Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет201/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

1-тапсырма
Wonderfull негізін қалаушысы, Design Thinking саласының (дизайн-ойлау) сарапшысы Мария Сташенкомен сұхбаттан үзіндіні оқулықтан оқып шығыңдар. Қандай ақпарат сізге пайдалы болды?
Дерек көз: https://biz.mann-ivanov-ferber.ru/2017/08/16/mariyastashenko-osnovatel-wonderfull-ya-lyublyu-dizajn-myshlenie-potomuchto-etot-metod-pro-lyudej/
2-тапсырма
Енді бұл құралды қалай пайдалану керектігін үйренеміз. Топтық жобаларыңды негізге ала отырып, іске кірісейік. Үйрену барысында әр қадамға 2-4 минут беріледі. Әдетте одан көп уақыт керек болуы мүмкін:

  1. Үлкен парақ (флипчарт), маркер (фломастер), стикерлерді (ескертпелерге арналған жабысқақ қағаздар) дайындап алыңыздар.

  2. Алдымен стикерлерге стейкхолдерлерді жазып шығыңыздар. Бір стикерге бір стейкхолдерді ғана жазу керек. Жұмыс барысында ұмыт қалған адамдар естеріңе түсуі мүмкін, оларды басқа стикерлерге жазып, стейкхолдерлер қатарын көбейте берулеріңізге болады.

  3. Концентрлік шеңберлер (3 не 4 бола берсін) сызыңыздар, олардың ортасына, шетіне стикер жапсырылатындай болсын. Алдымен ортасына мүддесін көздеп отырған адамыңызды (клиентті) жапсырыңыз (нақты жағдайда — наубайхананың клиенті)

  4. Стикерлердегі стейкхолдерлерді топтастырып (ұқсастықтарына қарай), бәрін жапсырып шығыңыздар. Стейкхолдерлердің жобаға қызығуына қарай стикерлер ортадан шетке қарай орналастырылсын (яғни наубайхананың сатушысы, нан пісіруші, таяу маңн ың тұрғындары, аудан әкімдігі, жақын жердегі мектеп, таяудағы дүкендер, әкімшіл ік ғимараттардағы қызметкерлер, шикізат пен аспаптарды жеткізушілер, жалдаушылар т.б.).

  5. Әр стейкхолдер дің сипат тама сын жазып қою керек (мысалы, таяу маңдағы тұрғындар — ата-аналары мен балалары, сіздің өнімді сататын дүкендер мен бәсекелестер дің дүкендері т.с.с.).

  6. Жобаға қалай қарайтыны (көрші дүкендердің бірқатары біз дің өнімді сататындықтан, дамығанымызды, бәрі дұрыс болғанын қалайды, ал бәсекелестердің дүкендері дамығанымызды

https://biz.mannivanov-
ferber.ru/2017/08/1
6/mariyastashenkoosnovatelwonderfull-yalyublyu-dizajnmyshlenie-potomuchto-etot-metodpro-lyudej/







қаламайды, керісінше, жабылып қалғанымызға мүдделі. Сол сияқты қызметкерлер де екі түрлі: бірқатары үнемі біз дің өнімдерімізді алса, енді бірқатары біздің тауарымызды тұтынбайды, өнімдерімізге бейжай қарайды).

  1. Стейкхолдерлердің ұстанымдарын көрсетіңіз (мысалы, әкімдік ақпараттық қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға көмектесе алады. Ол үшін біз қоғамға жергілікті әкімдіктің шағын бизнес өкілдерін қолдап отырғанын, дұрыс саясат ұстанып жүргенін айтуымыз керек. Немесе егде тартқан кісілер наубайхананың тарсыл-гүрсіліне наразы болуы мүмкін).

  2. Әрқайсысы жобаға, клиентке қалай ықпал етуі мүмкін? (мысалы, таяу маңда тұратын егде тартқан кісілердің ықпалы күшті, олар белсенділік танытып, жергілікті атқарушы билікке барып, талап етуі мүмкін).

  3. Қызығушылығы күшті, ықпал ете алады деп есептеген стейкхолдерлерді маркермен белгілеп қойыңыз.

  4. Осы белгіленген стейкхолдерлердің қайсысымен бүгінгі таңдағы байланысыңыз қандай екенін айтып беріңіз. Мәселенің түйткілді жақтарын реттеу үшін қайсысымен сұхбаттасқан дұрыс?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет