Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


Психологиялық бейімделу «Сәлеметсіз бе!» жаттығуы



бет406/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Психологиялық бейімделу «Сәлеметсіз бе!» жаттығуы


Оқушылар кезек-кезек бас бармақ саусағынан бастап, көршісінің сондай қол саусақтарына тигізіп, келесіні айтады:

  • Саған әрқашан (бас бармағыңызды тигізіңіз);

  • барлық жерде (сұқ саусақ);

  • үлкен (ортаңғы саусақ);

  • табыс (аты жоқ саусақ);

  • тілеймін (кішкентай саусақ);

Сәлеметсіз бе! (бүкіл алақанмен жанасу)
«Сәлемдесу» жаттығуы:
Жүргізуші қатысушыларға шеңбер құрып, үш тең бөлікке бөлінуді ұсынады: «еуропалықтар», «жапондар» және «африкалықтар». Содан кейін қатысушылардың әрқайсысы шеңберде жүреді және өз тобындағы барлығымен «өз тәсілімен» амандасады:
«еуропалықтар» қол ұстасады,
«жапондар» еңкейіп тағзым етеді,
«африкалықтар» мұрындарын ысқылайды.
«Жетістіктер ағашы» ойыны.
Саламатсыздар ма, оқушылар! Сіздердің жақсы көңіл күймен келгендеріңізге қуаныштымын! Балалар, мына жалғыз тұрған ағашқа көңіл аударсаңыздар (тақтада жапырақтарсыз ағаш бейнеленген). Әрқайсыңызда әр түрлі түстегі жапырақтар бар (парталардың үстінде). Сіздер осы жапырақтардың бірін алып, біздің жалғыз тұрған ағашты түрлі-түсті жапырақтармен толтырсаңыздар (әр оқушы өзіне ұнаған түстегі жапырақты таңдап, ағашқа бекітеді).
Оқушылар жапырақтарды бекіткеннен кейін:

  • Жасыл түсті жапырақтарды таңдағандарыңызға, бүгінгі сабақ табысты болады деп күтеміз.

  • Кызыл түсті жапырақ таңдағандар – қарым-қатынас орнатқысы келеді. - Сары түсті жапырақ таңдағандар – белсенділік танытады деп күтеміз.

  • Көк түсті жапырақ таңдағандар – табандылық танытады деп күтеміз

Біздің ағаш жапырақтармен жамылды, сіздердің арқаларыңызда ол әр түрлі түске боялды.
Ағаштың әдемі безендірілуі сіздердің күтулеріңіз және ұмтылыстарыңызға байланысты болды.
Осылайша, сабақтың жақсы өтуі және тапсырмалардың жақсы орындалуы да сіздерге байланысты болады ма?
Бүгінгі сабақ барысында сіздер табандылық, белсенділік танытып, бір – біріңізбен жақсы қарым-қатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді деп үміттенемін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет