Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет13/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 5-тарау. Орта білім беру  
Жақсы МТБ – білім беру сапасының кепілі, сондықтан білім беру 
саясатында ең алдымен инфрақұрылымдық мәселелерді шешу ӛте маңызды.
3 жылдың динамикасында негізінен қалалық жерлерде орта білім беру 
ұйымдарының желісі мен контингентінің ұлғаюы байқалады. 2021 жылғы 1 
қыркүйектегі жағдай бойынша әртүрлі ведомстволық бағыныстағы мектептер 
саны 3594972 оқушы контингентімен 7549 бірлікті құрады. 
Демографиялық және кӛші-қон процестерінің салдарынан ӛңірлер бойынша 
оқушылар санында айырмашылық байқалады. 2020 – 2021 оқу жылында 
Алматы және Түркістан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында 
оқушылар санының айтарлықтай ӛсуі тіркелді.
Ӛңірлер бойынша ШЖМ біркелкі емес. ШЖМ желісі 500-ден астам 
бастауыш, 700-ден астам негізгі орта, 1400-ден астам жалпы білім беретін 
мектептерді қамтиды. ШЖМ Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, 
Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында басым, Маңғыстау, 
Қызылорда және Атырау облыстарында мұндай мектептердің үлесі аз. 
Оңтайландыру есебінен ШЖМ үлесі 3 жылда 1,7 %-ға тӛмендеді. Күндізгі 
мемлекеттік мектептердің жалпы санының 40,1 %-ы шағын жинақты болып 
табылады. ШЖМ контингенті ел бойынша оқитындардың жалпы санының 
5,6 %-ын құрады. Оқушылардың нормативтік санының жеткіліксіздігі ШЖМ-
ды оңтайландыруға алып келді. Мәселен, 2018 жылдан бастап 99 ШЖМ 
жабылды (қайта ұйымдастырылды), оның 95 %-ы ауылдық жерлерде. Осы 
кезеңде ең кӛп бастауыш ШЖМ жабылған. Ауыл мектептерінің жабылуы 
халықтың кӛп кетуі байқалатын және ШЖМ үлесі жоғары ӛңірлерде: Солтүстік 
Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды 
облыстарында орын алды.
Кадрлық, оқу-әдістемелік, цифрлық қамтамасыз етілген 194 тірек мектепке 
(ресурстық орталықтарға) 585 магниттік ШЖМ (барлық ШЖМ 21 %) 
бекітілген. Тек 64 тірек мектепте ғана мектеп жанындағы интернаттар жұмыс 


істейді. Жалпы бұл тәсіл білімнің сапасы мен жан-жақты қамтылуын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 
Қазақстандағы мектептердің 60 %-дан астамы 1930 – 1990 жылдары 
пайдалануға берілген және ӛңірлерде олардың техникалық жай-күйін 
зерделеуге, күрделі жӛндеу жүргізуге жүйелі тәсілдің жетіспеушілігі мектеп 
ғимараттарының апаттылығына әсер етуі мүмкін. 
Мектептердің толы болуы мен үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешу 
әлі мүмкін емес, олардың саны ӛсуде. Тәуелсіздік жылдарында республикада 
2466 жаңа мектеп салынды. 
2020 жылдың қорытындысы бойынша 137 мектеп үш ауысымда сабақ 
жүргізеді, тиісінше оқушы орындарының тапшылығы сақталуда; 635 мектеп 
күрделі жӛндеуді қажет етеді, оның ішінде қалада – 224, ауылдық жерлерде – 
411 мектеп. Мектептердің 2 %-ында оқушы орындары жетіспейді.
Демографиялық ӛсуді, ішкі кӛші-қонды, мектеп ғимараттарының 
амортизациясын ескере отырып, оқушылар орындарының жыл сайынғы 
тапшылығының ӛсу үрдісі пайда болады, бұл жаңа мектептерді, оның ішінде 
МЖӘ арқылы салу қажеттілігіне алып келеді.
Заңнамада кӛзделген ұзақ мерзімдер, жоспарлаудың, жекеше әріптесті 
таңдаудың және МЖӘ шарттарын жасасудың күрделі бюрократиялық рәсімдері 
қазіргі уақытта жеке инвесторлар мен олардың ықтимал кредиторлары үшін 
жобаларға қызығушылықты тӛмендетеді.
Осыған байланысты МЖӘ жобаларының базалық параметрлерін, оның 
ішінде мақсаттар мен міндеттерді, институционалдық схеманы, бюджет 
қаражаты есебінен болжанатын тӛлемдерді, жеке инвесторлар үшін жаңа 
мектептер салудың қаржылық тартымдылығын арттыратын мемлекеттік қолдау 
шараларын кӛздеу қажет.
Ескіруге байланысты мектептердің ішкі инфрақұрылымын дамыту 
мәселелері дереу шешуді талап етеді. Денсаулық сақтау жағдайларын 
қамтамасыз етуге бағытталған күрделі жӛндеу соңғы 3 жылда 770 мектеп 
ғимаратында жүргізілді.
Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жолындағы тағы бір қадам жеке 
мектептер желісін дамыту болуы мүмкін.
Соңғы 3 жылда жеке меншік мектептер желісі мен контингенті 
айтарлықтай ӛсті. 2021 жылы республикада 104510 білім алушы контингенті 
бар 375 жеке меншік мектеп, сондай-ақ 28 мыңнан астам бала білім алатын 12 
халықаралық мектеп жұмыс істеді. Барлық жеке меншік мектептердің 
жартысынан кӛбі еліміздің мегаполистері: Астана, Алматы және Шымкент 
қалаларына тиесілі. Сондай-ақ жеке меншік мектептердің ӛсуі республиканың 
халық тығыз орналасқан оңтүстік ӛңірлерінде Алматы облысында 2 еседен 
астам және Түркістан облысында 6 есеге жуық болды. Білім алушылардың ең 
кӛп контингенті де жоғарыда аталған ӛңірлерге тиесілі. Ең аз жеке меншік 
мектептер Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 
жұмыс істейді.


"Ақша оқушымен бірге жүреді" қағидатымен жан басына шаққандағы 
қаржыландыруға кӛшу кӛбіне жеке меншік мектептердің осындай ӛсуіне ықпал 
етті. 2018 жылдан бастап жеке меншік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру 
басталды. Аталған шара толы мемлекеттік мектептерді ішінара босатуға, елдегі 
оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. 
2015 – 2016 оқу жылынан бастап орта білім берудің жаңартылған мазмұны 
енгізілді. Білім беруден құзыреттілікке кӛшу қағидаты іске асырылды. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі – МЖБС), 
үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылды, білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ӛлшемшарттық жүйесі енгізілді, 
оқыту әдістемесі мен технологиялары жетілдірілді, үштілді білім беру саясаты 
іске асырылуда.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру кезеңінде (2016 – 2020 
жылдары) сараптамадан ӛткен және шығарылған 652 оқулық атауы бар, 
олардың 78-і бастауыш білім беру деңгейіне арналған базалық оқулықтар 
болып табылады. 5 – 11 сыныптарда әр пәнге орта есеппен 2-3 балама оқулық 
келеді.
Сараптама сарапшылардың, авторлар мен баспалардың мүдделер 
қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік беретін "кӛрмей" рецензиялау 
қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқу әдебиеттеріне сараптама бес кезеңде 
жүргізіледі: бастапқы және қорытынды ғылыми-педагогикалық сараптамалар, 
апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы. 
Оқулықтарды сараптау жүйесі әзірлеушілер тарапынан апелляция рәсімін 
кӛздемейді.
Сонымен қатар оқу әдебиетінің қазақстандық контентіне назар аударылды, 
қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін (аудармасыз) оқулық әзірлеу 
міндеттемесі, мәтіндер мен иллюстрацияларда Отанға, ұлттық мәдени кодқа, 
фольклорға және айтулы кейіпкерлерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін 
тәрбиелейтін ұлттық мүдделерді, құндылықтар мен жетістіктерді кӛрсету 
кӛзделген. Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, оқулықтарда отбасылық 
құндылықтарды, ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелеріне құрмет 
кӛрсетуді, ӛмірсүйгіштікті, қоршаған ортаға қамқорлықты, деструктивті 
кӛріністерге қарсы тұру дағдыларын насихаттайтын ақпарат болуға тиіс. 
Баспалардың практикалық қызметіне міндетті түрде басылымішілік 
сараптама жүргізу, оқулық теориясы мен қолданылатын сараптама 
ӛлшемшарттары бойынша авторлардың оқу курсынан ӛтуін ӛтеу кіреді. 2020 – 
2021 жылдары 1 мыңнан астам автор осындай курстан ӛтті.
ОӘК мен мерзімді басылымдар мектеп кітапханаларының барлық кітап 
қорының 81 %-ын (163 млн дана) құрайды, олардың ішінде мемлекеттік тілдегі 
басылымдар кітапхана қорының 30 %-нан аспайды. Алайда кӛркем әдебиеттің 
95 %-ы кеңес заманында жарық кӛрді, жалпы қордың 30 %-ы есептен 
шығарылуы керек.
2018 жылы ӛткізілген 16 елдің (Curriculum Content Mapping, ЭЫДҰ жобасы 
шеңберінде) оқу бағдарламаларын талдау қорытындылары бойынша 


қазақстандық білім беру мазмұнында мынадай құзыреттер кеңінен ұсынылған: 
сыни ойлау, проблемаларды шешу, деректермен жұмыстағы сауаттылық, 
болжау, АКТ-сауаттылық, жаһандық құзыреттер, білім алушылардың 
проактивтілігі, топтық жұмыс, рефлексия және ынтымақтастық. Бұл ретте 
қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік және есептеуіш ойлау неғұрлым аз 
дамытылатын құзыреттер болып табылады.
Дүниежүзілік Банктің жобасы шеңберінде жүргізілген білім берудің 
жаңартылған мазмұнын және оның іске асырылуын талдау стандарттардың 
оқыту мен оқыту процесін құзыреттерді (дағдыларды) дамытуға бағдарлау 
ниетіне қарамастан, оқу бағдарламаларындағы мазмұнның кӛлемі оның мүмкін 
еместігін кӛрсетті.
Орта білім мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға 
бағытталған. Функционалдық сауаттылықты дамыту оқыту мақсаттары мен 
сабақтағы қызметтер жүйесі арқылы іске асырылады. Дегенмен, оқыту 
мақсаттарын іске асыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейі әлі де 
жеткіліксіз, оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға және 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған контекстік 
тапсырмаларды құрастыру дағдылары жоқ. Зерттеу дағдыларын, сыни және 
шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру ресурстары (есептер 
жинағы, онлайн-ресурс банкі, бейімделген деңгейлік мәтіндер және т.б.) жоқ.
Білім алушылардың шамадан тыс оқу жүктемесі байқалады. Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері арасында Қазақстанның 
бастауыш мектебінің үлгілік оқу жоспарының жүктемесі ең жоғары. Ресейде 
оқу уақытының орташа жылдық саны 2393 сағатты, Қазақстанда 3664,5 сағатты 
құрайды.
Ӛлшемшарттық бағалау бойынша қажетті нұсқаулықтар, құралдар 
әзірленді, тиісті оқыту ұйымдастырылды. Алайда TALIS-2018 зерттеуіне сәйкес 
педагогтер әлі де бағалау әдістері бойынша әдістемелік қолдауды қажет етеді.
Жаңартылған үлгілік оқу жоспары 7 – 9 сыныптардағы білім алушыларды 
ерте бейіндеуге мүмкіндік береді. 10 – 11-сыныптарда оқу бағытына қарамастан 
пәндердің бірыңғай жиынтығы белгіленді, міндетті пәндердің саны 
қысқартылды, тереңдетілген және стандартты деңгейдегі пәндерді таңдау 
ұсынылды. Бұл ретте бейіндеу дәстүрлі оқу пәндерін оқуға арналған апталық 
сағаттар санының артуымен ғана шектеледі.
2021 жылы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – 
"Атамекен" ҰКП) бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмыстарына қатысты жаңа 
тәсілдер әзірленді.
Орта білім беру мазмұнын кәсіби дағдылар мен құзыреттерді ерте 
қалыптастыруға қайта бағдарлау, ал жоғары сыныптарда бейіндік даярлыққа 
назар аудару қажет. Осыған байланысты озық әлемдік тәжірибеге сәйкес 
оқытудың 12 жылдық моделіне кӛшу ӛзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда, біріншіден, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 
мектептерде қазақ тілін оқытудың жалпы жүйесі жеткілікті деңгейде 
құрылмаған. Осыған байланысты мектептердің, ТжКБ ұйымдарының, жоғары 


оқу орындарының оқу бағдарламалары арасында тіл оқытуда сабақтастық 
байқалмайды. Ӛз кезегінде, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына әсер етеді. 
Нәтижесінде мектеп, ТжКБ ұйымдары, жоғары оқу орындарының түлектері 
қазақ тілін тиісті деңгейде меңгермейді. 
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті 
біріктіріліп, бір пән ретінде оқытылады. Мұндай аралас оқыту күтілетін нәтиже 
бермейді, ӛйткені оқушыларға бір пән бойынша тіл мен әдебиетті игеру қиынға 
соғады. Мысалы, халықаралық тәжірибеде тіл міндетті түрде жеке пән ретінде 
оқытылады.
Бұдан басқа, "Қазақ әдебиеті" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру 
жұмысы жүргізілуде.
Сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі қалалық 
және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, 
барлық балаларға тең мүмкіндіктер беру болып табылады.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері мектепте орта білім 
сапасында үлкен алшақтық бар екенін айғақтап отыр. Ӛңірлер, аумақтар (қала – 
ауыл), оқыту тілі және отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі 
бойынша үлгерімде елеулі алшақтық анықталды. Осылайша, ӛңірлер 
бӛлінісінде ең тӛмен және жоғары кӛрсеткіштер арасындағы алшақтық 84 
балды құрады және 3 оқу жылына сәйкес келеді. Елдің барлық дерлік оңтүстік 
және әсіресе батыс ӛңірлері елдегі орташа деңгейден тӛмен нәтижелерді 
кӛрсетеді.
PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері алынған білім сапасы 
бойынша қалалық және ауылдық білім алушылар арасында және ӛңірлік 
бӛліністе бір мезгілде айтарлықтай алшақтықты кӛрсетеді. Мысалы, Солтүстік 
Қазақстан облысындағы ауыл мектептері оқушыларының кӛрсеткіштері 
Қызылорда облысындағы қала мектептері оқушыларының кӛрсеткіштерінен 
жоғары. Мұндай жағдай кӛптеген ӛңірлер бойынша сақталуда. PISA-2018 
математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша алшақтық PISA-
2009-бен салыстырғанда 3 балға қысқарды, оқу сауаттылығы бойынша, 
керісінше, 4 балға ұлғайды. Ауылдық жерлерде оқитындардың арасында артта 
қалғандардың (функционалдық сауатсыздардың) неғұрлым жоғары үлесі 
байқалады. Оқу сауаттылығы бойынша ауылдық білім алушылардың тек 24 %-
ы ғана 2-ші және одан жоғары деңгейге жетеді.
PISA-2018 (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану 
ғылымдары) бағаланатын барлық үш бағыт бойынша Атырау, Маңғыстау, 
Алматы және Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облыстары тӛмен 
нәтижелер кӛрсетті.
Білім беру теңсіздігі негіздерінің бірі – қалалық және ауылдық 
педагогтердің біліктілігіндегі алшақтық, олардың дағдылары мен тиісті оқу-
материалдық базаның болуы. Осындай алшақтық нәтижелері TIMSS, PIRLS 
және ICILS сияқты басқа да халықаралық зерттеулерде ұсынылған. Мұндай 
оқиғалардың негізгі себебі функционалдық сауаттылыққа емес, пәнді білуге 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау болып табылады. Осыған 


байланысты білім берудің жаңартылған мазмұнына бағдарлана отырып, орта 
білім беруді сыртқы бағалаудың қолданыстағы моделін базалық білімінің 
(функционалдық сауаттылығының) болуына қайта пайымдауға назар аудару 
қажет.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері мемлекеттік және 
орыс тілдерінде білім алушылар арасындағы кӛрсеткіштердегі екіншінің 
пайдасына елеулі алшақтықты кӛрсетеді. PISA-2018 нәтижелеріне сәйкес 
мемлекеттік тілде білім алушылар оқу сауаттылығы бойынша орыс тілінде 
білім алушылардан 70 балға тӛмен, жаратылыстану – ғылымдары сауаттылығы 
бойынша − 65 балл, математикалық сауаттылық бойынша 38 балл нәтижесін 
кӛрсетеді. 
Бұл ретте зерттеу циклдері бойы қазақ тілінде білім алушылардың 
нәтижелерінің жақсаруы, сол сияқты орыс тілінде білім алушылар 
нәтижелерінің тӛмендеуі немесе ӛзгермеуі есебінен осы алшақтықтың 
қысқаруы байқалады. Оқу бойынша, мысалы, 2009 жылмен салыстырғанда 
алшақтық 19 балға қысқарды. 
Оқыту тілдері бойынша жалпы алғанда Қазақстанның барлық ӛңірлері мен 
тестілеу бағыттары бойынша орыс тілінде білім алушылар PISA тестілеуін 
қазақ тілінде білім алушыларға қарағанда анағұрлым табысты тапсырады. 
Алайда әр ӛңірде бұл алшақтықтың мӛлшері статистикалық тұрғыдан 
айтарлықтай ерекшеленеді. Оқу сауаттылығы бойынша ең үлкен алшақтық – 80 
балдан астам Павлодар (айырмашылық 87 балды құрады), Маңғыстау (86) 
облыстарында және Алматы қаласында (83), ал ең тӛмені Алматы облысында 
(31 балл) анықталды.
Қала – ауыл және ӛңірлер арасындағы нәтижелердегі алшақтық ICILS-2018 
халықаралық салыстырмалы зерттеуімен де анықталды. Ең жоғары және ең 
тӛменгі нәтижелер арасындағы айырмашылық 165 балл болды. Ауылдық және 
қалалық мектептер арасындағы айырмашылық 70 балды құрайды.
9-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – 
ОЖСБ) кӛрсеткіштерінің қалалық және ауылдық оқушылар арасындағы 
айырмашылығы соңғы 3 жыл ішінде 7 балды құрайды. 2017 жылдан бастап 
қалалық және ауылдық мектептердің ӛз нәтижелері ӛзгеріссіз қалып отыр және 
олардың арасындағы алшақтық сол деңгейде сақталып отыр.
2019 жылы қалалық және ауылдық мектептердің түлектері арасындағы ҰБТ 
нәтижелеріндегі алшақтық алғаш рет қысқарды. Қала мектептері түлектерінің 
орташа балы 70,54 балды, ауыл мектептері түлектерінің орташа балы 69,11 
балды құрады. Нәтижесінде қалалық және ауылдық оқушылар арасындағы 
алшақтық ең тӛменгі 1,43 балға дейін азайтылды. 
Ауылдық жерлерде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 70 %-ы 
орналасқан, онда балалардың 42 %-ы (1506250) оқиды. 
193173 оқушы контингенті бар 2754 мектеп шағын жинақты болып 
табылады. ШЖМ ең кӛп саны Солтүстік Қазақстан – 13 %, Ақмола – 13 %, 
Шығыс Қазақстан – 12 %, Қостанай – 11 %, Қарағанды – 7 % облыстарында 
орналасқан. 


Қазіргі уақытта ауылдық мектептер инфрақұрылымдық дамуда және 
жарақтандыруда артта қалып отыр: ауылдық мектептердің 66 %-ы (қалада – 
86 %) жаңа модификация кабинеттерімен жарақтандырылған, ауылдық 
жерлердегі мектептердің 71,5 %-ы (қалада – 95 %) бейнебақылау жүйелерімен 
қамтамасыз етілген, 2000 ауылдық мектепте интернет-байланыс жоқ.
Ауылдық оқушыларды оқыту сапасына әсер ететін елеулі факторлар 
ауылдық жерлерге жоғары білікті педагогтер тартудың қиындығы, қаржылық 
және материалдық ресурстардың, коммуникациялар мен технологиялардың 
жеткіліксіздігі болып табылады. PISA-2018 зерттеуінде сапалы оқу процесіне 
белгілі бір дәрежеде кедергі келтіретін негізгі проблемалардың ішінде ауылдық 
білім беру ұйымдары басшыларының 36 %-ы оқытушылар құрамының 
жетіспеушілігін, 21 %-ы білікті кадрлардың жетіспеушілігін атап ӛтті. 
"IQanat" білім беру қоры ауыл мектептерінің оқушылары үшін менторлық 
бағдарламалар мен ҰБТ-ға қарқынды дайындық лагерін ұйымдастырады. Қор 
жыл сайын ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін 
пәндер бойынша олимпиадалар ӛткізеді. Олимпиада финалистерінің IQanat 
High School of Burabay-ға оқуға түсуге мүмкіндігі бар.
Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен "Alpha 
Academy" қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын "Hello, Aul" жобасы 
шеңберінде ауыл мектептерінің 8 – 10 сынып оқушылары үшін ағылшын 
тілінен 2 айлық курстар ӛткізіледі. Қазіргі уақытта жоба Түркістан, Жамбыл 
және Алматы облыстарында жүзеге асырылуда.
Ауылдық және қалалық мектептерде білім беру сапасы арасындағы 
алшақтықты жою үшін ауыл мектептерін қолдау бойынша "Цифрлық 
Қазақстан" және "Ауыл – Ел бесігі" ӛңірлік бағдарламалары, "Мобильді 
мұғалім", "Қамқор жанұя", "Нәтижелілігі тӛмен ауыл мектептеріне мықты 
мектептердің қамқорлығы" жобалары әзірленді.
"НЗМ" ДБҰ еліміздің орта білім беру жүйесіне ӛз тәжірибесін енгізуді 
жалғастыруда. Ол үшін ӛңірлердегі жалпы білім беретін мектептердің 
қатарынан әдістемелік алаң болып табылатын 1710 "жетекші мектеп" жұмыс 
істейді. Сондай-ақ жеке меншік бастамашыл ұйымдардың (демеушілердің) 
қатысуымен ауыл мектептерін әдістемелік (мектептерде ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім беру 
органдарына ұсыныстар әзірлеу және т.б.) және материалдық-техникалық 
қолдау (жарақтандыру және қайта жабдықтау, жӛндеу, реконструкциялау) 
жӛніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 
мұғалімдері үшін 1 – 11 сыныптар аралығындағы барлық пәндер бойынша үш 
тілде әр сабаққа арналған 174 мыңнан астам материалды қамтитын "Жүйелік-
әдістемелік кешен" жалпыға қолжетімді онлайн платформа құрылды.
2020 жылы қашықтықтан оқыту үшін "НЗМ" ДБҰ "Bilim Media Group"-пен 
бірлесіп қазақ және орыс тілдерінде 1 – 11 сыныптар аралығында барлық 
пәндер бойынша 24 мың сабақты қамтитын "Online Mektep" цифрлық білім 
беру контентін әзірледі.


Қазіргі уақытта елде 21 НЗМ жұмыс жасайды, онда 15829 оқушы оқиды, 
оның ішінде 6449 (40,7 %) – халықтың әлеуметтік осал топтарынан; 3090 
(19,5 %) – ауылдық жердің, шағын қалалар мен аудан орталықтарының 
оқушылары. 
НЗМ-де 2 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: NIS-Programme (20 
мектеп) бағдарламасы, ол халықаралық деңгейде танылған А-level 
(Ұлыбритания), O-level (Сингапур) бағдарламаларымен салыстыруға тұрарлық 
үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялайды, сондай-ақ 
халықаралық бакалавриат бағдарламасы (1 мектеп), ол терең пәндік білімді 
қалыптастыруға, пәндерді интеграциялауға және кең ауқымды дағдыларды 
дамытуға бағытталған, қолданбалы сипатқа ие.
Сондай-ақ 20 НЗМ білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасын 
растайтын CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) халықаралық аккредиттеуіне ие 
болды және алынған аккредиттеуді растау үшін екінші циклге дайындалуда. 
Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен 
жүлдегерлері болып табылатын дарынды оқушылардың деректер базасы 
құрылған. Бұл базаға еліміздің түкпір-түкпірінен 26,5 мың бала кіреді. Сонымен 
қатар ӛңірлерде осындай балаларды анықтауға және қолдауға кӛмектесетін 
ғылыми-практикалық орталықтар жұмыс істейді. Еліміздің 14 ӛңірінде 
дарынды балалармен және жастармен жұмыс жасайтын орталықтар жұмыс 
істейді. 
Бүкіл 
ел 
бойынша 
дарынды 
балаларды 
оқытатын 
134 
мамандандырылған білім беру ұйымы жұмыс істейді. Елдегі дарынды балалар 
мен жастарды анықтау және қолдау мәселелері бойынша жалпы үйлестіруді 
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – "Дарын" 
РҒПО) жүзеге асырады.
Қазақстандық оқушылар соңғы жылдар ішінде әлемдік деңгейде алған 
білімдері мен құзыреттерінің бәсекеге қабілеттілігін растайды. 1998 – 2021 
жылдар аралығында Қазақстанның дарынды білім алушылары әлемдік пәндік 
олимпиадаларда 2316 алтын, 3416 күміс, 4980 қола медальға ие болды. Соңғы 
үш жылда қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадаларға қатысу 
рейтингі жеңіп алған медальдардың саны мен сапасының ӛскенін кӛрсетті.
Мәселен, егер 2020 жылы оқушылар алтын медаль ала алмаса және 
қоржынында 31 мүмкін медальдың тек 16-сы болса, 2021 жылы оқушылар 2 
алтын медаль (математика және география) жеңіп алды және жалпы алғанда 31 
мүмкін медальдың 26-сын ел қоржынына салды. 
2020 – 2021 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 
республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылардың ең кӛбі 
"Білім-инновация" лицей-интернаттарында оқиды, оның ішінде алтын 
медальмен 31, күміс медальмен 57, қола медальмен 118, Назарбаев Зияткерлік 
мектебінде алтын медальмен 16, күміс медальмен 39 және қола медальмен 23, 
республикалық физика-математика мектебінде алтын медальмен 12, күміс 
медальмен 17, қола медальмен 19 оқушы наградталды. 
2020 – 2021 оқу жылы ең беделді 7 халықаралық олимпиадада жүлдегер 
және жеңімпаз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары: 1 алтын медаль, 6 


күміс және 4 қола медальмен, "Білім-инновация" лицей-интернаттарының 
оқушылары 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен, республикалық физика-
математика мектебінің оқушылары 1 күміс, 2 қола медальмен марапатталды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, "Алтын белгі" иегерлерінің саны жыл 
сайын ӛсуде (2016 ж. – 4852 ӛтініш берушінің 2535-і, 2017 ж. – 6091 ӛтініш 
берушінің 5700-і, 2018 ж. – 5058 ӛтініш берушінің 4982-сі, 2019 ж. –7617 ӛтініш 
берушінің 7349-ы, 2020 ж. – 8615 ӛтініш берушінің 8347-сі, 2021 ж. – 10392-нің 
9746-сы). 
Сонымен бірге, 2020 – 2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 
мамандандырылған білім беру ұйымдары түлектерінің ішінде "Білім-
инновация" лицей-интернаттарын бітірушілердің 13 %-ы, республикалық 
физика-математика мектебінің бітірушілердің 9 %-ы, НЗМ түлектерінің 4 %-ы 
"Алтын белгі" иегерлері.
НЗМ оқушыларының математика, информатика, бағдарламалау саласында 
158-ден астам авторлық құқығы, химия, нанотехнология және биология 
саласында пайдалы модельге 48 патенті бар, 175 оқушы инновациялық 
жобаларды іске асыру үшін ақшалай гранттар алды.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін 
пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың барлық кезеңдерін ӛткізу 
қағидалары жетілдірілді.
Орталықтарды ашумен қатар мамандандырылған білім беру ұйымдары ӛз 
жұмысын бастады. Қазіргі уақытта әртүрлі бағыттар бойынша оқу-тәрбие 
процесін жүзеге асыратын 134 мамандандырылған мектеп жұмыс істейді, атап 
айтқанда 89 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп, 15 Абай 
атындағы мектеп, 2 әскери мектеп, 4 ӛнер мектебі, 5 музыка мектебі, 5 IT-
мектеп, 6 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп, 8 кӛп бейінді мектеп. 
Мамандандырылған мектептерде оқыту конкурстық негізде жүргізіледі.
Елімізде жаратылыстану-математика бағытындағы 27 "Білім-инновация" 
мемлекеттік лицей-интернаты, мемлекеттік мамандандырылған білім беру 
ұйымы жұмыс істейді, олар дәстүрді сақтай отырып, жаңа заман талабына 
сәйкес ӛзгере алатын табысты мектептер болып табылады. Лицейлердің оқу 
процесінің ерекшелігі жаратылыстану-математика циклі пәндерінің оқу 
бағдарламаларының мазмұнын және пәнаралық интеграцияны, кеңейтілген 
бағдарламалық материалды лицей компоненті, инновациялық технологияларды 
қолдану есебінен интеграциялау болып табылады.
Лицейдің негізгі мақсаты – оқушыларға (білім алушыларға) ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтарды және ӛзін-ӛзі белсенді етуге дайын дарынды 
және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қажетті 
жағдай жасау, сондай-ақ ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген 
сапалы білім беру.
Ауыл мектептерінің дарынды оқушыларын дамыту мен қолдауға жеткілікті 
кӛңіл бӛлінбейді. Дарынды және ынталы білім алушылармен жұмыс істейтін 
педагогтерді жүйелі қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру талап 
етіледі. 


Дарынды балаларды қолдау үшін оларды даярлау үшін оқу-жаттығу 
жиындары мен бейінді ауысымдардың базасын құру талап етіледі.
Мамандандырылған мектептерге қабылдау орталықтандырылды және 2021 
жылдан бастап қабылдауды "Дарын" РҒПО жүргізеді.
Инклюзивті білім берудің ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең 
қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретіндегі заңнамалық анықтамасы 
бар ("Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы). 
Зерттеулер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арнайы білім 
беру ұйымдарында білім алып жатқан құрдастарымен салыстырғанда 
инклюзивтік білім ала отырып, неғұрлым әлеуметтендірілген болып, одан әрі 
жұмысқа орналасу және тәуелсіз ӛмір сүру үшін үздік дағдыларға ие 
болатынын нақты дәлелдейді. 
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 161 мыңнан астам, 
оның ішінде мектеп жасындағы балалар – 95898 және жасӛспірім жастағылары 
– 11844. Мұндай балалар санының жыл сайынғы ӛсуі орта есеппен 3 % 
құрайды, бұл ерекше қажеттіліктерді ерте анықтаудың және оларға 
психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау кӛрсетудің мемлекеттік 
саясатының нәтижесі болып табылады. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі 
балаларға жалпы білім беретін, сол сияқты оқу бағдарламалары бойынша білім 
алу құқығын береді.
2020 – 2021 оқу жылында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған 
мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлесі (психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңеспен (бұдан әрі – ПМПК) сүйемелдеу, 
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен (бұдан әрі – ППТК) 
сүйемелдеу, кедергісіз жағдайлар, әдістемелік материалдар, оқытудың арнайы 
оқу және техникалық құралдары, әдебиеттер мен кадрлар) 75 %-ды құрады. 
ЕБҚ бар 107348 баланың (7-ден 18 жасқа дейінгі) 41581-і инклюзивті біліммен 
қамтылған.
Жалпы білім беретін сыныптардағы ЕБҚ бар балалар үшін жан басына 
шаққандағы нормативтің жеке екі еселенген мӛлшері айқындалды. ЕБҚ бар 
балалармен жұмыс істегені үшін педагогтерге БЛЖ-дан 40 %-дық үстемеақы 
кӛзделген. 7016 мектепте 131127 психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсету 
маманы жұмыс істейді. 2020 жылы білім беру қызметкерлерінің үлгілік 
штаттарына жалпы білім беру процесінде ЕБҚ бар балаға педагогикалық 
қолдау кӛрсетуге арналған педагог-ассистент бірлігін енгізу айтарлықтай 
ӛзгеріс болды.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті 
білім беру мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 
Қазақстан Республикасының Заңы (2021 жыл) ерекше қажеттіліктері бар 
балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін маңызды 
құжатқа айналды. Осы Заңға сәйкес білім алу үшін арнаулы жағдайлар оқу, 
сондай-ақ арнаулы, жеке және түзету дамыту бағдарламалары мен оқыту 
әдістерін, техникалық, оқу және ӛзге де құралдарды қамтиды.


Заң жалпы білім беретін мектепте ЕБҚ бар балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметтерінің қызметін, оқу жоспарларының, 
бағдарламаларының ӛзгермелілігін, икемділігін, сондай-ақ білім алушының 
жетістіктерін оның даму ерекшеліктеріне қарай бағалау жүйесін реттейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет