5-параграф. Техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру Ақпараттық білім беру орталары мен жүйелерінің жұмыс істеуіне,
құрылуына және дамуына бірыңғай тәсілді белгілеуге мүмкіндік беретін
ақпараттық жүйелерге қойылатын бірыңғай талаптар әзірленетін болады.
Ақпараттық жүйелерді енгізу педагогтер мен білім алушылардың
қабылдаудан бастап бітіруге дейінгі қолжетімділігін қамтамасыз етуге, атап
айтқанда талапкерлерді қабылдауға, білім беру контентіне қол жеткізуге,
онлайн
кестені
қалыптастыруға,
электрондық
журналды
жүргізуге,
тапсырмаларды тексеру мен бағалар қоюға, бейнеконференция режимінде оқу
сабақтарын ӛткізуге, тестілеу мен емтихандарды онлайн ӛткізуге, виртуалды
симуляторларды пайдалануға және электрондық дипломдарды беруге
бағытталатын болады.
2025 жылға қарай барлық мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында оқытудың
бірыңғай автоматтандырылған процесі үшін жағдайлар жасалады. Педагогтер
мен студенттердің цифрлық білім беру технологияларына кедергісіз қол
жеткізуін қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарының IT инфрақұрылымын
дамыту, оның ішінде оқу аудиторияларын оқытудың мультимедиялық және
интерактивті құралдарымен жарақтандыру, компьютерлік техника паркін
жаңарту, сондай-ақ интернеттің байланыс арналарының ӛткізу жылдамдығын
жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша міндетті модульді
енгізе отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартуды ТжКБ ұйымдары жүзеге
асыратын болады.
Оқыту нысандары мен оқыту курстарына қарамастан ТжКБ ұйымдарында
қашықтан оқытуды пайдалана отырып, кадрларды сапалы даярлау бойынша
жұмыс жалғастырылады. Бұл ретте қашықтан оқыту нысанында рұқсат етілетін
мамандықтар тізбесін ТжКБ ұйымдары дербес айқындайтын болады.
Оқу процесін цифрлық контентпен және электрондық ресурстармен
қамтамасыз ету мақсатында үздік педагогтерді тарта отырып, жаңа білім беру
және әдістемелік ресурстармен толықтырылатын ЦБР каталогын қалыптастыру
жоспарлануда.
Ӛзекті цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ТжКБ ұйымдары
базасында IT бағыттар бойынша құзыреттілік орталықтары құрылатын болады.
WorldSkills қозғалысы шеңберінде IT құзыреттіліктері бойынша чемпионаттар
ӛткізу арқылы білім алушылардың практикалық цифрлық дағдыларын
жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.