Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


-бағыт. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету



бет22/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

7-бағыт. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету


Сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі – сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі, сапаны сыртқы қамтамасыз ету жүйесі, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің басқару және реттеуші тетіктері сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын жоғары академиялық сапаға қол жеткізуге бағытталған процестер мен рәсімдердің жиынтығы.


Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық моделі төрт деңгейден тұрады:
1) бірінші базалық деңгей ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесімен ұсынылған;
2) екінші интеграцияланған деңгей сыртқы сапаны қамтамасыз ету жүйесімен ұсынылған;
3) үшінші деңгей аккредиттеу органдары үшін сапаны қамтамасыз етумен ұсынылған;
4) төртінші деңгей сапаны қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жауапкершілігімен ұсынылған.
Білім беру кеңістігінің барлық субъектілері сапаны қамтамасыз етудің ұлттық моделін сақтайтын болады.
Білім беру ұйымдары сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі және сапа мәдениетін қалыптастыру арқылы өз білімінің сапасына және оны қамтамасыз етуге, өзінің білім беру қызметіне жауапты болады.
Сапаны қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары:
1) білім беру ұйымдарының білім беру сапасы мен сапасын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігі;
2) білім беру ұйымдары мен аккредиттеу органдары қызметінің ашықтығы;
3) сапаны қамтамасыз ету нәтижелеріне қоғамның және барлық мүдделі тараптардың сенімі;
4) сапаны қамтамасыз етудің барлық деңгейлерінде сапа мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
5) сапаны сыртқы қамтамасыз ету нәтижелерінің ұлттық дерекқорының жұмыс істеуі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттары:

  • қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес нормалар мен талаптарды сақтау;

  • оқу бағдарламасының міндеттерін сапалы іске асыру;

  • педагогтердің құзыреттілігінің жоғары деңгейі;

  • ортаның қол жетімділігі және дамушы пәндік-кеңістік орта жағдайларына сәйкестігі;

  • мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • ата-аналардың тәрбие мен оқыту процесіне қатысуы.

Оның барлық сатыларында орта білім беру сапасын қамтамасыз етудің басым бағыттары:
- білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингтеу;
- бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді жүйелі және салыстырмалы талдау;
- бастауыш, орта, жалпы орта білім беру мазмұнын жетілдіру;
- педагогтердің әлеуетін жетілдіру.

1-параграф. Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің құндылықтары баланы туғаннан бастап отбасында, мектепке дейінгі білім беру ұйымында, балаларды дамыту орталықтарында бес (алты) жасқа толғанға дейін тәрбиелеу мен оқыту ісінде бағдар беру болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын ішкі қамтамасыз етудің мақсаттары:
- баланың мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз болуы үшін жағдай жасау;
- балалардың толыққанды дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет