Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


    Қосымша білім беру жүйесінің әлемдік даму үдерістері



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
 


19 

 

Қосымша білім беру жүйесінің әлемдік даму үдерістері  

 

ЮНЕСКО-ның Білім берудің халықаралық стандарттық классификациясы 



(ББХСК)  формальды,  формальды  емес  және  информальды  білім  берудің  білім 

беру бағдарламаларын қамтиды.    

Формалды  білім  беру  мемлекеттік  және  жекеменшік  білім  беру 

ұйымдарының  қатысуымен  институцияланған,  мақсатты  жоспарланумен 

анықталады. 

Формалды  емес  білім  беру  формальды  білім  беруге  қосымша  немесе 

балама  болып  табылады,  әлеуметтік  және  мәдени  дамуға  бағытталған  өмірлік 

және еңбек дағдыларын дамыту бойынша бағдарламаны қамтиды.  

Формалды емес білім беру отбасындағы, жұмыс орнындағы, тұрғылықты 

жер  бойынша  және  күнделікті  өмірдегі  оқу  іс-әрекетін  қосуы  мүмкін,  оның 

бағыттылығы адамның өзімен, отбасымен немесе қоғаммен анықталады.  

Бүгінде  ақпараттың  жаңа  арналары  мен  көздері  пайда  болған  жағдайда 

мектеп білімді, дағдыларды және жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыруға деген 

монополияны жоғалтуда.  

Формалды  білім  беру  аясынан  шығу,  басқа  әлеуметтік  институттар 

мүмкіндіктерін  қолдану  қажеттігін  тудырып  отыр.  Мектеп  көптеген  елдерде 

монополистен білім беру мен әлеуметтенудің үйлестірушісіне айналуда.   

Мұндай  іс-әрекеттің  табысы  қосымша  білім  беру  саласының  дамуына 

тәуелді.   

Жоғары  технологиялық  экономика  білімді,  бірегейлікті,  жоғары 

креативтілікті  қолдану  құндылығының  артуын  талап  етеді.  Бұл  өзгерістер 

ұқсауға, көшіруге және мойынсұнуға бағытталған білім берудегі дәстүрлі амал-

тәсілдердің адекватсыздық жағдайын тудырады.    

PISA  халықаралық  зерттеулері  мектеп  түлектерінің  оқу  жағдайлары 

аясынан  шығатын  жеке  және  қоғамдық  маңызды  жағдайларда  алған  білімдері 

мен іскерліктерін қолдану қабілеттерін бағалайды.  

Оқушылардың  білім  жетістіктері  бейінінде  білімді  іске  асыру  және 

белгілі  алгоритмдерді  қолдану  іскерлігі  жоғары  деңгейдегі  зияткерлік 

іскерліктермен салыстырғанда басым болады.   



20 

 

Халықаралық  зерттеулер  мектептен  кейінгі  және  каникул  кезеңдеріндегі 



білім  берудің  барлық  түрлерін  қолдау  балалардың  психологиялық  және 

әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды екенін растайды.  

Түбейгейлі  өзгерістер  орын  алып  жататын  барынша  жаһанданған  қоғам, 

сонымен қатар қазіргі әлемдегі бос уақыттың өсіп келе жатқан рөлі белгілі бір 

қажеттіліктерді талап етеді. Еуропалық Одақ жылдам кеңеюде, Шығыс Еуропа 

елдері батыс экономикасы үлгісіне көшуде, 

қоғамның 

құндылық 

бағыттары 

интернационализация  салдарынан  өзінің 

тұрақтылығын  жоғалтуда,  халықаралық 

қарым-қатынас  өте  қолжетімді  болып  отыр 

және т.б. Білім беру жүйесі осы әлеуметтік 

және  саяси  өзгерістерден  тысқары  қала 

алмайды.  

Мұндай  жағдайларда  балалар  мен 

жасөспірімдердің  бос  уақыты  ерекше  маңызға  ие  болады.  Көптеген  елдерде 

балалар мен жастарға өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік 

беретін  арнайы  саясат  бар.  Мектептен  бос  уақытты  оларға  арнайы  ұйымдар 

ұсынатын  арнайы  бағытталған  іс-әрекетпен  шұғылдана  отырып  арнайы 

орындарда өткізу ұсынылады. Бұл жай ғана көңіл көтеру мен демалыс немесе 

дамуға бағытталған белгілі бір іс-әрекет түрі болуы мүмкін. Балалармен жұмыс 

істейтін кәсіпқойлар педагог немесе оқытушы деп аталады және көп жағдайда 

бейінді жоғары білімге ие болады. Көптеген елдерде педагогиканың бұл бөлігі 

жеке  мамандану  ретінде  оқытылады.  Ал  балалар  өз  дарындары  мен 

құзіреттіліктерін жағымды демалыс ауанында дамыту мүмкіндігін иеленеді.  

Түрлі елдерде мектептен тыс бос 

уақытта 


ұсынылатын 

іс-әрекетті 

белгілеу  үшін  әр  түрлі  терминдер 

қолданылады.  «Қосымша  білім  беру» 

термині «формальды емес білім беру» 

(ФЕББ),  «мектептен  тыс  білім  беру», 

«бос уақыт бағдарламалары» және т.б. 

терминдерімен алмастырылуы мүмкін. 

Еуропа  Кеңесінде  және  Еуропалық 

Одақта мақсатты бос уақыт іс-әрекеті «формальды емес білім беру» терминімен 

белгіленеді.  Жастардың  өміріндегі  оқудың  шамамен  70  пайызы  формальды 

емес  немесе  бейресми  білім  беру  жағдайларында  өтеді:  отбасында,  құрдастар 




21 

 

тобында,  жастар  ұйымдарында  және  бос  уақыт  топтарында.  Білім  беру 



уақытының  шамамен  30  пайызын  формальды  білім  беру  иеленеді.  Қосымша 

немесе «формальды емес» білім беру формальды білім беруге қарама-қарсылық 

ретінде  ұсынылады.  Балалар  мен  жастар  үшін  формальды  емес  білім  беру 

барынша  қызықты.  Формальды  емес  білім  беру  формальды  білім  беруге 

қарағанда барынша икемді және жаңашыл форма болып табылады, ол ФЕББ-тің 

қоғамның балаларға қатысты үнемі өзгеріп отыратын сұраныстарына барынша 

тез әрекет ету қабілетімен түсіндіріледі.  

ЮНЕСКО классификациясына сәйкес формальды емес білім беруге (non-

formal  education)  дәстүрлі  білім  беру  жүйесінен  тыс  ұйымдастырылатын  және 

өткізілетін, оқудың нәтижелері үнемі тиісті құжаттармен растала бермейтін оқу 

бағдарламалары  мен  курстары  енеді. 

Әлбетте,  барлық  айырмашылықтарды 

түсіндіру  үшін  бір  ғана  термин 

жеткіліксіз, бірақ бұл сөз зор мағынаға 

ие. 

Кейде 


бұл 

«бос 


уақыт 

бағдарламасы» деп аталады, кейде бұл 

мектептен кейінгі білім беру, қосымша 

білім  беру,  қосымша  мектептік  білім 

беру,  формальды  емес  білім  беру, 

диплом  алуды  қарастырмайтын  білім  беру,  қызығушылықтар  бойынша 

мектептер,  сыныптан  тыс  білім  беру,  оқу  жоспарынан  тыс  білім  беру, 

мектептен  тыс  білім  беру  және  тіпті  мектептік  емес  білім  беру.  Формальды 

емес  білім  беру  және  оның  нұсқалары  білім  берудің  жалпыға  ортақ 

стандарттарына  сәйкес  келмейді:  бәрі  де  сыныптан  тыс,  мектептен  тыс  өтеді 

және  «қосымшалық»  сипатта  болады,  дипломды  немесе  сертификатты  білім 

берудің түпкі мақсаты етпей-ақ даму үшін мүмкіндік ұсынады.  

Барлық  дерлік  еуропалық  елдерде  ФЕББ-дің  белсенді  саясаты  дамуда, 

ұйымдастыру  формасы  мен  жүйесі  сол  елдің  мәдени  және  тарихи 

ерекшеліктеріне байланысты. 

Әрбір еуропалық елде ФЕББ жүйесі және оларға енетін ұйымдар қоғамда 

түрлі  орын  алады.  Көптеген  ФЕББ-тер  жеке  сипатқа  ие.  Аталмыш  жеке 

бастамалардың  мақсаттары  көп  жағдайда  мемлекеттік  немесе  жартылай 

мемлекеттік  ұйымдар  көздейтін  мақсаттардан  бөлек  болады.  Жекеменшік 

ұйымдардың іс-әрекеті көп жағдайда табыс табуға бағытталған. ФЕББ-тегі бос 

уақыт мұнда табыс табу мүмкіндігі ретінде қарастырылады. 



22 

 

Қазіргі  уақытта  формальды  емес  білім  беру  бизнестің  айтарлықтай 



саласына  айналып  бара  жатқан  елдердің  саны  үздіксіз  артуда.  Балалар  мен 

жастар өз бос уақыттарын қалаған түрінде өткізу мүмкіндігі үшін ақша төлейді.  

Бүгінде Еуропаның барлық дерлік елдерінде он мыңдаған қосымша білім 

беру ұйымдары жұмыс істейді.  

Орталық  және  Шығыс  Еуропа  елдерінде  үкімет  балалар  даму  үшін 

қосымша  мүмкіндік  алатын  формальды  емес  білім  беруді  ұйымдастыру 

формальды  білім  беруді  ұйымдастырумен  қатар  мемлекеттің  міндеті  болып 

табылады деген пікірді ұстанады.  

Финляндия  мен  Литвада  ФЕББ  арқылы  түрлі  құзіреттіліктерді  сатып 

алудың дамыған үдерісі байқалады. 

Финляндияда ФЕББ бос уақытта мектеп қабырғасынан тыс, көп жағдайда 

мемлекеттік  емес  ұйымдарда  (ары  қарай  –  МЕҰ)  және  қоғамдық  іс-әрекеттің 

басқа  түрлері  аясында  өткізілетін  оқуға  жатқызылады.  Финляндияда  ФЕББ 

формальды  білім  беру  арқылы  алынатын  білімге  қатысты  баламалы  немесе 

сындарлы болып табылатын білімнің көзі есептеледі. 

Финляндияның  министрлігі  мен  муниципалитеттері  балалармен  және 

жастармен  қоғамдық  жұмысты  үйлестіреді  және  қаржыландырады.  Мәдениет, 

спорт  және  жастармен  жұмыс  саласындағы  ұсынылатын  қызметтер 

салыстырмалы түрде қымбат емес: мүшелік жарна 5 еуро немесе тегін.   

Еуропада  ФЕББ  формальды  білім  берудің  қателіктерін  өтеу  ретінде 

қарастырылмайды. ФЕББ тиімді дамыған жүйесі роман тілдік елдерге (Италия, 

Испания,  Португалия,  Франция)  тән,  бірақ  ФЕББ  бұрынғы  социалистік  елдер 

үшін барынша тән.  

Батыс  Еуропа  елдерінде  дамыған  қамқоршылық  жүйесі  басымдыққа  ие. 

Бұл  жастардың  қажеттілігі  үшін  ұлттық  және  жергілікті  үкімет  тарапынан 

бөлінетін  қаржылық  көмектің  көп  бөлігі  күрделі  мәселелері  бар  балалар  мен 

жастарға  (олар  балалар  мен  жастардың  жалпы  санының  5-10%  құрайды) 

бағытталуға  әкеледі.  Сондықтан  Батыс  Еуропада  формальды  емес  білім  беру 

саласы жекеменшік сипатқа ие.  

ЕО  елдерінде  қазіргі  уақытта  «Еуропа  2020  және  жастарды  дамыту 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет