«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет57/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Комиссия шарты бойынша жауапкершілік. Негізінен аталған шарттарды орындамағаны үшін жауапкершілік міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін белгіленген азаматтық құқықтың жалпы нормаларына сәйкес туындайды. ҚР АК 873-бабында комиссионердің жауапкершілігі мстмапапмат ит мтуралы арнайы нормалар көзделген.

Комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің жоғалуына, кем шығуына немесе бүлінуіне ұшыратқан әрбір қателігі үшін комитент алдында жауап береді. Ол жалпы ереже бойынша комитенттің мүліктік құқықтарының бұзылуына алып келетін үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді.



Комиссия шартын орындауға байланысты комиссионерге берілген комитенттің мүлкін сақтандырмаған комиссионер бұл үшін, егер комитент оған мүлікті сақтандыруды тапсырған (комитент есебінен) немесе сақтандыру бойынша міндет (комиссионер есебінен) оған тараптардың келісімі бойынша жүктелген, не егер бұл мүлікті сақтандыру заң бойынша міндетті болған жағдайларда ғана жауапты болады.

Комиссия шартын тоқтату. Комиссия шартын тоқтату үшін де міндеттемелер мен шарттарды тоқтатуға қатысты азаматтық құқықтағы жалпы ережелер колданылады. Оларды тоқтатуға байланысты комиссия қатынастарының өзіне тән ерекшеліктері де бар. Мәселен, комиссия шартын біржақты түрде тоқтату мүмкіндігі туралы айтуға болады. Ол комитенттің тілегі бойынша тоқтатыла алады. Комитент комиссионерге берілген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.

Тапсырманың күшін жоя отырып клиент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер комитент бұл міндетті орындамаса, комиссионер не мүлікті сақтау үшін өткізуге, не оны комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құықлы. Комитенттің мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комиссионерге бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар (ҚР АК 880-6. 1-т).

Комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауға және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитентке осындай тоқтатуға орай өз құқықтарын қамтамасыз ету бойынша белгілі бір мүмкіндіктер беріледі. Комиссионердің тапсырманы орындаудан бас тартқандығы туралы хабардар етілген комитент, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, бас тартуды алған күннен бастап бір айдың ішінде комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Комитенттің өзі шарттан бас тартқан жағдайдағыдай, егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионер мүлікті сақтауға өткізуге не комитент үшін мүмкіндігінше тиімді бағамен сатуға құқылы.

Комиссионер комитенттің өз міндеттерін бұзуы салдарынан тапсырманы орындаудан бас тартқан жағдайда, ол комиссиялық сыйақыға, сондай-ақ шыққан шығындардың орнын толтыруға деген құқықты сақтап қалады. Комиссионер, комитент сияқты, мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комитенке бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Бұл жағдайда комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитент шарт тоқтатылған кезге дейін комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионердің не мүлікті сақтауға өткізуге, не комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құқығы бар. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарттан бас тартқан комиссионердің комиссиялық сыйақы алуға және шарт тоқтатылған кезде өзіне тиесілі шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Комиссия шартын тоқтатудың негіздерін талдаған кезде комиссионер міндеттемелерінің жеке сипаты байқалады. Комиссия міндеттемесі комиссионердің қайтыс болуы, оны әрекетке қабілетсіз хабар-ошарсыз кеткен немесе төлеуге шамасы жоқ банкрот деп тану салдарынан тоқтатылады. Комиссия шартын тоқтатуға, әрине, заңды тұлғаның таратылуы да алып келеді. Алайда, егер заңды тұлғаны қайта құру жолымен тарату туралы сөз болса, онда сірә, құқық мирасқорлығы орын алады. Бұл орайда заңды тұлға - комиссионер қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер қайта ұйымдастырудың болғаны туралы хабарламаса, оның кұқықтары мен міндеттері құқық мирасқорларына ауысады.

Комитент (жеке тұлға) қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға - комитент таратылған жағдайда комиссионер комитентің мұрагерлерінен немесе өкілдерінен тиісті нұсқаулар келіп түскенше өзіне берілген тапсырманы орындауды жалғастыруға міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет