Республикасы.
Нидерланды орталықтандырылмаған ел болып табылады, онда мемлекет
формальды емес білім беру саласына қатысты белсенді рөль атқармайды.
Қосымша білім берудің көптеген мекемелері – жекеменшік. Жеке бастамаларға
кейде жергілікті басқару органдары субсидия ретінде қолдау көрсетеді.
Соңғыларының ескертпелі сипатқа ие жобаларға деген қызығушылығы
байқалады.
Нидерланды елінде формальды емес білім беру бизнестің айтарлықтай
саласына айналуда. Бос уақыт секторы мұнда жылына 50 млрд. еуро
айналымына ие. Балалар мен жастар өз бос уақыттарын қалаған түрде өткізу
үшін ақша төлейді. Бұл үдеріс Еуропаның көптеген елдерінде айқын сипатқа ие
болуда. Бос уақытты ұйымдастыру жергілікті деңгейде көп жағдайда қалалар
немес аудандар тұрғындары қатарынан шыққан волонтерлардың күшімен іске
асырылады, сондықтан қосымша білім беруді ұсыну іс-тәжірибесі әртүрлі: ол
әрбір деревняда және қалада өзгеріп тұрады.
Формальды емес білім беру Польшаның білім беру ортасында
айтарлықтай орын алады.
Мектептен тыс мекемелермен қатар мұнда формальды емес білім берудің
қауымдастықтары, қорлары мен орталықтары, жастар сарайлары, иордан
бақтары, жастар орталықтары жұмыс істейді – 223.
Елде 11 жастар сарайы, 119 жастар орталығы, 51 формальды емес білім
беру орталығы, 10 иордан бағы жұмыс істейді. Мұнымен қоса, Мектептен тыс
Ұлттық кеңес аясында 142 формальды емес білім беру ұйымы жұмыс істейді,
42 ұйым Поляк мектептен тыс білім беру қауымдастығына қарайды.
Польшадағы формальды білім беру мекемелері ұлттық бірегейлік міндеттерін
шешуге арналған, патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударады.
Іс-әрекет аясында өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін зерделеу негізгі
орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |