«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сәйкестендіру (идентификационные) міндеттер



бет41/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Сәйкестендіру (идентификационные) міндеттер бір тұлғаның нақты бір мәтінді немесе бірнеше мәтіндерді жасағанын, мәтіннің бөлек фрагменттерін бір тұлға жасағанын анықтау болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • зерттеліп жатқан құжаттың мәтіні кіммен, Н., П. есімді тұлғамен немесе басқа адаммен жасалған (оның атауын, нақты жазуларын және олардың құжаттар орналасуын көрсету керек);

  • бірнеше құжаттардағы мәтіндер бір немесе бірнеше тұлғалармен жасалды ма, немесе бір құжаттағы мәтіннің кейбір бөлшектері.



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сот-авторлық сараптамалық зерттеуге жіберілетін материалдар құжаттар болып табылады. Олар заттай дәлелдемер (хаттар, сол сияқты жыртылған жазбалардың үзінділері немесе компьютерлік мәтіндер, бейне кассеталар т.с.с.).
Сараптама тағайындаудың алдында тергеуші (сот) құжаттарды мұқият қарап шығуы керек. Қараудың нәтижесі зерттеудің нақты объектісін анықтауға және сарапшының алдына дұрыс сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. Сирек жағдайларда сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптаманың пәніне жататын мән-жайлар енгізілуі керек (зерттеуге жататын құжаттарды табу жағдайлары, мәтіндердің үлгісі т.с.с.).
Сот-авторлық сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару кезінде тергеуші (сот) нақты объектіні көрсетуі керек: мәтін немесе оның үзінділері. Егер қолжазбаларға олардың реквизиттеріне қатысты емес сараптама тағайындалса, оның бастапқы және соңғы сөздері және мөлшері көрсетіледі (жолдарының және беттерінің саны). Қолжазбаның үзінділерін зерттегенде оның мәтіндегі орналасу орны мен мазмұны анықталады. Сараптама тағайындаған соң тергеуші (сот) сарапшыға зерттелетін объектісі бар құжатты ұсынуы керек.
Мәтіннің мазмұндық мағынасын анықтау үшін (жағымсыз теріс баға беруінің орын алуы) зерттелетін мәтіннің (қолхат, мақала, газет басылымы, диктофондық қолжазба) өзі ұсынылса жеткілікті т.с.с.
Сот-авторлық сараптаманың идентификациялық емес міндеттерін шешу үшін адамның сөйлеу үлгісінің үш түрін ұсыну керек: ерікті, эксперниментальды және шартты-ерікті.
Сөйлеу дағдыларының ерікті үлгілері – бұл жүргізіліп отырған сараптама бойынша субъектінің іске қатысты емес мәтінді орындауы. Ерікті үлгілерде сөйлеу дағдыларын әдейі бұрмалау орын алмайды, өйткені субъект үлгінің сот сараптамасында қолданылуы туралы білмейді.
Ерікті үлгілердің мәтіндері ретінде қызметтік хатқа, жеке хаттарға, баяндамалар т.с.с. қатысты жазбаларды жатқызуға болады. Олар тінту, алу немесе іске қатысушылардың (жәбірленуші, сезікті, жауапкер) өз еркімен ұсынылуы мүмкін. Үлгілерге негізгі талап ретінде зерттелуге жататын ерікті үлгі сараптама жүргізіліп отырған тұлғаныкі болу керек. Аталған жағдайға көз жеткізу үшін сот, тергеуші жинақталған құжаттарды соның атынан жазылған тұлғаға ұсынады. Нәтижелер қарау хаттамасында куәгерлердің қатысуымен тіркеледі (ҚР ҚІЖК 233 б.) әр бір үлгі оны орындаған тұлғамен куәландырылады, мысалы: «Мәтін менімен орындалған. Қолы...»
Егер қандайда бір себептерге қатысты субъектіге ерікті үлгілерді ұсынуға мүмкіндік болмаса, сол субъектінің жұмыс істейтін орнына ұсынылады, оның әріптестеріне, туыс-тумалары, таныстарына ұсынылады және ол туралы сараптаманы тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі.
Ерікті үлгілерді сараптамаға ұсынудың бірден-бір талабы болып олардың зерттелуге жататын объектілермен бірдей болуы. Объектілер мен ерікті үлгілердің ұқсастылығының шеңбері тергеушілер, соттар, сарапшыларға арналған оқу құралында қалыптастырылды, оларға жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет