Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


«МРТ-тексеру кезіндегі қарақшылық квест»



бет228/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«МРТ-тексеру кезіндегі қарақшылық квест»
кейсі

МРТ сканерінде күтпеген жерден адамды мазалайтын қатты дауыстар шығып тұрады. Сканер аппаратының іші жабық кеңістік. Оның ішінде қозғалыссыз жатуға тура келеді. Мұндай жерде жату балаларды айтпағанда, ересектер үшін де тіпті қорқынышты. Осы жобаға қатысқан зерттеушілер осы мәселені балалардың геймификациясымен шешті.
Питтсбургтағы ауруханада әрбір бөлме мен МРТ сканері — бұл өзгеше бір әлем. Онда қарақшылар кемесі, зымыран немесе су перісінің су асты патшалығына саяхат жасауы сияқты қызықты оқиғалар көрсетіледі. Әдетте сканердің іші қорқынышты көрінгенмен, мұнда мүлде басқаша. Сканерден өтудің қызық болғаны сонша, енді балалар өз кезегін асыға күтетін болды. Ешкім қорықпайды, көпшілігі қайтадан келуге құмартып тұрады. Кішкентай пациенттерге арналған тынышталдыру дәрілерін беру 19% -ға азайды.
«Samsung «қорапшасынан» нұсқаулық» кейсі

Samsung Special Projects-тің жігіттері егде жастағы адамдардың смартфондарды пайдалану деңгейінің неге төмен екенін түсінді. Олар зерттеу жүргізіп, бұл мәселе







қарт адамдардың жасына немесе техникалық дағдыларының болмағанынан емес, керісінше телефон нұсқаулығының нашарлығынан екенін білді.
Нұсқаулықтың стандартты дизайны мен шифрланған терминология қолданушыларды қатты үркітетін болған. Оларға ұялы телефондарды пайдалану өте қиын болды. Бірақ кітаптар жинағы түріндегі телефонды қолдану нұсқаулығы пайдаланушыларға көп көмегін тигізді. Олар сол нұсқаулықтардың көмегімен өз телефонындағы түрлі қызметтер мен жеңілдіктер туралы тез біліп алатын болды.
1-тапсырмада оқушылар талқылауға арналған сұрақтарға жауап береді:
Сіздің ойыңызша әрбір кейстегі идеяларға қандай критерийлер ұсынылды?
Сіздің пікіріңізше ми шабуылы тиімді ме? Егер тиімсіз болса, неге?
Мәселелерді шешудің басқа қызықты және тиімді әдістерін білесіз бе?
Миға шабуылдау құралын қолданғаннан кейін шығармашылық процесс аяқталады ма? Неліктен?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет