Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беру
жүйесінің қазіргі жағдайы
Балаларға қосымша білім беру жүйесі Қазақстанда 1990 жылы пайда
болды. Ол кеңестік кезеңдегі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың
ізбасары болып табылды.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап ақпараттың жаңа арналары мен
көздері пайда болуы, қазіргі әлемнің кез келген ақпараттық сегментіне
қолжетімділік мүмкіндігінің күрт артуы жағдайларында мектептің білімді,
дағдыларды және жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыруға деген монополияны
жоғалту үдерісі барынша анық көрініс табуда. Балаларға қосымша білім беру
саласының әлеуеті зерттеу тақырыбына айналып, саясаткерлердің назарына
ілігуде.
ТМД және Еуропа елдерінің қосымша білім беру ұйымдарындағы
балалардың қамтылуына салыстырмалы талдау төмендегіше көрініс табады:
Қазақстан Республикасы - 23,9%; Беларусь Республикасы – 44%; Өзбекстан –
16,9% 1-9 сыныптар, Тәжікстан Республикасы – оқушылардың жалпы
санынан 1 %, Ресей Федерациясы – 5 жастан 18 жасқа дейін 49, 1%, Еуропа
елдері – 50%-дан жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |