Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет404/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Шабадан, ет тартқыш, себет»

Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар
Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін
Себет – барлығын себетке тастаймынСабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда




ы, бейнесабақт ар
(atameken.co
).

Бағал

ау

Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады.
Мұғалім оқушыларды бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:

  • Дұрыс мақсат белгілеу арқылы өз карьерасының стратегиясын қалыптастыра алады.

  • Өмірінің жеке стратегия- сын көрсету арқылы шешендік өнер дағдыларын қолдана алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. «Презентация» дегеніміз не?

  2. Презентация кезінде тыңдаушылар қандай жағдайды бастан өткереді?

  3. Презентацияға қалай дайындалу керек? Презентацияға дайындаудың қандай әдістерін білесіз? Олардың әрқайсысының ерекшелігі неде?

  4. Аудиторияға қалай әсер етуге болады?

  5. Бірінші тоқсанда жасаған бірінші презентациямен салыстырғанда соңғы презентация өнері қалай өзгерді?

  6. Сіз жеке өмір стратегияңызды таныстыра алдыңыз ба? Презентациядан кейін қандай қорытынды жасай аласыз?




7. «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Геймификация – бұл салыстырмалы түрде жаңа әдіс, сондықтан ол жеткіліксіз зерделенген, сонымен бірге кең білім беру әлеуетіне ие. Ол адам өмірінің әртүрлі салаларына қатысуы мүмкін, бірақ соңғы онжылдықта ол орта мектепте сабақ өткізудің ең перспективалы инновациялық тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады.
Геймификация – бұл ойын емес контексте ойын элементтері мен ойын принциптерін қолдану.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығында 10-сынып үшін «Көбелек эффектісі», «Egg drop», «Жоба үшін шайқас», «Маржан сату» және т.б. сияқты бірқатар ойындар ұсынылған. Мұғалім белгілі бір тақырыптарды түсіндіруде жаңа дағдыларды меңгерту үшін, сыни ойлауды, жаңа тәсілдемелерді оқыту әдісінің практикалық бағытын қолдана алады.
Б.З. Зельдовичтің пікірінше, ойындар жаңа материалды игерудің және оқушылардың өзіне рефлекция жасаудың тиімді құралы бола алады.[7]
Белгілі бір өндірістік жағдайларға қатысуды модельдеуде ойын әрекеті оқушыларды ойлауға, алған білімдерін біріктіруге, шындыққа жақын белсенді оқу-ізденіс жұмыстарына итермелейді. Осылайша, бизнес-ойындарын қолдану теориялық және практикалық ережелердің зерттеу тәсілдемесін меңгеруді қалыптастыруға ықпал етеді. Іскерлік ойынға қатысушылардың ойын рөліне байланысты әртүрлі қызығушылықтары туындайды. Мысалы, біреуі бөлім маманы, ал екіншісі –бас директор. Келесі іскерлік ойында біреуі несие беруші, екіншісі несие алушы және т.б. рөлінде әрекет етеді, нәтижесінде қатысушылардың әрқайсысы бірдей іскерлік мәселелерді өзінің жеке позициясынан шешеді.
Сонымен бірге, адамдардың тұрмыстық іс-әрекетті алдын-ала анықтайтын объективті экономикалық заңдылықтардың әсерінен олар бір шешімге келіп, мәмлеге келуге мәжбүр. Мұның бәрі экономикалық пәндерді оқытудың кез-келген басқа әдістемелерге қарағанда оқушыларға экономикалық өзгерістердің мәнін түсінуге көмектеседі, тұрмыстық іс-әрекеттің оңтайлы экономикалық нұсқасын таңдауға бағытталған практикалық әрекеттерді жасауға ықпал етеді. 11- сынып тапсырмаларында бизнес-ойындар көрсетілмейді. Алайда, егер сабақ материалын бекіту үшін бизнес-ойын өткізу қажет болған жағдайда төменде келтірілген бизнес ойындарын пайдалануға болады. [4]
Ойындардың ұзақтығы әртүрлі: кейбіреулері бүкіл сабақ бойы созылады, ал, енді кейбіреудері бес минуттан да аспайды, сондықтан мұғалім оларды өз қалауы бойынша сабаққа ойын әрекетін ендіре алады немесе сыныптың дайындығына және оқушылардың санына байланысты ойын жүргізушіні, ойынның орны мен уақытын таңдауға немесе оқушыларға өз еркімен ойнауды ұсына алады.
Ұсынылған бизнес-ойындар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту процесінде мұғалімге әдістемелік көмек бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет