«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Арнайы қорғалу құралдарымен жабдықталған құжаттарды зерттеу сараптамасы



бет39/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Арнайы қорғалу құралдарымен жабдықталған құжаттарды зерттеу сараптамасы

Ақшалай белгілер, қатаң есептегі құжаттарды жалған жасау оқиғалары жиі орын алуына қатысты полиграфиялық өнімдердің даярлануын бүгінгі күні зерттеу қажеттіліктері туындайды.


Құжаттарды криминалистикалық зерттеу сараптамасының ерекшелігі (арнайы қорғалу құралдарымен жабдықталған құжаттар) оларды дайындау, қолдану және мерзімінің өтуіне қатысты жою ережелерінің өзектілігінде.
Арнайы қорғалу құралдарымен жабдықталған құжаттар – қатаң есептегі құжаттардың тізіміне жатады, оларға: ақшалай билеттер, чек кітапшалары, аккредитивтер, поштаны төлеу белгілері, құнды қағаздар, туу, неке туралы т.с.с. жатады.
Аталған құжаттардың бланкілерінде арнайы жалғандықтан қорғау құралдары бар. Қорғау құралдарының саны құжаттың маңыздылығына қатысты, олардың көпшілігі ақшалай белгілерде орын алады.
Сараптамаға ең алдымен құжаттардың өздері жіберіледі – заттай дәлелдемелер. Зерттелуге жататын құжаттардан басқа сараптамаға басқа да объектілер жіберіледі, олар айыпталушыдан алынған заттар: ұқсас құжаттар, жартылай фабрикаттар, аяғына дейін жасалмаған объектілер (мысалы, ақшалай белгісі бар қағаздар), ақшалай белгілердің түпнұсқасы, өзге де түпнұсқа ретінде қолданылған құжаттар, сол белгілерді жасаған техникалық құралдар, мөртаңбалар (типографиялық шрифт, қалып т.с.с.), құнды қағаздар, қолданылған материалдар (қағаз, қалам, сия, туш т.с.с.).

10.3 Сот авторлық (лингвистикалық) сараптама


Сот авторлық сараптаманың объектісі – әр түрлі тасушылардағы адамның сөзі (электронды, қағаз беті т.с.с.). Сот авторлық сараптама – бұл ауызша және жазбаша мәтіндегі ерекшеліктерді талдай отырып, соның негізінде мәтіннің авторына мазмұндама берілуге бағытталған заңдылықтарды анықтайтын сала. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Сот сараптамасын және арнайы зерттеулерді жүргізу Нұсқаулығына сәйкес (24.10.2002 ж., №158), аталған сараптама тектерге бөлінеді, олар:сот авторлық және филологиялық, бірақ тектерге бөлудің қажеттілігі шамалы, өйткені аталған сараптамалардың объектілері бір – бұл адамның ойын жеткізетін сөз, сөз тіркестері, сөйлем.


Сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың пәні сарапшының арнайы білімін сот автортану саласында қолдану арқылы шешілетін фактілер (мән-жайлар).
Сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың міндеттері топтарға бөлінеді, олар: идентификациялық және идентификациялық емес (классификациялық, диагностикалық, ситуациялық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет