Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді, сонымен қатар басқа топтардағы балалардан кері байланыс немесе сұрақтар қоюды сұрайды.
2-тапсырма ұйге беріледі
Оқушылар республикалық стартаптар байқауына қатысу үшін питчі бар 1 минуттық видеоларды порталға салады. Байқаудың қазылар алқасы — тәжірибелі менторлар және нақты компаниялардың өкілдері. Оқушылардың питчтері сабақтарда алған білімі мен дағдыларын көрсетуі тиіс.
Оқулық
Atameken Akademy білім беру онлайнплатформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады Мұғалім бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
Стартап-жобаның инвестициялық тұрғыда тартымдылығын түсінеді.
Әлеуетті инвесторлар назарын аудару үшін ешендік өнер (питчинг) дағдыларын қолдана алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Питчтер презентациясы бойынша қандай кеңестер айтуға болады?
Бірінші тоқсанның екінші сабағындағы немесе осы сабақтағы питчтің қайсысы жақсырақ болды? Неліктен?
Сіз екі тоқсан ішінде не үйрендіңіз, өз питчтеріңізде не көрсете алдыңыз?
Питчтердің Power Point -презентациясының құрылымы қандай?
№32 сабақ.Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау — бизнес- жобалардыңпитчингі