«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


) Машинкамен жазылған мәтіндерді зерттеудің сараптамасы



бет38/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
12) Машинкамен жазылған мәтіндерді зерттеудің сараптамасы:
Сот-тергеу тәжірбиесінде машинкамен жазылатын құжаттар орын алады, сондықтан аталған сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • құжат басылған жазу машинкасының жүйесі, типі, моделі қандай?

  • аталған мәтін зерттеуге ұсынылған жазу машинкасында басылған жоқ па?

  • ұсынылған машинкамен жазылған мәтін қандай данаға жатады? және бір мезгілде басылған даналардың бетбелгісі қанша?

  • көшірмелі қағаз арқылы орындалған құжат данасының бір немесе әр түрлі бетбелгісіне басылды ма?

  • мәтінді басу кезінде аталған машинканың лентасы қолданылған жоқ па?

  • бір немесе бірнеше тұлғалармен мәтін орындалды ма?

  • құжатты басудың мерзімі қандай? ол бір тұлғамен орындалған ба?

  • құжаттың мазмұны жеке сөздерді, сандарды қосып жазудың нәтижесінде өзгертілген жоқ па?

  • құжатты басып жазған тұлға жазу машинкасын басу дағдыларына ие ма?

Сұрақтардың аталған тізімі тергеушілер мен соттың сарапшының алдына сұрақтар қойып құрастырылғанда мысал ретінде қолданыла алады. Жоғарыда көзделген сұрақтардан басқа нақты жағдайға қатысты өзге де сұрақтар қойыла алады.


Материалдарды дайындау және рәсімдеу:
Идентификациялық емес сұрақтарды шешу кезінде заттай дәлелдемелерді тікелей ұсыну керек: құжаттар және өзге де объектілер. Олар ақшалай белгілер, жеке куәлік, өсиет, төлем түбіртектері, алғашқы құжаттар, есеп регистрлері т.с.с. және типтік емес объектілер, мысалы: айыпталушыдан тінту кезінде алынған жазулары бар сіріңкенің қорабы.
Құжаттар оқиға болған жерді қарау кезінде, тінтуде т.с.с. әрекеттердің нәтижесінен алынатын және сезікті не жәбірленушімен, азаматтық процесте талапкер не жауапкермен ұсынылатын заттай дәлелдемелер.
Құжаттпен жұмыс істеудің ережесі – заттай дәлелдемелер.
Криминалистикада құжаттармен жұмыс істеудің жалпы ережелері әзірленген, соған сәйкес тергеуші (сот) міндетті:

  • сарапшыға құжаттарды қай күйінде табылды сол күйде ұсыну;

  • құжаттарды – заттай дәлелдемелерді жеке конверттерде (пакетттер) сақтау, оларды іс материалдарына тіркемеу, умаждамау;

  • құжаттарды күн сәулесінен, ылғал температурадан сақтау;

  • құжаттарды пинцетпен алу, қолдың ізі, кірі қалмау үшін, өйткені ол құжаттың елеулі өзгеруіне әкеп соғады;

  • құжаттарда арнайы белгілер, нұсқаулар жасауға тыйым салынады.

