6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Нысаналы индикаторлар:
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2023 жыл – 90,2 %, 2024 жыл – 92,5 %, 2025 жыл – 95 %, 2026 жыл – 97,5 %, 2027 жыл – 99 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
меншік нысанына қарамастан тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2023 жыл – 20 %, 2024 жыл – 50 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
ауыз судың базалық көздерімен, бөлек ең аз жабдықталған дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2023 жыл – 83,5 %, 2024 жыл – 94 %, 2025 жыл – 97 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %,
2029 жыл – 100 %);
PISA тестілеуінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау (математика бойынша орташа балл: PISA-2022 – 430 (2-деңгей), PISA-2025 – 480 (2-деңгей), PISA-2029 – 482 (3-деңгей); оқу бойынша орташа балл: PISA-2022 – 392 (1а-деңгей), PISA-2025 – 450 (2-деңгей), PISA-2029 – 480
(3-деңгей); жаратылыстану бойынша орташа балл: PISA-2022 – 402 (1а-деңгей), PISA-2025 – 490 (2-деңгей), PISA-2029 – 492 (3-деңгей);
PISA нәтижелері бойынша халықаралық зерттеулердегі қазақстандық білім алушылар нәтижелерінің алшақтығын қысқарту: өңірлер арасында (PISA-2022: математика – 62; оқу – 68; жаратылыстану – 59, PISA-2025: математика – 60; оқу – 66; жаратылыстану – 57, PISA-2029: математика – 58; оқу – 64; жаратылыстану – 55), қала/ауыл (PISA-2022: математика – 18; оқу – 22; жаратылыстану – 15, PISA-2025: математика – 16; оқу – 20; жаратылыстану – 13, PISA-2029: математика – 14; оқу – 18; жаратылыстану – 11);
PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі (PISA-2025: математика – 54 %, оқу – 38 %, жаратылыстану – 43 %, PISA-2029: математика – 57 %, оқу – 40 %, жаратылыстану – 46 %);
толық жинақты мектептердің жалпы санынан жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшкен мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі (2023 жыл – 38 %, 2024 жыл – 40,5 %, 2025 жыл – 45,9 %, 2026 жыл – 94,2 %, 2027 жыл – 96,2 %, 2028 жыл – 96,2 %, 2029 жыл – 96,2 %);
даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психология-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту (2023 жыл – 73 %,
2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %,
2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі (мектепке дейінгі ұйымдарда: 2023 жыл – 40 %, 2024 жыл – 60 %,
2025 жыл – 80 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %,
2029 жыл – 100 %, орта білім беру ұйымдарында: 2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 90 %, 2025 жыл – 95 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %, ТжКБ ұйымдарында: 2023 жыл – 70 %, 2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %,
2029 жыл – 100 %);
жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (кемінде 20 мбит/с – бір мектепке, егер мектепте 400-ден астам оқушы болса – 20 оқушыға 1 мбит/с) 2023 жыл – 55 %, 2024 жыл – 70 %, 2025 жыл – 85 %, 2026 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
енгізілген оқушы орындарының саны (2023 жыл – 137000, 2024 жыл – 743100, 2025 жыл – 619900; 2026 жыл – 160000, 2027 жыл – 160000, 2028 жыл – 160000, 2029 жыл – 160000);
физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі (2023 жыл – 75 %,
2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 93 %, 2027 жыл – 95 %,
2028 жыл – 97 %, 2029 жыл – 100 %);
базалық ауыз су көздерімен, ең аз жабдықталған бөлек дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (2023 жыл – 92,5 %, 2024 жыл – 96 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі (2023 жыл – 70 %, 2024 жыл – 72 %, 2025 жыл – 74 %, 2026 жыл – 75 %, 2027 жыл – 77 %, 2028 жыл – 78 %, 2029 жыл – 80 %);
жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері) (2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 90 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
дуальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі (2023 жыл – 25 %, 2024 жыл – 28 %, 2025 жыл – 35 %, 2026 жыл – 38 %, 2027 жыл – 39 %, 2028 жыл – 39,5 %, 2029 жыл – 40 %);
ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі (2023 жыл – 60 %, 2024 жыл – 80 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құрылған құзыреттілік орталықтарының саны (2024 жыл – 5 бірлік, 2025 жыл – 15 бірлік);
балалардың құқықтық қорғалу деңгейі (2023 жыл – 87 %, 2024 жыл – 89 %, 2025 жыл – 91 %, 2026 жыл – 93 %, 2027 жыл – 94 %, 2028 жыл – 95 %, 2029 жыл – 96 %);
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі (2023 жыл – 16,8 %, 2024 жыл – 16,0 %, 2025 жыл – 15,0 %,
2026 жыл – 14,0 %, 2027 жыл – 13,0 %, 2028 жыл – 12,0 %, 2029 жыл – 11,0 %);
терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес балаларды кешенді қорғауды қамтамасыз еткен білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 90 %, 2024 жыл – 100 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %,
2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
азаматтық және патриоттық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде білім алушылардың өзін-өзі басқаруы және дебаттық қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі (2023 жыл – 35 %, 2024 жыл – 40 %, 2025 жыл – 45 %, 2026 жыл – 50 %, 2027 жыл – 55 %, 2028 жыл – 60 %, 2029 жыл – 65 %);
балаларды қосымша білім берумен қамту (2023 жыл – 81,1 %, 2024 жыл – 86,3 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық мүкәммалдар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 92 %,
2024 жыл – 95 %, 2025 жыл – 97 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 100 %,
2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);
мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі (2023 жыл – 78 %,
2024 жыл – 81 %, 2025 жыл – 84 %, 2026 жыл – 87 %, 2027 жыл – 88,2 %,
2028 жыл – 90 %, 2029 жыл – 92 %);
орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санынан педагог-шебердің, педагог-зерттеушінің, педагог-сарапшының және педагог-модератордың біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі (2023 жыл – 65 %,
2024 жыл – 70 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 80 %, 2027 жыл – 84 %,
2028 жыл – 87 %, 2029 жыл – 90 %);
жалпы білім беретін мектептерге тартылған жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің саны (2023 жыл – 77419, 2024 жыл – 81500, 2025 жыл – 83600, 2026 жыл – 85700, 2027 жыл – 87800, 2028 жыл – 89900,
2029 жыл – 91800);
мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан өндірістен тартылған мамандардың үлесі (2023 жыл – 8,5 %, 2024 жыл – 10 %, 2025 жыл – 11,4 %, 2026 жыл – 12 %, 2027 жыл – 13 %, 2028 жыл – 14 %, 2029 жыл – 15 %);
аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының санынан мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен білім беру ұйымдарының үлесі (2023 жыл – 35 %,
2024 жыл – 55 %, 2025 жыл – 75 %, 2026 жыл – 100 %, 2027 жыл – 20 %,
2028 жыл – 40 %, 2029 жыл – 60 %).
Достарыңызбен бөлісу: |