«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқару



бет58/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151
12 тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқару
Мүлікті сенімгерлікпен баскару туралы жалпы ережелер. Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған.

Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажетгілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.

Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен баскару әлементтерінің болуымен күрделенген.

"Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерліклен басқару шарты" деген түсініктер бар. Біріншісі екіншісіне карағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды. Алайда мұндай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде қажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған.

Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұсқауына орай", яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның"' есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықтык реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.



Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда болуының құқықтық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құықтық жағадайда бірдей қалыптаса алағындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар.

Заңнамалык анықтама сенімгерлікпен басқарудың мазмұны толығымен қамтымаған. Сенімгер баскарушының өкілеттігі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыруға алып келмейді. Басқаша айтсақ, сенімгер басқарушы сенімгерлікпен басқаруға орай бұл өкілеттіктерді жүзеге асыра алмайды. Сенімгерлікпен басқару осы құқықтарды оның иесі үшін жүзеге асыруды білдіреді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі үшін оның құқықтарын, сондай-ақ мүліктің осы түрімен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды білдіретін жағдайлар орын алуы мүмкін (бұл мысалға, бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару кезінде орын алатын болады). Сенімгерлікпен басқарудың тағы бір ерекшелігі болып мүлікті қолайлы түрде басқаруды жүзеге асыру үшін сенімгер басқарушының бар күш-жігерін салуы табылады. Бұл, сенімгерлікпен басқару негізінен құқық иеленушісінде мүлікті тиімді түрде пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімдердің жетіспеушілігі немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен түсіндіріледі. Сенімгерлікпен басқару кезінде жалпы алғанда қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншік иесі немесе өзгенің құқығын иеленуші сенімгерлікпен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана белгілей алады. Дәл солар сенімгер басқарушы үшін белгілі бір сомада басшылыққа алатын нұсқау болады.

Жалпы, сенімгерлікпен басқаруды шарттан немесе заңнамамен көзделген өзге де негізден туындайтын құқықтық қатынастардың кешені (заттық, міндеттемелік, авторлық, абсолюттік және қатыстық) ретінде анықтауға болады. Аталған құқықтық қатынастар бір субъектінің құқықтарын басқа субъектімен өз атынан, бірақ біріншісінің мүдделері үшін жүзеге асыруға бағытталған. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару мыналардың негізінде пайда болады (құрылады):

1) мәміле, сенімгерлікпен басқару, бұл туралы екі және одан да көп тұлғалардың келісімі болатын, шарт бойынша және біржақты мәміле мәселен, өсиетті орындаушы (сенімгер басқарушы тағайындайдыған өсиет бойынша пайда болады;

2) сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне белгілеген кезде және заң актілерінде көзделген басқа да

жағдайларда);

3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген, кәсіпкер мемлекеттік қызметке кіргенде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет