Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет405/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Психологиялық көңіл-күйді көтеруге арналған ойындар мен жаттығулардың мысалдары

«Айдаһар. Қыз. Самурай» ойыны


Энерджайзер (сергіту) ойыны өзінің процесіне, қарсылас команданың логикасын есептеу қажеттілігіне байланысты өте қызықты. Бұл сергіту жаттығуы топтық динамиканы сақтау үшін жақсы құрал.
Нұсқаулық. «Саны жағынан бірдей екі командаға бөлініп, бір команда екіншісіне қарама-қарсы екі қатарға тұрыңыз (қатысушылар екі командаға бөлініп, екі қатарға тұрады).
Бұл жаттығу - бақталастық жарысы. Біз командалармен бақталастыққа түсеміз. Біз кез-келген команданың үш рет жеңіске жетуіне дейін ойнаймыз.
Жарысты өткізу үшін біз үш кейіпкерді көрсетіп үйренуіміз керек. Маған назар аударыңыздар (мұғалім кейіпкерлерді кезекпен көрсетеді, ал қатысушылар оларды жақсы есте сақтау үшін қайталайды).
Қыз: Мұғалім аяқтарын бір-біріне қиыстырып, қолдарын қыздың белдемшесінің шетін ұстап тұрғандай тұрып , «Ля-ля-ля-ля» деген қызға тән дыбыс шығарады.
Айдаһар: Аяқтар иық тұсында, екі қолдарын бастарынан жоғары көтеріп, саусақтары тырнап алатын тәрізді көрсетеді. Айдаһарға тән агрессивті: «А-А-А-А!!!» деген қорқынышты дыбыс шығарады.
Самурай: Мұғалім бір аяғы алға, бір қолы да алға, самурай қиялдағы қылышты ұстап, оны жауға бағыттағандай әскери қалыпқа тұрып көрсетеді. Бұл жағдайда самурайға тән дыбыс: «У-У-У-У!!!»
Көрсетілім үшін үш кейіпкер фигурасының қайсысын таңдау керектігін жасырын келісу үшін командаларға 30 секунд беріледі. Осыдан кейін мен: «үш-екі-бір!» деп айтқан кезде, екі команда да бір уақытта өздері таңдаған фигураны көрсетеді. Командалардың қимылы синхронды бірдей болу керек. Сіздің фигураларыңыз сәйкес келуі де мүмкін немесе сәйкес келмеуі де мүмкін. Егер сәйкес келсе - бұл турда тең ойын болғаны. Егер олар сәйкес келмесе, онда келесі ереже қолданылады: «Самурай айдаһардың басын шауып өлтіреді: самурайды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады. Айдаһар қызды жейді: айдаһарды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады. Қыз самурайды сындырады: қызды көрсеткен команда жеңіске жетіп ұпай алады».
Назар аударыңыз, ойын басталды! Енді сіздерге жеңіске жету үшін қандай да бір фигураны көрсету үшін келісуге 30 секунд беріледі!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет