Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту және сапасын арттыру



Pdf көрінісі
бет40/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 2-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту және сапасын арттыру 
ТжКБ кадрларын даярлауда икемділікті қамтамасыз ету үшін ТжКБ 
ұйымдарына жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру мазмұны мен оқу 
мерзімдерін айқындауда академиялық дербестік берілетін болады. Бұл ТжКБ 
ұйымдарына жұмыс берушілермен бірлесіп МЖБС негізінде кәсіптік 
стандарттарды, WorldSkills стандарттарын және ӛңірлік ерекшеліктерді ескере 
отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға, оқу уақытының 
мерзімдерін, кӛлемін айқындауға және қажет болған жағдайда қосымша 
пәндерді (кәсіптік модульдерді) енгізуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде білім беру бағдарламалары жастарға қажетті біліктіліктерді 
алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда 
қайтып оралуға және қосымша басқа да біліктіліктерді алуға мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламаларын және олардың сапасын есепке алудың бірыңғай 
ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы 
ақпараттандыру объектісінде орналастырылатын және жүргізілетін білім беру 
бағдарламаларының тізілімі жасалатын болады.
Білім беру бағдарламалары тізілімге енгізілуі үшін тәуелсіз сарапшылар 
мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау жӛніндегі индустриялық 
кеңестің сараптамасынан ӛтеді. Осылайша, білім беру бағдарламаларын 
сараптау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды 
іріктеуге мүмкіндік береді. 
Бұл тәсілдің тиімділігі Аустралия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония, 
Ұлыбритания және Финляндия сияқты дамыған елдердің тәжірибесімен 
расталады.
Академиялық дербестік шеңберіндегі осы шаралар ТжКБ ұйымдарына 
ӛндірістегі технологиялық ӛзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына 
неғұрлым икемді және жедел бейімделуге мүмкіндік береді, осылайша жұмыс 
берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлауды қамтамасыз 
етеді, бұл нәтижесінде білім беру сапасын жақсартады.
ТжКБ ұйымдарында білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты 
қалыптастыру мақсатында оқу орнына, нысаны мен мерзіміне қарамастан, 
оқудың бүкіл кезеңі ішінде оқу нәтижелерін бағалау, растау және тану арқылы 
жинақтауға және ауыстыруға мүмкіндік беретін нәтижелерге бағдарланған 
кәсіптік білім беру мен оқыту үшін еуропалық кредиттік технология енгізілетін 
және бейімделетін болады. 
Кредиттік технология студенттерге кредиттердің қажетті кӛлемін 
құзыреттердің әртүрлі деңгейіне жинақтау арқылы оқыту траекториясын ӛз 
бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте формальды және формальды емес 
алынған оқыту нәтижелері (сертификаттар) ескерілетін болады. Бұл оқу 
мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.


Формальды және формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін тану 
жүйесін құру үшін "оқыту нәтижелерінің каталогы" ("конструктор" қағидаты 
бойынша) қалыптастырылатын болады. 
Бұл каталог белгілі бір біліктілік шеңберінде оқыту нәтижелеріне қол 
жеткізуді оқытудың және тәуелсіз бағалаудың бірыңғай құралы болады. 
Жұмыс берушілер мен Жаңа кәсіптер атласының талаптарын ескере 
отырып, ТжКБ мамандықтар мен біліктіліктер сыныптауышын ӛзектілендіру 
жалғасады.
Жаңа технологиялардың дамуына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту 
арқылы мамандықтар мен біліктіліктер бойынша оқулықтарды әзірлеу 
жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыс бейіні бойынша оқу-әдістемелік 
бірлестіктермен бірлесе отырып жүргізілетін болады. Оқулықтарды әзірлеу 
үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің сарапшыларын тарта 
отырып, авторлық топтар құру, оқулықтардың мазмұнын сараптау және 
бағалау, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беруді 
ұйымдастыру үшін мемлекеттік тілде оқулықтарды басып шығару сияқты 
шаралар қабылданатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет