«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет60/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенім-герлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Жоғарыда айтылғанға сүйенетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шарты бұл сенімгер басқарушы құқықтарының өзіне тән жиынтығын белгілеуге және сонымен қатар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының еркін ескеруге бағытталған салыстырмалы құқықтық қатынас. Сенімгерлікпен басқарудың мақсаты мүліктен кіріс алу, мүлікті ұлғайту немесе мүлікті тиісті күйінде ұстап тұру ғана болуы мүмкін.

Шарт, әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген тілекке сүйене отырып құрыла алады және іс жүзінде меншік иесінің немесе өзге құқық иесі құқықтарының барлык көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол аралас шарттық институттар – тапсырма шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруды әрқашанда көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, мүлікті қамқоршыға беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүлікті сақтау міндеті жүктеледі.

Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады. Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды иеленушінің атынан шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай-ақ, сенімгер басқарушы өз атынан іс-әрекет ететін шартты бекітуге болады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының аты-нан іс-әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген заттық құқықтар-дың пайда болуы туралы айтуға болмайды.

Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым- қатынастарына қарай сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін. Сыйақы мөлшері бұл орайда шарттың өзімен анықталуға тиіс. Өйткені мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке жағдайда әртүрлі болады. Алайда егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене отырып анықталатын болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты әдеттегідей бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі. Ал құқықтар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына тиесілі болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүлікті сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы қатысады. Сенімгерлікпен басқару шартының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып, ол үшін шарт еркіндігіне қатысты кейбір шектеулер көзделгені табылады.

Сенімгерлікпен басқару шарты үшінші тұлғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл туралы шарттың өзінде көрсетілуге тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының талап етілетін жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып келмейді. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады, яғни мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады. Кәсіпорынды сенімгерлікпен басқаруға беру шартын тіркеуге алу кезінде кейбір қиындықтар туындайды. Кәсіпорынның мүліктік кешені ретінде бөлінбейтіндігі туралы ұғым "бұзылады". Бұл кәсіпорын үшін арналған жер учаскесіне деген құқықтарды және кәсіпорынның қал-ған мүлкіне деген құқықтарды тіркеу әртүрлі органдарда жүзеге асы-рылатындығымен байланысты.

Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттың жазбаша нысанын сақтамау немесе мұндай шартты тіркеуте алмау оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының елеулі талаптарын анықтаған. Оған шарт пәні туралы талап жатады. Шарт пәні туралы талап сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамын көрсету арқылы аяқталуы тиіс. Бұл шарттың тағы бір елеулі талаптарының бірі болып оның әрекет етуі мерзімі туралы талап табылады. Сенімгерлікпен басқару әрқашан белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) мүддесі (пайдасы) үшін жүзеге асырылатын болғандықтан, олар персонафикациялануға тиіс және сенімгер басқарушы өзінің субъективтік міндеттерінің шектерін нақты білуге тиіс. Сол себептен шарттың елеулі талабы болып пайда алушы туралы талап табылады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы нұсқауларының қатаң шектерімен шектелмейді. Соның салдарынан мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгер бас-қарушының өз бақылауында болуына қатысты кез келген талап тілектері дұрыс негізге ие болуға және белгілі бір тәртіпте реттелуге тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет