.
Білім беруді цифрландыруды дамытудың белсенді кезеңі 2017 – 2018
жылдары Мемлекет басшысының Жолдауын орындау және "Цифрлық
Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды.
Бірінші қадам қолда бар ақпараттық ресурстарды түгендеу және ҰБДҚ
ақпараттық жүйесін білім беру жүйесі бойынша бірыңғай деректер қоймасына
трансформациялау процесін іске қосу болды. Бәсекелестік ортада BilimLand,
Kundelik, BilimAL, I-mektep, Mektep-EDU сияқты білім беру ақпараттық
ресурстары белсенді жұмыс істейді, олар білім беру процесін автоматтандырып
қана қоймай, білім беру ұйымдарына әртүрлі
онлайн-білім беру контентін
ұсынады. Мектептер ӛз талаптарына жауап беретін контентті ӛз бетінше
таңдауға құқылы.
Білім беруде цифрландыруды дамытуға карантиндік шаралар мен қашықтан
жұмыс істеу форматына шұғыл кӛшу қуатты серпін болды. Нәтижесінде 2020
жылдың ӛзінде оқушылар мен мұғалімдерге 500-ден астам компьютерлік
техника сатып алынып, таратылды. Оқушылардың 1 оқу компьютеріне
арақатынасы "1-еуі 11-не"-ден "1-еуі 5-еуіне" ауысты.
Цифрландыру барлық ақпараттық жүйелерге әсер етті, ӛйткені онда
деректермен алмасу, яғни верификаттау, толтыруларға жүктемені азайту,
жеделділік және т.б. үшін интеграциялық процестер іске қосылды.
Білім саласында бірыңғай интеграцияланған онлайн білім беру жүйесін
енгізу басталды.
Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық
кешен мен қолданбалы бағдарламалық қамтылымға қойылатын ең тӛменгі
талаптар белгіленді. Бірінші кезекте,
талаптар моральдық ескірген
жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
Онлайн оқыту контентін жаппай әзірлеу басталды – нарық жаңа цифрлық
шешімдерді белсенді түрде ұсына бастады.
Қашықтан оқыту форматына кӛшу оқушылар мен мұғалімдерге цифрлық
құзыреттілікті арттыруға әсер етті.
Қашықтан оқыту форматына және білім беру мемлекеттік кӛрсетілетін
қызметтерін автоматтандыруға кӛшу білім беру жүйесінде білім беру
саласындағы статистика жүргізілетін ҰБДҚ ақпараттық жүйесінің жұмыс
істеуінің арқасында жүзеге асырылды. ҰБДҚ әртүрлі деңгейдегі 21 мыңнан
астам білім беру ұйымын қамтиды және әртүрлі мемлекеттік және жеке IT
шешімдермен интеграцияланған. Автоматтандыру есебінен жыл сайынғы
үнемдеу бюджет қаражатын жылына 1 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік
береді.
Білім беру жүйесін цифрландыру үшін компьютерлік жабдықтар мен
жоғары жылдамдықты интернетті қамтитын
цифрлық инфрақұрылымды
белсенді дамыту қажет.
Екінші маңызды бағыт бизнес-процестерді оңтайландыру және
реинжиниринг, білім беру ұйымдарының жұмысын жеңілдету мақсатында
процестерді цифрландыру және ақпараттық жүйелердегі ақпаратты толық
есепке алу болып табылады. Бұл мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер санын
қысқартуға және кӛптеген білім беру қызметтерін цифрлық форматта ұсынуға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: