Оқушылар 2- тапсырманы орындайды.
Оқушылар ойланып және көрсетілген уақыт кезеңінде Қазақстан аумағында "Не?", "Қалай?" және "Кім үшін өндірілген?" деген экономиканың негізгі сұрақтарына жауап бере отырып, кестені толтырады.
Сұрақтар
XVXIX ғасыр
КСРО құрамынд ағы ХХ ғасыр
Қазіргі Қазақстан
Не өндірді?
Қалай өндірді?
Кім үшін өндірді?
Тапсырма оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу, одан логикалық қорытынды жасау, қажетті ақпаратты тез табу қабілеттерін дамытуды қамтиды. Мұғалім «Жақын болашақта біздің елімізде кәсіпкерлікті дамыту перспективалары» тақырыбына эссе жазуды үй тапсырмасы ретінде береді.
Atameken Akademy білім
беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Ш абадан, ет тартқыш, себет» Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймын Сабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру.
Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы
айырмашылықты түсінеді
Сабақтың мақсаты
Командамен өзара қарым-қатынас дағдысын дамыту;
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихына талдау жасау;
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды. «Айдаһар. Қыз. Самурай» ойыны Энерджайзер (сергіту) ойыны өзінің процесіне, қарсылас команданың логикасын есептеу қажеттілігіне байланысты өте қызықты. Бұл сергіту жаттығуы топтық динамиканы сақтау үшін жақсы құрал. Нұсқаулық. «Саны жағынан бірдей екі командаға бөлініп, бір команда екіншісіне қарама-қарсы екі қатарға тұрыңыз (қатысушылар екі командаға бөлініп, екі қатарға тұрады).
Бұл жаттығу - бақталастық жарысы. Біз командалармен бақталастыққа түсеміз. Біз кез-келген команданың үш рет жеңіске жетуіне дейін ойнаймыз.
Жарысты өткізу үшін біз үш кейіпкерді көрсетіп үйренуіміз керек. Маған назар аударыңыздар (мұғалім кейіпкерлерді кезекпен көрсетеді, ал қатысушылар оларды жақсы есте сақтау үшін қайталайды).
Қыз: Мұғалім аяқтарын бір-біріне қиыстырып, қолдарын қыздың белдемшесінің шетін ұстап тұрғандай тұрып , «Ля-ля-ля-ля» деген қызға тән дыбыс шығарады.
Айдаһар: Аяқтар иық тұсында, екі қолдарын бастарынан жоғары көтеріп, саусақтары тырнап алатын тәрізді көрсетеді. Айдаһарға тән агрессивті: «А-А-А-А!!!» деген қорқынышты дыбыс шығарады.
Самурай: Мұғалім бір аяғы алға, бір қолы да алға, самурай қиялдағы қылышты ұстап, оны жауға бағыттағандай әскери қалыпқа тұрып көрсетеді. Бұл жағдайда самурайға тән дыбыс: «У-У-У-У!!!»
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 144 бет
Көрсетілім үшін үш кейіпкер фигурасының қайсысын таңдау керектігін жасырын келісу үшін командаларға 30 секунд беріледі. Осыдан кейін мен: «үш-екі-бір!» деп айтқан кезде, екі команда да бір уақытта өздері таңдаған фигураны көрсетеді. Командалардың қимылы синхронды бірдей болу керек. Сіздің фигураларыңыз сәйкес келуі де мүмкін немесе сәйкес келмеуі де мүмкін. Егер сәйкес келсе - бұл турда тең ойын болғаны. Егер олар сәйкес келмесе, онда келесі ереже қолданылады: «Самурай айдаһардың басын шауып өлтіреді: самурайды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады. Айдаһар қызды жейді: айдаһарды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады. Қыз самурайды сындырады: қызды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады».
Назар аударыңыз, ойын басталды! Енді сіздерге жеңіске жету үшін қандай да бір фигураны көрсету үшін келісуге 30 секунд беріледі!».