Құжаттағы жазбалардың алғашқы мазмұнын анықтау, олардың мазмұнын өзгертудің әдістерін анықтау сияқты сұрақтарды шешумен айналыспайды.
Идентификациялық сұрақтарды шешу үшін жіберілген үлгілерге нақты талаптар қойылады.
Мөртаңбалар мен штамптарды олардың көшірмелерімен салыстыруға қатысты сараптамасына зерттелуге жататын құжаттармен қатар салыстырылып отырған мөртаңба мен штамптардың бес-сегіз эксперименталды үлгілері жіберіледі. Үлгілерді әр түрлі бояу жылдамдығымен, бағытымен (оңға, солға, қағаз бетіне перпендикулярлы т.с.с.) қатты басу қысымдығымен және астына алуан-түрлі зат (қатты, жұмсақ) қою арқылы алу қажет. Үлгілерді не қағаздағы көшірмелерді алу туралы хаттамаларында көшірмелерді эксперименталды үлгілер ретінде алудың шарттары көрсетілуі керек, егер зерттеліп жатқан құжаттың дайындалуынан ұзақ мерзім өтсе (2-3 жыл және одан да көп), мөртаңбалар мен штамп көшірмелерінің үлгісі сол бір жылдарда жасалған болуы керек және аталған сараптамаға жіберілуі қажет.
Егер сезіктіде алынған мөртаңба (штамп) арқылы зерттеліп отырған құжатқа мөр қойылғандығы туралы болжам туындаса, онда сол мөртаңбаны (штампты) сараптамаға жіберу керек. Ал бірақ, мөртаңбалар (штамптар) оның ескіру мерзімінің өтуіне немесе заңды тұлғаның реквизитінің өзгеруіне байланысты жойылса, онда сараптамаға сол мөртаңбаның (штамптың) көшірмесі бар құжаттың түпнұсқасы жіберіледі. Аталған құжаттардың саны мөртаңбаның көшірмесі қаншалықты құжатта нақты, жақсы көрінуіне қатысты алынады, олардың саны 5-6 аспау қажет.
Жазу мәшинкаларын идентификациялау қажет болса, зерттеліп отырған құжаттармен қатар, сарапшыға жазу машинкасымен жазылған (болжам бойынша, сол құжат басылған) мәтіндердің үлгілері берілуі керек. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) істің елеулі мән-жайлары міндетті түрде көрсетіледі: зерттеліп отырған жазу машинкасы құжатты басқан сәттен үлгілерді алғанға дейін жөңделген жоқ па?, аталған мерзімде шрифт немесе жеке белгілері ауыстырылған жоқ па? т.с.с.
Жазу машинкасымен орындалған құжатты зерттеуге жібергенде оның нақты жазу машинкасында қашан орындалғандығын анықтау үшін, салыстырмалы материал ретінде сол машинкасында басылған мәтіндерді ұсыну керек.
Әр түрлі мезгілде қаламмен жазылған құжаттардың жазуларын зерттеуге жіберу кезінде сезіктіден алынған қаламды, сияны т.с.с. сараптамаға жіберу қажет.
Мөртаңбалардың (қалып) пішінін идентификациялау кезінде зерттеуге мөртаңба пішінімен басылған мәтін немесе оның қағаздағы көшірмелері жіберіледі.
Көшірмелер типографиялық бояулардың көп немесе аз пішінмен басылуы әр түрлі өңінің ашықтықтары арқылы дайындалады. Былғанған мөртаңбалардың (қалып) пішіні салыстырмалы материал алынған соң жуылып және содан кейін қосымша үлгілер дайындалады.
Құжат бланкісінің, мөрлердің, компостерлердің, қағаз бен басқа Құжаттарды техникалық сараптама (ТЭД) объектілерінің шеберханаларын немесе өндіруші-кәсіпорынын сәйкестендіру үшін келесі анықтамалық мәліметтер қажет: материалдарды, бланкілер мен басқа да заттарды жасайтын кәсіпорындар туралы; әр кәсіпорын бойынша өндіріс технологиясы туралы, тергеушіге қажетті мерзімнің ішінде әр кәсіпорынның сәйкесінше өнім үлгілері мен әр түрлі кезеңдер бойынша әр кәсіпорында аталған өнімнің қасиеттеріне сараптама жасау туралы мәліметтері.
Компьютерлерді, принтерлерді идентификациялау кезінде сараптамаға сол компьютермен және принтермен басылған құжаттардың түпнұсқасы ұсынылуы қажет. Сараптамаға техникалық құралдарды жіберген жөн (компьютер, принтер, сканер). Материалдарды, үлгілерді алу кезінде маманның көмегін пайдаланған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет