«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет59/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   151
Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына қатысатындар:мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы, мүлікті басқаратын сенімгер басқарушы және пайдаланушы.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ретінде заттардың меншік иесі, сондай-ақ оларға деген өзге де заттық құқықтарды иеленуші, мысалы, жер пайдаланушы, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган бола алады.

Сенімгер басқарушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе құқықтарына қатысты сенімгерлікпен басқару құрылған өзге де субъектінің құқықтарын жүзеге асыратын субъект болып табылады. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады. Ягни, кәсіпкер де кәсіпкер емес те жеке тұлғалар, коммерциялык және коммерциялык емес заңды тұлғалар. Егер мүлікті басқару кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды талап етсе, онда аталған субъектілер кәсіпкерліктің көзделген режимін сақтауға міндетті болады. Сенімгер басқарушыны тағайындау қалай жүзеге асатынына (яғни шарт негізінде немесе шарт негізінде емес) қарамастан оның келісімі талап етіледі. Сенімгер басқарушысының келісімінсіз одан талап етілетін іс-әрекеттерді жасауға әрқашан да бір жақты емес екенін атап өткіміз келіп отыр.

Кейбір жағдайларда сенімгер басқарушы өзінің және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының арасында ерекше жеке сенімгерлік қатынастардың болуына байланысты тағайындалады. Бұл мысалға, өсиет алушыны тағайындау кезінде орын алуы мүмкін. Мұндай мотивация мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында да болуы мүмкін. Бірақ, шарт бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы мүлікті сенімгер басқарушының іскерлік қасиеттеріне арқа сүйейтіні жоққа шығарылмайды, сол кезде оның таңдауы осы субъектілер арасында жеке сенімгерлік қатынастардың болуымен шартталмайды.

Пайда алушы - мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын субъект (тұлға). Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам. Соның ішінде мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс пайда бола алады. Жалпы ереже бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару құқықтарды иеленуші де болып табылатындығы білдіріледі. Заң актілерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда пайда алушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысынан басқа да тұлға табылады. Бұл әрекетке қабілетсіз, бірқатар жағдайларда корғаншылық пен қамқоршылық органымен сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде орын алады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері. Кез келген мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару объектісі бола алады. Яғни ол жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (соның ішінде кәсіпорынның мүліктік кешендері жер учаскілері) тарала алады. Сенімгерлікпен басқару объектілері - заттар бір тектес және анықталған бола алады.

Сенімгерлікпен басқарудың объектісі ретінде мүліктік құқықтар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда олар әдетте, интеллектуалдық меншік объектілері жөнінде туындайтын абсолютті мүліктік құқықтар, жер пайдалану құқығы және т.б. болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруға өзге де мүліктік құқықтарды, соның ішінде жалға алу құқығын беру жоққа шығарылмайды. Салыстырмалы мүліктік құқықтарды беру іс жүзінде қиындатылған, өйткені салыстырмалы құқықтың өтуі борышта аудару мен талап етуді беру ережелері бойынша міндеттемелік қатынастар аясында жүзеге асырылуға тиіс және борышқор бір уақытта салыстырмалы мүліктік құқықты сенімгерлікпен басқаруға беруге ниеттенген тұлғаның несие берушісі де болып табылуы мүмкін. Бірақ салыстырмалы мүліктік құқықтар кәсіпорынның - мүліктік кешенінің құрамында да өтуі мүмкін.

Сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүлік өз алдына жеке есепке алынады. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті өзіне меншік құқығы шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде тиесілі мүліктен бөліп қоюға міндетті (бұл жерде дене тұрғысынан бөліп қою емес, бөлек есепке алу туралы сөз болып отыр).

Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында кіріс, өсім және т.б.түрінде сенімгер басқарушы иеленген және алынғандар сенім тапсырылған мүлік құрамына енгізіледі. Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Құрылтайшының банкроттығы орын алған кезде оның мүлкін сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгізіледі. Яғни бұл ерекшеліктер кәсіпкерлердің жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайларына қатысты болып шығады. Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру де кепіл ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан айырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет