41
Соңғы бес жыл ішінде туристік-өлкетанушылық бағыттың қарқынды
даму динамикасы байқалады (2004 ж. – қамтылу 5033 адам, 2014 ж. – 67 120
адам).
800 мыңнан астам бала мен жасөспірім оқушылардың «Атамекен»,
«Болашақ», «Жас Ұрпақ», «Шұғыла» және т.б. туристік-өлкетанушылық
қозғалыстарының түрлі бағдарламаларын іске асыруға қатысады.
Мектеп оқушыларының «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-
өлкетанушылық экспедициясы аясында жыл сайын ондаған жаяу, шаңғы, су,
велосипед сапарлары, сан алуан маршруттар бойынша экспедициялар мен
экскурсиялар өткізіледі, оларға мыңдаған жас туристер және олардың ересек
тәлімгерлері қатысады. Жергілікті тарихи және табиғи ескерткіштерден бастап
Отанымыздың елордасы – Астана қаласына және елдің өзге де өңірлеріне дейін
«Туған өлкенің айырықша орындарынан – Қазақстанның қасиетті жерлеріне»
оқушылар экскурсиялары ұйымдастырылады.
1960 жылы құрылған Батыс Қазақстан облыстық Балалар мен
жасөспірімдер туризмі және экологиясы орталығы қазіргі уақытта осы саладағы
Қазақстанның озық қосымша білім беру ұйымдарының біріне айналды, 35
туризм орталығының 14-і – Батыс Қазақстан облысында.
Орталық жанында Мәскеу халықаралық балалар мен жасөспірімдер
туризмі мен өлкетануы академиясының қазақстандық бөлімшесі, «Балалардың
даму академиясы» қоғамдық бірлестігі, «Этюд» бейнелеу студиясы жұмыс
42
істейді. Орталық базасында республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-
шараларды өткізу игі дәстүрге айналған.
«Жайық-Орал» оқушылардың су экспедициясы ерекше танымалдыққа ие
болды. Өткен уақыт ішінде ол үгіт-насихат науқанынан өзінің жүйесі және
құрылымы бар кешенді туристік-экологиялық экспедицияға түрленді, Батыс
Қазақстанның Оралға және оның атырауына жапсарлас Ресей өңірлерінің де
көптеген жастарын біріктірген экологиялық қозғалыстың мықты өзегіне
айналды. Аталмыш іс-шараның бағдарламасына «Орал маңының шағын
өзендері» экологиялық-өлкетанушылық экспедициясы, «Таза ауыл», «Орал
маңының жасыл желкені», «Өз ағашыңды отырғыз, турист» науқандары,
бердинг (спорттық орнитология) бойынша сайыстар және «БҚО табиғат
ескерткіштері» экологиялық экспедициясы енеді.
Бар әлемде туындаған экология, орман алқаптарын сақтау, өзендер мен
басқа да су қоймаларын тазарту, өсімдіктер мен хайуанаттар әлеміне ұқыпты
қарау мәселелері, - осының барлығы өскелең ұрпақтың сана-сезімінің өзгеруін,
балаларға қосымша білім беру мекемелерінің қызметін эколого-биологиялық
бағыттанушылық саласында жетілдіруді талап етеді; балалармен жұмысқа
жетекші ғалымдар мен мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
«Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту» жыл сайынғы халықаралық
форумын өткізу аясында Маңғыстау облысы әкімдігі мен Байқоңыр қаласы
әкімшілігі арасында балалар туризмін дамыту туралы ақпаратпен алмасу
дәстүрге айналуда.
Павлодар
облысының
«Экотуризм
және
өлкетану»
облыстық
орталығының базасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясы
жобасы табысты іске асырылуда. Аталмыш орталықтың оқу үрдісі
өлкетанушылық жұмыста, сондай-ақ туристік-спорттық дағдыларда, ғылыми-
зерттеу жұмысында жоғары және жеке командалық нәтижелерге қол жеткізуге
бағытталған.
Патриоттық сана-сезімді қалыптастырудың және Қазақстанның жас
азаматтарын қоғамдық өмірге қарқынды араластырудың тиімді құралы болып
түрлі бағыттар: тарихи, әдеби, экологиялық, географиялық, натуралистік,
Достарыңызбен бөлісу: