Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
көркем-эстетикалық, 

экологиялық-биологиялық, 

туристік-

өлкетанушылық,  әскери-патриоттық,  әлеуметтік-педагогикалық  білім 

беру  іс-әрекеті  салаларында  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту бойынша бірегей әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерге ие.  

Балаларға  қосымша  білім  беру  –  бұл  негізгі  білім  беру  аясынан  тыс 



14 

 

мотивацияланған  білім  беру,  ол  адамға  таным  мен  шығармашылыққа  деген 



тұрақты  қажеттілік  алуға,  өзін  барынша  іске  асыруға,  пәндік,  әлеуметтік, 

кәсіби, жекеше тұрғыда өзін-өзі анықтауға көмектеседі. 

Балаларға қосымша білім берудің ерекше қырлары:  

әр  баланың  білім  беру  саласын  (іс-әрекеттің  бағытын  және  түрін), 

бағдарлама  бейінін  және  оны  игеру  уақытын,  педагогты  еркін  таңдауы  үшін 

жағдайлар жасау;  

баланың  ең  сан  алуан  қызығушылықтарын,  бейіндерін  және 

қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-әрекет түрлерінің әртүрлілігі;  

тұлғаның тануға және шығармашылыққа деген мотвациясын, өзін-өзі іске 

асыруын  және  өзін-өзі  анықтауын  дамытуға  септесетін  білім  беру  үрдісінің 

тұлғалық-әрекеттік сипаты;  

балаға тұлғалық-бағдарлы амал-тәсіл, әрқайсысы үшін «табыс жағдайын» 

жасау;  

тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруына,  өзін-өзі  тануына,  өзін-өзі  анықтауына 

жағдайлар жасау;  

баланың  таңдауда  байқап  көру  және  қателесу  құқығын,  өзін-өзі 

анықтауда мүмкіндіктерін қайта қарау құқығын тану;  

баланың  өзі  таңдап  алған  қосымша  білім  беру  бағдарламасы  (іс-әрекет 

түрі,  білім  саласы)  шекарасындағы  алға  жылжу  нәтижелігін  анықтаудың 

мұндай  құралдарын  қолдану  баланың  жеке  намысына  нұқсан  келтірмей  оған 

өзінің даму сатысын көруге көмектеседі және оны дамуға ынталандырады.  

Балаларға қосымша білім беру қазіргі қазақстандық қоғамда қалыптасқан 

жалпы білім беру кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. 

Ол әлеуметтік тұрғыда сұранысқа ие, бала тұлғасын тәрбиелеуді, оқытуды және 

дамытуды  үйлесімді  ұштастыратын  білім  беру  сияқты  қоғам  мен  мемлекет 

тарапынан тұрақты назар мен қолдауды талап етеді. 

Қосымша білім беру бала атқаратын кез келген іс-әрекеттің құрылымына 

енеді,  іс-әрекеттің  стандартталған  түрлерінің  алдын  алуы,  сондай-ақ  оларға 

ілесуі мүмкін.  

Құрылымдық  жағынан  қосымша  білім  беру  жалпы  білім  берудің 

жүйесіне, сонымен қатар білім беру-мәдени бос уақыт саласына енеді, аталмыш 

жүйелерді жақындастырады және толықтырады.  

Қосымша білім беру – белгіленген салаларды әр түрлі толықтыра алатын 

вариативті білім беру:  

пәндік білімді кеңейту;  

жаңа компоненттерді қосу;  




15 

 

тұлғаны  танымның,  еңбек  пен  қарым-қатынастың  жаңа  құралдарымен 



жарақтай отырып, оның білімін ұлғайту;  

өзін  толық  көрсетуге  мүмкіндік  бере  отырып,  білім  беру  іс-әрекетінің 

мотивациясын күшейту

Білім  беру  жүйесіндегі  өзінің  «орналасқан  жері»  бойынша  балаларға 

қосымша  білім  беру  мектеп  бағдарламаларында  ұсынылмаған  мәдениет  және 

ғылым  салаларын  зерттеумен  қоса  мемлекеттік  білім  беру  стандартының 

аясынан тыс орналасқан.  

Қазіргі  заманғы  балаларға қосымша білім беру екі негізгі блокта көрініс 

табады: білім беру және мәдени-бос уақыт. 

Егер бұрын мәдени-бос уақыт жұмысына мән берілсе, қазір мектеп білім 

аясында  үнемі  іске  асырыла  бермейтін  салалардағы  балалардың  танымдық 

қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  қанағаттандырумен  байланысты  білім 

беру іс-әрекеті барынша кең көлем алып келеді. 

Мұндай  үдеріс  жалпы  және  қосымша  білім  берудің  ынтымақтастығына 

септесетін жетекші фактор болып табылады. 

Қосымша  білім  беру  бүгінде  үздіксіз  білім  берудің  өзекті  толыққанды 

және қажетті компоненті болып табылады.   

Үздіксіз білім берудің мақсаты – адамды тұлға ретінде оның бүкіл өмірі 

бойында  тұтас  дамыту,  оның  тез  өзгергіш  әлемдегі  еңбек  және  әлеуметтік 

бейімделу 

мүмкіндіктерін 

арттыру, 

оқушының 

қабілеттерін, 

оның 

талпыныстары мен мүмкіндіктерін дамыту.  



Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  балаларға  қосымша  білім  беру 

балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыруға  және  дамытуға, 

олардың  зияткерлік,  адамгершілік,  физикалық  жетілуге  деген  жеке 

қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  сондай-ақ  олардың  бос  уақыттарын 

ұйымдастыруға  бағытталған.   

Қосымша білім беруде бала өмірдегі басты нәрсені түсінеді, өмірдің мәні 

мен  болу  мүмкіндіктерін  іздейді.  Балаларға  қосымша  білім  берудің  әр  жаңа 

оқыту  мекемесінің  ашылуымен  балалар  амандығынің  кеңістігі  кеңейе  түседі. 

Бір  кезде  С.Я.Маршак  былай  деп  жазған  еді:  «Іске  деген  қызығышылықпен 

қанаттанған  еңбек  жеңіл,  ол  міндет  бойынша  орындалатын  еңбектен  ауыр 

емес». Осы байланыста балаларға қосымша білім берудің рөлі арта түсуде.  

Қосымша  білім  беру  бағдарламаларының  жақсы  жағы  деп  олардың 

балаларға  өзіне  сол  сәттегі  қызықты  қызмет  түрін  игеру  жолдарын  өз  бетімен 

таңдауға  ерік  беретін  жеке  оқыту  бағдарларын  әзірлеу  үшін  мүмкіндіктер 

туғызатынын санауға болады. 



16 

 

Тағы бір маңызды сәт балаларды әлеуметтендіру үлгілерін жетілдірудегі 



қажеттілік  болып  табылады.  Әлеуметтендіру  үрдісінің  субъектілері,  мазмұны 

және  бағыттары  бойынша  әлеуметтендіру  үлгілерінің  жіктелу  топтарын  атап 

көрсетуге болады: 

1. Әлеуметтендірудің субъектілері бойынша: 

түрлі ұлттағы балалар, 

дарынды балалар, 

дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар, 

отбасында проблемалары бар бейәлеуметтік мінезді балалар; 

2. Әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны бойынша: 

кәсіби бағдар, 

әлеуметтік қолдау, 

сауықтыру, 

көшбасшылық қасиеттерді дамыту; 

3. Әлеуметтік тәрбие бағыты бойынша: 

рухани-адамгершілік даму,  

патриоттық тәрбие, 

эсетикалық, 

толеранттық, 

азаматтық сәйкестік, 

мәдениаралық байланыс.  

Қосымша  білім  беру  жүйесінде  жүзеге  асырылатын  әлеуметтік-

педагогикалық үлгілер зор педагогикалық әлеуетке ие.  

Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  қызметтің  әлеуметтік-

педагогикалық  үлгілері  енгізілуде,  себебі  бұл  мекемелердің  жұмысының 

дәстүрлері,  стильдері  және  әдістері  социумның  ерекшеліктерін  барынша 

ескереді.  

Балаларды әлеуметтендірудің мәдени-бос уақыт үлгілері балалардың бос 

уақытындағы  рухани,  дене  және  басқа  да әлеуметтік  маңызды  қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға бағытталған.  

Кәсіби даярлық үлгілері балалардың кәсіби қызығушылықтарын, олардың 

өзін-өзі кәсіби белгілеуін, таңдаған кәсібіне бейімделуін қалыптастырады. 

Қосымша білім беру жүйесінде балаларды әлеуметтік маңызды, қоғамдық 

қызметке, әлеуметтік шығармашылыққа тарту үшін алдын ала жағдай жасалған.  

Қазіргі  уақытта  нақты  қайта  жасаушы  тәжірибеге  қосылу  үшін  жағдай 

жасайтын  бағдарламалар  мен  жобалар  үсті-үстіне  құрылуда  (Қарағанда 



17 

 

қаласында  «Шығармашылық  бағдар  мектебі»,  «Кіші  ғылым  академиясы», 



Ақтөбе қаласында «Жас дарындар», «сүйем сені, туған өлкем» және т.б.). 

Соңғы үш жылда жас музыканттар мен суретшілердің 14 республикалық 

конкурсы,  жас  табиғат  зерттеушілерінің,  экологтар  мен  туристердің  слеті, 

техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыстар өткізілді, онда 3,5 

мың бала қатысып, 600 бала жеңімпаз атанды. 

Бағдарламалар  мен  жобаларға  жасалға  талдау    мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды  қосымша  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  сабақтарға  тарту 

жұмыстарының жанданғанын көрсетеді, соның ішінде қашықтық формасында. 

Бұл  бағдарламалардың  аясында  www.ziyatker.kz»  сайтында  клубтық 

бірлестіктер құрылған.  

Қазақстанның түрлі аймақтарындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесі 

де  назар  аударуға  тұрарлық.  Бүгінде  балалардың  дарындылығын  дамытудағы 

қосымша білім берудің рөлінің күшейтілгені туралы айтуға болады.  

Заманауи  ақпараттық  технологияларды  зерделеуге,  дарынды  балаларды 

қолдауға танымдық мүдделерді дамыту үшін www.ziyatker.org сайтында жүйелі 

түрде жыл сайынғы республикалық сырттай конкурстар ұйымдастырылады: 

Білім  беру  мен  ғылымның  түрлі  саласында  шығармашылықпен 

айналысатын  оқушылар  мен  оқытушылар  үшін  www.ziyatker.org  ғылыми-

танымдық сайтының (порталының) жұмысы жандандырылды.  

www.ziyatker.org  ғылыми-танымдық  порталында    қашықтықтан  40 

интернет-конкурс  өткізілді,  оғаа  8  мың  бала  қатысып,  2  мыңға  жуық  оқушы 

жеңімпаз  атанды.  Жас  табиғат  зерттеушілері,  туристер,  техниктер  мен 

өнертапқыштардың, 

музыканттардың, 

суретшілердің, 

коллекция 

жиюшылардың және т.б. электронды клубтары құрылған.  

Франция,  Түркия,  Ресей,  Украина  және  Түркменстанға  халықаралаық 

фестивальдерге,  конкурстарға және жарыстарға республикалық іс-шаралардың 

42 жеңімпазы жіберілді. Оның ішінде 17 адам жүлделі орындарға ие болды.  

Балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  әр  балаға  тең  «старттық» 

мүмкіндіктер  береді,  дарынды  және  талантты  оқушыларға  көмек  пен  қолдау 

көрсетеді,  білім  беру  мен  шығармашылық  қызметтің  түрлі  саласындағы 

дарынды балалардың үлесінің артуына себептеседі.  

Балаларға  қосымша  білім  беру  балалардың  жалпы  мәдени  және  көркем-

эстетикалық  талғамын  қалыптастыруға,  белсенді  және  дарынды  балаларды 

анықтауға,  отандық  мәдениеттің  таңдаулы  өнегелеріне  тартуға,  зерттеу  және 

жобалау дағдыларын дамытуға бағдарланған. 




18 

 

Дарынды  және  таланты  балаларды  ерте  анықтау,  оқыту  және  тәрбиелеу 



қосымша білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеттерінің бірін құрайды.  

Қосымша  білім  берудегі  басты  қағидат  –  әр  баланың  шығармашылық 

қызметі,  өз  ойын  білдіруі  және  өзін-өзі  қалыптастырып  танытуы  үшін  жағдай 

жасау мен мүмкіндік беру қағидаты.  

Алайда бұл міндеттерді шешуде бірқатар қайшылықтар бар: 

Бірінші.  Мәдениет,  технологиялық  шығармашылық,  өлкетану  және 

зерттеу  қызметі  саласындағы  дарынды  балаларды  даярлауғаәлеуметтік 

тапсырыстың  үйлесімсіздігі  мен  білім,  мәдениет  және  өнер  қызметкерлерінің 

төмен  әлеуметтік  мәртебесі,  ал  бұл  көп  жағдайда  дарынды  балалардың  ата-

аналарының  оларды  осы  қызмет  саласына  бағдарлауға  ынтасыздығын 

түсіндіреді. 

Екінші.  Қосымша  білім  беру  оқытушыларының  әр  дарынды 

тәрбиеленушіге  олардың  шығармашылық  әлеуетін  анықтау  және  дамыту  үшін 

«жетістік ортасын» қамтамасыз етуге талпынуы мен білім беру ұйымдарының 

жеткіліксіз 

материалдық-техникалық, 

ақпараттық, 

әдіснамалық 

және 

дидактикалық қамсыздандырылуы.  



Үшінші. Білім алушылардың зерттеу және шығармашылық қызметтерінде 

сүйемелдеуге  қажеттіліктерінің  болуы  мен  оқытушылардың  балалардың 

дарынын  көрсету  ерекшеліктері  мен  оны  анықтау  және  дамытудың  әдістері 

туралы білімінің жеткіліксіздігі. 

Төртінші.  Өзін-өзі  ойдағыдай  қалыптастырып  танытуы  үшін  дарынды 

балалардың  жетістіктерін  мойындау  маңыздылығы  мен  білім  алушылардың 

республикалық  және  халықаралаық  іс-шараларға  қатысуын  қамтамасыз  ету 

үшін  республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырудың  қалдық 

қағидаты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет