Мұғалім оқушылармен амандасады және бүгінгі сабақта олар банк пен екі деңгейлі банк жүйесінің не екенін түсінетінін хабарлайды.
Мұғалім сабақта банктердің түрлерін қарастыра отырып, олардың жұмыс істеу мәніне көшеді.
Банктің кредит және т.б. беретін меншікті капиталы жоқ екеніне басты назарды аудартамыз. Банк ол ақшаны пайыздардың өсуіне кепілдік бере отырып, орналастырылған депозиттерден алады. Бұл ретте кредиттер неғұрлым жоғарырақ пайыздармен беріледі. Банктің өзі ақшаны қайтарудың кепілі ретінде әрекет етеді.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
2- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-Горизонт,
2020., 15-19 бет
2-кезең. Теория-практикалық:
Сабақтың ортасы 25 минут
Мұғалім теориялық блокпен таныстырады. Әр блоктан кейін мәтін бойынша сұрақтар қойып, сыныпта талқылау ұйымдастырып, балалардың түсінбегенін мұғалім түсіндіреді. Оқушылардың банк ісінің қалай дамығаны туралы қорытынды беруді сұрау қажет
1-тапсырма. Сынып оқушыларының жауаптарын талқылауға болады.
Жауабы: екі деңгейлі банк жүйесінің басты шешуші сәті басты құрылым — орталық банктің тәуелсіз болып табылуы. Яғни, ол өзінің ағымдағы қызметі бойынша атқарушы, заң шығарушы билікке бағынбайды. Парламенттер банк жүйесінің қызметіне тек заң қабылдау арқылы ғана ықпал ете алады. Елдің ақшалай- кредиттік жүйесін басқаратын банк коммерциялық банктердің жеке мүдделерінің жетегінде кетпейді, сонымен бірге оның халыққа кредиттер беруі, депозиттер ашуы және т.б. мүмкін емес. 2-тапсырма.
Жауабы: Банктер мен ломбардтар жеке тұлғаларға кейіннен пайызбен қайтарылатын ақшалай қаражат береді. Қайсысы ыңғайлы? Толығырақ талдап көрейік.
Басты айырмашылығы — ақша беру шарттары. Ломбардта ақша алу схемасы өте қарапайым және ыңғайлы. Клиенттің кредиттік тарихы, кепілгерлері, жұмыс орны толық зерттелетін банкпен салыстырғанда, ломбардқа ондай ақпарат
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: Қазақстанда банк ісінің қалай дамыды?
Қазақстанда банктердің қандай түрлері бар? Олардың атқаратын қызметтері мен ресурстары қандай? Банк қызметінің мәні неде? Ұлттық банктің коммерциялық банктен айырмашылығы неде?
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020. — 297 бет. Оқулық, интерактивті тақта, кесте үлгілері немесе әр командаға жазуға арналған ватман
(флипчарт)
қажет емес. Ол кез келген кәмелетке толған адамға бағалы затты кепілге салу арқылы жеке куәлігі болған жағдайда ақша беруге дайын.
Бағалы зат — бұл негізінен бағалы металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ автомобильдер, тұрмыстық техника, аң терілерінен тігілген тондар және т. б. болуы мүмкін. Клиентпен кепіл түбіртегі ресімделеді, онда заттың бір күннен бір жылға дейінгі сақталу мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі көрсетіледі. Неғұрлым қымбат зат болса, кредит бойынша пайыз аз, арзанырақ болса — соғұрлым көп болады.
Мерзімі өткеннен кейін қарыз алушы ақшаны процентпен қайтаруға және өзінің затын алуға міндетті. Олай болмаған жағдайда ломбард тағы бір күнтізбелік ай күтеді, содан кейін кепілге салынған затты тәркілеп сатады. Осылайша, ломбард — жылдам, аз сомада, қысқа мерзімді әрі ыңғайлы.
Банкте тұтынушылық несиені ресімдеу көп сома қажет болмаған кезде және ұзақ мерзімге тиімді.
Әртүрлі нарықтық ұсыныстар бар, мұқият зерделеп, оңтайлы бағдарламасы бар қолайлы кредиторды таңдай аласыз. Клиент қатаң тексеру рәсімінен өтеді, қажетті құжаттарды ұсынады, кепілгерлерді табады. Әрқашан кредит беруден банктің бас тарту тәуекелі бар.
Жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан, ломбардты несиелендірудің айқын артықшылығы борышқа төлем жасау мүмкін болмаған кезде қарыз алушы коллекторлармен де, сотпен де ұшыраспайды. Жалғыз шығын — ол ломбардқа салынған заты. Сонымен қатар, экономикалық дағдарыс кезінде іс жүзінде болмай қоймайтын несие тарихы бұзылған жағдайда, тұтынушының ломбардқа жүгінуден басқа жолы жоқ.